Мемлекеттiк материалдық резервтердi құру жөнiндегi есептеулер тәртiбi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 тамыз 1992 ж. N 686

      Мемлекеттiк резервтегi материалдар мен тауарларды жөнелту (салу) және жiберу барысындағы есептеу-төлем операцияларының күрделiлiгiн ескере келiп Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Материалдық резервтер жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Ұлттық мемлекеттiк банкiмен келiсiлген, мемлекеттiк және жұмылдырушылық резервтерiнiң материалдық игiлiктерiн несиелер ашпай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландыру туралы ұсынысы қабылдансын.
      Республиканың Қаржы министрлiгi республиканың Ұлттық мемлекеттiк банкiмен және Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетпен бiрлесiп мемлекеттiк резервтегi материалдар мен тауарларды есептеудiң тәртiбiн айқындасын және мемлекеттiк резервтегi материалдар мен тауарлар үшiн есептеу тәртiбi туралы тиiстi нұсқауды бекiтсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады