Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттiк Қазiргi Заман Тарихының архивiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 3 тамыз 1992 ж. N 649

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Бас архив басқармасының оның жүйесiндегi бұрынғы республикалық және Алматы облыстық партия архивтерiнiң негiзiнде республикалық мемлекеттiк өкiмет пен басқару құрылымдарының, саяси, қоғамдық ұйымдардың, басқа да мекемелердiң құжаттарын қабылдау, сақтау және пайдалану үшiн Орталық мемлекеттiк қазiргi заман тарихының архивiн құру (ОМҚЗТА) жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Бас архив басқармасы бiр ай мерзiм iшiнде ОМҚЗТА жөнiнде ереже дайындап, бекiтетiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Бас архив басқармасына Қазақстан Республикасының ОМҚЗТА-сын ұстау үшiн 1992 жылдың 1 тамызынан бастап қажеттi қаражат бөлудi қарастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының экономика жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Материалдық-техникалық ресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Бас архив басқармасына ОМҚЗТА-ны ұстауға: үй-жайларын, күрделi жөндеуден өткiзуiн, жабдықтауға материалдар мен ресурстар қорын, сондай-ақ арнаулы мақсатта қолданылып бiр автокөлiк бөлудi

қарастырсын.                                              
     5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi комитетi 
ОМҚЗТА-ға бұрынғы республикалық және Алматы облыстық партия 
архивтерiнiң мекенжайы мен технологиялық жабдықтарын бөлу мәселесiн 
шешсiн.
     6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi ОМҚЗТА-ның 
күзетуiн қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады