Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының территориясында әскери қызметшiлердi және әскери қызметтен босаған адамдарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi шаралар туралы" 1992 жылғы 16 наурыздағы N 674 жарлығын жүзеге асыру туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 2 қыркүйек N 726. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.25. N 1620 қаулысымен. ~P961620
1. Әскери қызметшiлерге төленетiн ақшалай сыйақы қызметiнiң айрықша жағдайы үшiн штаттағы лауазымдық жалақысының - 30 процентiне дейiнгi, класты бiлiктiлiгi (бiлiктiлiк санаты) үшiн әскери қызметшiлер санатына және берiлген кластылығына (бiлiктiлiк санатына) қарай - 10 процентiне дейiнгi мөлшерде белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне әскери бөлiмдердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң, әскери оқу орындарының жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң тарифтiк айлықтары мен лауазымды жалақыларын 1992 жылдың 1 мамырынан бастап орта есеппен 100 процентке өсiруiне рұқсат берiлсiн. Жалақыны өсiру 1992 жылдың 1 қаңтарында қолданылған айлық пен жалақының мөлшерi негiзге алынып жүргiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiне Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, республиканың Қорғаныс министрлiгiне ғана тән дағдылы емес лауазымдар бойынша лауазымдық жалақы белгiлеу хұқығы берiлсiн.
3. Жергiлiктi әкiмдер:
әскери қызметшiлердiң жекелеген санаттарына (Жарлықтың 3 тармағы) өздерi және өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi тұрып жатқан мемлекеттiк және ведомстволық тұрғын үй қорының үйлерiндегi тұрғын алаңы мен коммуналдық қызмет үшiн 50 процент мөлшерiнде ақы төлеуге жеңiлдiк берсiн. Шығындардың бұл бөлiгi жергiлiктi бюджеттiң есебiне жатқызылсын;
осы Жарлықтың 3 тармағының әскери қызметшiлердi тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiндегi бөлегiнiң орындау барысы туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне 1992 жылғы 20 қазанға дейiн баяндайтын болсын.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрге тұрғын үйлерiн жекешелендiруге тиым салынған жабық (оқшау) әскери қалашықтардың тiзбесiн анықтап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге табыс етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
қызметтiң айрықша жағдайлары мен класты бiлiктiлiгi үшiн төленетiн ақшалай үлестiң қосымша түрлерiн төлеуге;
жеке тұрғын үй салуға өтеусiз қаржыдай көмек көрсетуге қосымша қаржы көздерiн iздестiрсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне:
ақшалай үлестiң қосымша түрлерiн төлеу үшiн қызмет жағдайы айрықша лауазымдардың және класты бiлiктiлiк (кластылығы) берiлетiн лауазымдардың тiзбесiн анықтасын;
әскери қызметшiлерге тұрғын үй сатып алуға өтеусiз қаржыдай көмек көрсетудiң және осы мақсатқа бөлiнген қаржының нысаналы жұмсалуын бақылау тәртiбiн әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Ұлттық мемлекеттiк банкiсiмен және Мемэкономкомымен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз