Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын және жер мониторингiн жүргiзу тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 17 тамыз 1992 ж. N 683. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.09.17. N 1347 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын және жер мониторингiн жүргiзу тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      Мемлекеттiк жер кадастрын және жер мониторингiн жүргiзу жөнiндегi жұмысты Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жерге орналастыру қызметi республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi:
      а) мемлекеттiк жер кадастрын жетiлдiру және халық депутаттары Кеңестерiн, жергiлiктi әкiмшiлiктердi, мүдделi кәсiпорындарды, мекемелердi, ұйымдар мен азаматтарды жердiң хұқылық режимi, оларды категориялары, жарамдылығы бойынша, жер иеленушiлер мен жер пайдаланушыларға бөлу, жердiң сапалық сипаттамасы және халық шаруашылығы үшiн құндылығы туралы мәлiметтермен және құжаттармен қамтамасыз ету жөнiндегi қажеттi шараларды жүзеге асырсын;
      б) жер қорының жай-күйiндегi, оларға баға берудегi өзгерiстердi дер кезiнде анықтау, келеңсiз процестер салдарының алдын алу және оны жою үшiн жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Материалдық ресурстар министрлiгi Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң жерге орналастыру қызметiнiң мемлекеттiк жер кадастрын және жер мониторингiн жүргiзу, сондай-ақ жер мониторингiнiң кадастрлық құжаттамасы мен материалдарын басып шығару үшiн қажеттi материалдық-техникалық ресурстарға деген жыл сайынғы қажеттерiн мемлекет мұқтажы құрамында белгiленген тәртiппен ескеретiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қатысуымен 1992 жылғы 1 қазанға дейiн кадастрлық құжаттамаға кiретiн деректер құрамын, сондай-ақ республика аймақтары бойынша жер мониторингiн жүйелi түрде анықтауға жататын жер қоры жай-күйi сипаттамасының тiзбесiн және олардың көрiнiсi формаларын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң және Бас мемлекеттiк салық инспекциясының келiсiмiмен бекiтсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң, Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, басқа да мүдделi мемлекеттiк басқару органдарының қатысуымен 1992 жылы:
      мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу, пайдалануға жарамды жерлердi тақырыптық картаға түсiру, жерге экономикалық баға беру, топырақ, геоботаникалық және басқа тексеру мен iздестiру, иеленуге, пайдалануға және жалға берiлген жерлердi мемлекеттiк тiркеу жөнiнде қолданылып жүрген нұсқаулар мен әдiстеме мен қаулқаулылардыарды жер-кадастр құжаттамасына енгiзiлетiн деректер құрамына сәйкес келтiрсiн;
      жер мониторингiн жүргiзу жөнiндегi нұсқама-әдiстеме құжатты әзiрлесiн.
      6. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, республиканың мүдделi министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволары:
      мемлекеттiк жер кадастрына енгiзiлетiн деректердiң сенiмдiлiгiн жүйелi және дер кезiнде анықтау, жаңарту және арттыру үшiн пайдалануға болатын жердi қажеттi көлемге дейiн картаға түсiру, топырақ, геоботаникалық және басқа тексеру мен iздестiру жүргiзу жөнiндегi жұмыстың дамытылуын қамтамасыз етсiн;
      жер учаскелерiнiң иеленуге, пайдалануға және жалға берiлгенi үшiн төлем мөлшерiн белгiлеуге қажеттi жерге баға беру материалдарын жүйелi жаңартып отыруды ұйымдастырсын;
      республика аймақтары бойынша жоспарлы-картографиялық материалдардың жаңартылуы мен нақтылануының, топырақ, геоботаникалық және басқа тексеру мен iздестiрудiң, сондай-ақ жерге баға беру деректерiнiң кезеңдiк мерзiмiн белгiлесiн;
      халық депутаттары ауылдық, селолық және поселкелiк Кеңестерiн тиiстi материалдармен қамтамасыз ету мақсатында селолық елдi мекендер мен поселкелерде 1992-1995 жылдары қажеттi картографиялық және басқа жұмыстар жүргiзудi ұйымдастырсын.
      7. "СССР Министрлер Советiнiң "Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу тәртiбi туралы" 1977 жылғы 10 маусымдағы N 501 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1977 жылғы 18 шiлдедегi N 346 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
 
                Қазақстан Республикасының
                     Премьер-министрi
 

                                         Қазақстан Республикасы  



                                         Министрлер Кабинетiнiң

                                         1992 жылғы 17 тамыздағы

                                              N 683 қаулысымен

                                                Бекiтiлдi



 
 
                 Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер
                    кадастрын және жер мониторингiн
                          жүргiзу тәртiбi туралы
                                Ереже
      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастры және жер мониторингi Қазақстан Республикасы Жер кодексiне 179-183 баптарына сәйкес жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк жер кадастры жердiң хұқылық режимi, оларды жарамдылығына қарай жер иеленушiлерге, жер пайдаланушыларға, жер категорияларына бөлу жөнiндегi, жердiң сапалық сипаттамасы және халық шаруашылығы үшiн құндылығы туралы қажеттi мәлiметтер мен құжаттар жүйесiнен тұрады.
      Жер мониторингi дегенiмiз жердегi болып жатқан өзгерiстердi, оларға баға берудi дер кезiнде анықтау, келеңсiз процестер салдарының алдын алу және оны жою үшiн жер қорының жай=күйiн бақылау жүйесi болып табылады.
      2. Мемлекеттiк жер кадастры және жер мониторингi республика үшiн бiрыңғай жүйемен жүргiзiледi және топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа тексеру мен iздестiру iсiн жүргiзу, жер иелену мен жер пайдалануды тiркеу, жердi есепке алу және оған баға беру, эрозия, шiрiндiнiң жойылу, тұздану, қышқылдану, батпақтану, шектен тыс дымқылдану, су басу, шөлге айналу, қауiптi заттармен ластану, шектен тыс нығыздалу және басқа табиғи және жердiң сапалық жай-күйiндегi антропогендiк келеңсiз өзгерiстер процестерiнiң пайда болуын, сондай-ақ ауыл шаруашылығында пайдаланылған жерлердi олардың құнарлылығын сипаттайтын көрсеткiштер кешенi бойынша өңдеу дәрежесiнiң қарқынын бақылаудың жердегi жылжымалы, стационарлық және аралық (аэрокосмостық) әдiстер кешенiн пайдалану арқылы қамтамасыз етiледi.
      Жерлердi ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың тақырыптық картаға түсiруi және олардың жай-күйiн бақылауы Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бекiткен әдiстеме бойынша белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
      3. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      мемлекеттiк жер кадастры және жер мониторингi жүргiзiлуiне байланысты жер иеленудi, жер пайдалануды тiркеу, пайдаланылатын жердi картаға түсiру, топырақ, геоботаникалық, топографиялық-геодезиялық және басқа тексеру және iздестiру iсiн жүргiзу, жердiң жай-күйiн бақылау және басқа шаралар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың қатысуымен жер иеленудi және жер пайдалануды мемлекеттiк тiркеу, жерге баға беру, топырақ (топырақ-агрохимиялық және топырақ-мелиоративтiк тексеру мен iздестiрудi қоса), геоботаникалық және басқа тексеру мен iздестiру iсiн жүргiзу, пайдалануға жарамды жерлердi картаға түсiру, жердiң жай-күйiн жедел бақылау, сондай-ақ мемлекеттiк жер кадастрын және жер мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi жоспарлы-картографиялық материалдар жасау жөнiндегi әдiстеме нұсқаулар мен нұсқамаларды әзiрлеп бекiтедi. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiнiң жүргiзiлуiне байланысты мәселелер жөнiнде өз құзыры шегiнде шығарған әдiстеме нұсқаулар мен нұсқамалар барлық министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, сондай-ақ азаматтар үшiн мiндеттi болып табылады;
      жер кадастры құрамына қамтылған жер ресурстарының болуы, жай-күйi және оларға баға беру туралы ұзақ мерзiмдi және жедел ақпаратқа сұраным мен қажеттiктi жүйелi зерттеп отыруды жүзеге асырады, тұрақты түрде мемлекеттiк жер кадастрын және жер кадастрын жетiлдiруге, халық шаруашылық және табиғат қорғау қажеттерiнен туындайтын жағдайларға сәйкес оларға деректер енгiзуге шаралар қолданады;
      жер туралы деректердi жүйелеудi, зерттеудi және сақтауды, сондай-ақ жариялауға жататын мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiнiң материалдарын шығаруды қамтамасыз етедi.
      4. Жер-кадастр құжаттамасының нысандары:
      кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың иеленуiне, пайдалануына берiлген жердiң хұқылық режимiн, ауқымын, сапалық жай-күйi мен орналасқан алабын сипаттайтын құжаттар;
      халық депутаттары ауылдық, селолық, поселкелiк Кеңестерiнiң қарамағындағы жердiң мемлекеттiк жер-кадастр кiтабы;
      ауданның, қаланың (республикалық бағыныстағы қалалардан басқа) мемлекеттiк жер-кадастр кiтабы;
      облыстардың және республикалық бағыныстағы қалалардың мемлекеттiк жер кадастры;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жер кадастры.
      Жер-кадастр құжаттамасына картографиялық, тексеру және әкiмшiлiк-территориялық құрылымдардың шекарасы, жердiң хұқылық жағдайы, олардың көлемi, сапалық жай-күйi, жер иелену, жер пайдалану, елдi мекендер, әкiмшiлiк аудандар, облыстар және тұтас республика бойынша халық шаруашылығы үшiн құндылығы және өндiрiстiк қабiлетi туралы мәлiметтерi бар басқа да материалдар жатады.
      5. Кадастрлық деректердi анықтау және жаңарту мақсатында:
      а) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшылары және шаруа қожалығын жүргiзетiн азаматтар, халық депутаттары ауылдық, селолық, поселкелiк Кеңестердiң уәкiлеттi органдары, қалалардың (аудандық бағыныстағы қалалар) әкiмдерi тиiстi аудандардың (қала) әкiмдерiне осы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың иелiгiндегi және пайдалануындағы, сондай-ақ халық депутаттары ауылдық, селолық, поселкелiк Кеңестердiң қарамағындағы жерлердiң құрамында болып жатқан өзгерiстер туралы, қалалардың (аудандық бағыныстағы қалалар) әкiмдерi келесi есеп берген жылдан кейiнгi жылдардың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша жыл сайын белгiленген нысанда есеп бередi;
      б) мемлекеттiк жерге орналастыру органдары Қазақстан Республикасының облыстық, республикалық бағыныстағы аудандары, қалалары және облыстар бойынша бар жерлер, оның сапалық жай-күйi және пайдаланылуы туралы есеп берген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша есеп әзiрлеп, онда мыналарды қамтиды:
      жыл сайын - ауыл шаруашылығына пайдалануында бар (оның iшiнде жеке суармалы және құрғатылған жерлер) алаңдар және оларда болып жатқан өзгерiстер, оларды түрлерi бойынша, жер иеленушiлерге және жер пайдаланушыларға бөлу туралы мәлiметтер, сондай-ақ пайдаланылып және тиiмсiз пайдаланылып жүрген жерлердi алып қою және өткен жылы кәсiпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға ауыл шаруашылық емес мұқтаждары үшiн бөлiнген жерлер туралы мәлiметтер;
      5 жылда бiр рет - берiлген жерге төлем алу үшiн қажет мәлiметтер, қолда бар және жер туралы және оларды категориялары бойынша, пайдаланылатын жерлерге, жер иеленушiлерге, жер пайдаланушыларға бөлу, пайдаланылып жүрген алаңдардағы болып жатқан өзгерiстер, жерлердiң сапалық жай-күйi, оларға кадастрлық баға беру және территорияның игерiлуi туралы мәлiметтер.
      6. Осы Ереженiң 5-тармағына сәйкес жасалған қолда бар жерлер, олардың сапалық жай-күйi мен пайдаланылуы туралы есептердi;
      облыстық бағыныстағы аудан және қала бойынша - тиiстi аудан, қала әкiмдерi қарап, бекiтедi және есеп берген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан кешiктiрмей облыс әкiмiне бередi;
      республикалық бағыныстағы облыс және қала бойынша - тиiстi облыс, қала әкiмi қарап, бекiтедi және есеп берген жылдан кейiнгi жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне бередi.
      Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (облыстық және тұтас республика бойынша) қолда бар жерлер, олардың сапалық жай-күйi мен пайдаланылуы туралы жиынтық есептi есеп берген жылдан кейiнгi жылдың 20 наурызынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне, Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Статистика талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне бередi.
      7. Жер мониторингiнiң нәтижелерi текстiк және графикалық материалдар түрiнде ресiмделедi және жыл сайын қолда бар жерлер, олардың сапалық жай-күйi мен пайдаланылуы туралы есепке енгiзiледi.
      8. Халық депутаттары ауылдық, селолық, поселкелiк Кеңесiнiң қарамағындағы жердiң мемлекеттiк жер-кадастр кiтабындағы, ауданның, қаланың (республикалық бағыныстағы қалалардан басқа) мемлекеттiк жер-кадастр кiтабындағы мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн аталған жер-кадастр кiтабын жүргiзу жүктелген лауазымды адамдар, тиiстi халық депутаттары ауылдық, селолық, поселкелiк Кеңестiң төрағасы, аудан, қала (республикалық бағыныстағы қалалардан басқа) әкiмдерi жауап бередi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады