Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 12 тамыз 1992 ж. N 670. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.06.30. N 993 қаулысымен. ~P000993

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппараты Iс басқармасының таратылған Өндiрiстiк бiрлестiгi негiзiнде Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы құрылсын.
      2. Шаруашылық басқармасына Аппарат қызметкерлерiне, Үкiмет мүшелерiне, облыстардың, Алматы мен Ленинск қалаларының әкiмдерiне және республикалық ұйымдардың басшыларына тұрғын үй-тұрмыстық және көлiк қызметiн көрсету, сондай-ақ ресми делегациялар мен шараларды қамту жүктелсiн.
      3. Шаруашылық басқармасына қарасты кәсiпорындар мен ұйымдардың тiзбесi N I қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасының орталық аппараты республикалық бюджетте мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға көзделген қаржының есебiнен қаржыландырылатын болып белгiленсiн.
      5. Шаруашылық басқармасының орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны - 57 адам болып белгiленсiн.
      6. Шаруашылық басқармасының орталық аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысының кестесi N 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн, оларға Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң Аппараты қызметкерлерi үшiн көзделген еңбекке ақы төлеудiң басқа да шарттары қолданылсын.
      7. Шаруашылық басқармасына. Бастықтың 4 орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын ұстауға рұқсат етiлсiн.
      8. Шаруашылық басқармасы орталық аппараты үшiн 8 жеңiл қызмет автомобилiне лимит белгiленсiн.
      9. Шаруашылық басқармасының бастығына Басқарманың құрылымы мен штат кестесiн бекiту хұқы берiлсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Шаруашылық басқармасының аппаратын ұстау үшiн қажеттi қаржыны қарастыратын болсын.
      11. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР Министрлер Советi Iс басқармасының Шаруашылық басқармасын тарату және Қазақ ССР Министрлер Советi Iс басқармасы жанында Өндiрiстiк бiрлестiк құру туралы" 1990 жылдың 23 ақпандағы N 69 және "Қазақ ССР Министрлер Советi Iс басқармасы жанындағы Өндiрiстiк бiрлестiктi Қазақ ССР Президентi Аппаратының Iс басқармасының Өндiрiстiк бiрлестiгi етiп қайта құру туралы" 1991 жылдың 13 ақпандағы N 100 қаулыларының күшi жойылған деп танылсын.
                Қазақстан Республикасының
                     Премьер-министрi
                                         Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 12 тамыздағы N 670 қаулысына N 1 қосымша


                Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер

               Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасына қарасты
                            кәсiпорындар мен ұйымдардың                    
            


                                Тiзiмi
     Құрылыс-монтаж басқармасы
     Жөндеу-құрылыс басқармасы
     Өндiрiстiк база 
     N 1 автошаруашылығы
     N 2 автошаруашылығы
     Материалдық-техникалық жабдықтау кәсiпорны
     Мейманхана шаруашылығының кәсiпорны
     "Алмалы" мейманханалар кешенi
     "Достық" мейманханасы /"Интеротель"/
     Боровской орман шаруашылығы
     Қарашеңгел мемаулаушаруашылығы
     "Алатау" совхозы
     "Панфилов" асыл тұқымды мал заводы
     Ателье
     Кинобейне қызмет көрсету дирекциясы
     "Горное солнце" пионер лагерi
     N 1, 212, 239 бала-бақшалары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады