1. Жоғары және арнаулы оқу орындарына түлектердi жасалған шарт негiзiнде дербес бөлу хұқы берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне бағынысында жоғары және арнаулы орта оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволардың келiсуi бойынша әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру және жоғары оқу орындары мен техникумдарға қабылдаудың сандық көрсеткiштерiн белгiлеу, шартпен қамтылмаған жас мамандарды ведомствоаралық бөлудi жүргiзу үшiн республикада жоғары және арнаулы орта бiлiмдi мамандарға деген қосымша қажеттiлiктi анықтау тапсырылсын.
3. Қазақстан Республикасының жоғары және арнаулы оқу орындарының түлектерiн жұмысқа орналастыру және әлеуметтiк-хұқылық қорғалуы туралы Уақытша ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi
Қазақстан Республикасы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының түлектерi жұмысқа орналасуына, осы қаулымен бекiтiлген Уақытша ереженiң орындалуына, қолданылып жүрген заңдармен жас мамандарға белгiленген барлық хұқтар мен жеңiлдiктер сөзсiз берiлуiне қатаң бақылау қоятын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 25 тамыздағы N 704 қаулысымен Бекiтiлген Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының түлектерiн жұмысқа орналастыру және оларды әлеуметтiк-хұқылық қорғау туралы Уақытша ереже Осы Уақытша ереже Қазақ КСР-iнiң "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Бiлiм беру туралы" Заңына сәйкес әзiрленген. I. Жалпы ережелер
1. Осы Уақытша ереженi республиканың нарыққа өту кезеңiнде Қазақстан Республикасының бiлiм министрлiгi, Қазақстан Республикасының салалық министрлiктерi мен ведомстволары, оқу орындары жоғары және арнаулы орта оқу орындарының түлектерiн жұмысқа орналастыру және оларды әлеуметтiк-хұқылық қорғау мақсатында қолданады.
2. Жоғары және арнаулы орта оқу орындары түлектерiнiң өздерiнiң кәсiптiк даярлығына, бейiмдiлiгi мен қабiлетiне қарай шұғылданатын қызметi мен жұмыс орнын таңдауға хұқы бар. Оқу орындары кәсiпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен контракт немесе шарт жасасу негiзiнде даярлаған түлектер сол негiзде жұмысқа жiберiледi.
3. Жоғары, арнаулы орта оқу орнының дипломы мен жұмысқа жолдамасы бар түлектер үш жыл бойы жас маман болып есептеледi.
Жас мамандарды аттестаттау белгiленген тәртiп бойынша үш жыл жұмыс iстегеннен кейiн өткiзiледi.
4. Жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттердiң, оқушылар мен түлектердiң өтiнiшi бойынша халықты жұмыспен қамту жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң деректерiне сүйенiп, бос жұмыс орындары жөнiнде ақпарат бередi және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседi (бұл жұмыс бүкiл оқу кезеңiнде жүргiзiледi).
5. Жоғары және арнаулы орта оқу орнының түлектерiне жолдама беру мен жұмысқа орналастыру iсiн оқу орындарының комиссиясы жүзеге асырады, оның құрамына оқу орнының ректоры (директоры) немесе проректоры (директордың орынбасары, комиссияның төрағасы), түлектер кафедраларының, бөлiмдерiнiң меңгерушiлерi, Халықты жұмыспен қамту жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң, өздерiне мамандар даярланып жатқан кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң өкiлдерi кiредi.
II. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының
түлектерiн жұмысқа орналастыру
6. Оқу орнының, студенттiң, оқушының, түлектiң және меншiк нысанына қарамастан кәсiпорынның, мекеменiң, ұйымның өзара қарым-қатынастары мен жауапкершiлiгi маманды даярлау жөнiндегi келiсiм бойынша реттеледi және бұл келiсiм түлектiң жұмысқа орналасуына кепiлдiк бередi. Жұмысқа өзi орналасу немесе халықты жұмыспен қамту жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң көмегi арқылы орналасу балама түрi болып саналады.
Шартта тараптардың мынадай мiндеттемелерi көзделедi:
мамандар даярлау сапасы мен деңгейi жөнiнде - оқу орнының;
оқу орнын ойдағыдай бiтiрiп, жеке шартта белгiленген мерзiмде жұмысқа кiрiсу жөнiнде - түлектiң;
жас маманды оның бiлiктiлiгiне, кәсiптiк даярлығына сәйкес жұмыспен, сондай-ақ маманды даярлауға байланысты шығындарды оқу орнымен жасасқан келiсiм негiзiнде ақы төлеудiң белгiленген мөлшерiне сәйкес оқу орнына қайтара отырып, тұрғын үймен және басқа әлеуметтiк қызмет түрлерiмен қамтамасыз ету жөнiнде - кәсiпорынның, ұйым мен мекеменiң.
Тараптардың жауапкершiлiгi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шартта белгiленедi. Шарт бойынша дау-шарлар сот тәртiбiмен қаралады.
7. Жоғары және арнаулы орта оқу орындары түлектерiнiң, студенттер мен оқушылардың жұмысқа орналасуына оқу орнының тиiстi қызметi (бөлiмi), салалық министрлiктер, жергiлiктi мемлекеттiк өкiмет орындарының басшылары көмек көрсетедi.
8. Студенттiң, оқушының өтiнiшi бойынша өздiгiнен жұмысқа орналасу хұқын оқу орнының комиссиясы былайша бередi:
егер түлектер бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер болса немесе ата-анасының бiреуi жұбайы (зайыбы) аталған мүгедек категориясына жатса;
оқу орнын аяқтар кезде жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi баласы бар аналарға немесе әкелерге;
оқу орнын бiр мезгiлде бiтiрушi ерлi-зайыптыларға жұмыс бiр қаладағы, бiр аудандағы кәсiпорыннан, мекемеден, ұйымнан берiледi; егер ерлi-зайыптылардың бiреуi оқу орнын ертерек бiтiрiп, шарт бойынша жұмысқа жiберiлсе, екiншiсiне де жұмыс сол қалада, ауданда берiледi, ал егер ондай мүмкiндiк болмаса, онда өздiгiнен жұмысқа орналасу хұқы берiледi.
9. Оқу орнының қызметi (бөлiмi) түлектер кафедраларының, бөлiмдерiнiң, студенттiк ұйымдардың белсене араласуымен төмендегi мiндеттердi атқарады:
студенттер мен оқушылардың меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен жасасқан жекедара шарттарын ресiмдейдi;
студенттер мен оқушылардың жеке ерекшелiктерi мен даярлық деңгейiн анықтау мақсатында тест жүргiзедi және кәсiптiк даярлығы мен оқу орнын аяқтағаннан кейiн шұғылданғаны жөн болатын жұмыс туралы ұсыныс бередi;
халықты жұмыспен қамту қызметiмен, кәсiпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен, министрлiктермен, ведомстволармен, қауымдастықтармен және концерндермен тығыз байланыста жұмыс iстейдi;
уақытша жұмыс iздестiру жөнiнде студенттер мен оқушыларға жәрдемдеседi;
мүдделi жұмыс берушiлермен бiрлесiп мақсатты даярлау туралы шарттар жасаспаған түлектердi таныстыруды ұйымдастырып, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседi;
кадрлар даярлау туралы жасалған шарттардың орындалуын есепке алып, бақылайды;
түлектермен байланыс жасап тұрады, олардың еңбек қызметiн зерттеу жұмысын ұйымдастыруға қатысады;
еңбек нарығының конъюнктурасына талдау жасап, мамандар даярлаудың мөлшерiн, құрылымы мен сапасын өзгерту жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
жұмысқа жiберiлгенi туралы куәлiк, өз бетiнше жұмысқа орналасу мүмкiндiгi берiлгенi туралы анықтама (N 1, 2 қосымшалар) бередi.
III. Әлеуметтiк кепiлдiктер мен өтемдер
10. Жас мамандарға оқу орнын бiтiргеннен кейiн ұзақтығы бiр күнтiзбе айға демалыс берiледi. Демалыс кезi үшiн оларға айлық стипендия мөлшерiнде жәрдем төленедi.
Оқу орнының түлектерiне бiржолғы жәрдем берiлiп, жол жүру және жүктi тасымалдау құны, өзiмен бiрге көшiп келетiн отбасы мүшелерiнiң шығыны, жолда жүрген уақыты үшiн тәулiктiк төлем жұмысқа жiберiлген кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер есебiнен төленедi.
Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының жұмысқа өз бетiнше орналасу мүмкiндiгiн алған түлектерiне демалыс кезi үшiн жәрдем оқу орны есебiнен төленедi.
11. Оқу орнын бiтiрген жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оқу кезiнде мемлекет толық қамтамасыз еткен балаларға оқу орындары жұмысқа жiберген кезде бекiтiлген нормативтерге сәйкес белгiленген тiзбедегi киiмдi, аяқ киiмдi, жұмсақ мүкәммал мен жабдықтарды сатып алу үшiн ақшадай жәрдем бередi. Оларды жұмысқа қабылдаған кәсiпорындар, ұйымдар өз қаржылары есебiнен 5 орташа айлық жалақы мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек бередi.
Ескерту. 11-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң
1995.03.31 N 376 қаулысы бойынша.
12. Оқу орындарының жүктi болуына немесе бала тууына байланысты демалыста жүрген немесе 3 жасқа толмаған балалары бар түлектерiне олардың өтiнiшi бойынша заңда белгiленген тәртiппен оқу мерзiмiн ұзарта отырып, жәрдем төленетiн демалыс берiледi.
13. Жас мамандар некеге комиссия жұмысы аяқталғаннан кейiн тұрған жағдайда ерлi-зайыптылардың жұмыс орнын-кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында оларға жұмыс берiп отырған министрлiктер мен ведомстволар арасындағы уағдаластық бойынша, ал келiспеушiлiктер болған ретте-қарамағында оқу орны бар министрлiк немесе ведомство жас мамандарды неғұрлым орынды пайдалануды мақсат тұта отырып белгiлейдi.
14. Жүктi, емiзетiн немесе 3 жасқа толмаған баласы бар жас маман аналарға жұмыс олардың өтiнiшi бойынша отбасы (күйеуi, ата-анасы) тұрақты тұратын жерде берiледi.
15. Зейнеткер, мүгедек ата-анасы бар жас мамандарға, отбасында еңбекке жарамды басқа адамы болмаған жағдайда, олардың өтiнiшi ескерiлiп, ата-анасының тұрақты тұратын жерiнен жұмыс берiледi.
16. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Ұлттық хауiпсiздiк комитетi мен Iшкi iстер министрлiгi органдарының офицер құрамдағы әскери қызметшiлерiнiң, сондай-ақ мерзiмнен тыс қызметтiң прапорщиктерiнiң, мичмандары мен әскери қызметшiлерiнiң жас маман әйелдерiне (күйеулерiне) мамандығы бойынша iстейтiн жұмыс болған жағдайда олардың күйеуi (әйелi) тұрақты қызмет өткерiп жүрген жерде жұмыс берiледi.
Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң жұбайларына, сондай-ақ әскери училищелердiң курсанттарына Ереженiң осы тармағы қолданылмайды.
17. Басқа жерге жұмысқа жiберiлген жас мамандар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi келгеннен кейiн тұрғын жаймен кезектен тыс қамтамасыз етiлiп, оны пайдалану жөнiнде тұрғын үй жалдау шарты жасалады. Жатақханадағы орын (отбасына арналған бөлме) немесе жалға алынған үй жас маман мен оның отбасы мүшелерiн тұрғын алаңмен қамтамасыз етудiң уақытша шарасы болып табылады. Егер жас мамандар оқу орнына түскенге дейiн жатақханада немесе жалға алған тұрғын алаңда болса, бұрынғы тұрған жерiне жұмысқа жiберiлген жас мамандар тұрғын алаңмен осындай тәртiп бойынша қамтамасыз етiледi. Барған жерiнде жұмысқа жiберу туралы куәлiкте көрсетiлген тұрғын алаңмен нендей бiр себеппен қамтамасыз етiлмеген жас мамандар бұрынғы кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде жұмыс iстеп жүрсе, сол кәсiпорындағы, ұйымдағы, мекемедегi жұмыс мерзiмiне қарамастан тұрғын алаңды кезектен тыс алу хұқын сақтайды.
18. Кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшылары тұрғын үйге мұқтаж жас мамандардың оны сатып алуына немесе салуға арналған ұзақ мерзiмдi несие алуына жәрдем көрсетедi.
19. Оқу орындарын үздiк бiтiрген барлық түлектерге неғұрлым жоғары айлық лауазымдық жалақы схемасы шегiнде белгiленiп, аттестаттау комиссиясының шешiмiне сәйкес лауазымдық жалақы бiрiншi рет өзгертiлгенге дейiн сақталады.
20. Жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарын бiтiрiп, белгiленген тәртiп бойынша сол кәсiпорынға, ұйымға, мекемеге жiберiлген жас мамандарды кәсiпорын, ұйым, мекеме жұмысқа алудан бас тартқан жағдайда жас мамандардың негiзсiз бас тартуға
сот тәртiбiмен шағым жасауға хұқы бар. 21. Жұмысқа өз бетiнше немесе халықты жұмыспен қамту жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң жолдамасымен орналасып, мамандығы бойынша жұмысқа қабылданған түлектерге жұмысқа жiберiлгенi туралы куәлiк тапсырылып, жас маманның хұқы берiледi. (22-тармақ) <*> Ескерту. 22-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.04.07. N 424 қаулысымен. Жоғары және арнаулы орта оқу орындарының түлектерiн жұмысқа орналастыру және оларды әлеуметтiк-хұқылық қорғау туралы Уақытша ережеге N 1, 2 қосымшалар