Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар Министрлiгi жанынан радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы <*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 16 қазан N 875. Қаулының атауы мен мәтiнiндегi "Байланыс министрлiгi" сөздерi "Көлiк және коммуникациялар" сөздерiмен алмастырылған - ҚРМК-нiң 1995 ж. 12 қаңтардағы N 42 қаулысымен. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.10.15. N 1266 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанынан радиожиiлiктер спектрiн бөлу және пайдалану, сондай-ақ радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк сәйкестiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды iске асыруға Радиожиiлiктер спектрi жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның жұмыс аппараты құрамының шектi саны 10 адам болып бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi

жанындағы Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның жұмыс 
аппаратын ұстауға жылына 900 мың сом қаржы белгiленсiн.
     4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 
жанындағы Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы қоса 
берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
                                             
         Қазақстан Республикасының 
             Премьер-министрi
                                                Қазақстан Республикасы
                                                Министрлер Кабинетiнiң
                                               1992 жылғы 16 қазандағы
                                                  N 875 қаулысымен
                                                    Бекiтiлген

         Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгi
        жанындағы Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк
                    комиссия туралы
                       Е Р Е Ж Е


      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанындағы Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия <*> радиожиiлiк спектрiн бөлу мен пайдалану және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк сәйкестiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
      * Сiлтеме. Бұдан әрi тексте - Радиожиiлiктер жөнiндегi комиссия делiнедi.
      2. Радиожиiлiктер жөнiндегi комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi, Халықаралық электробайланыс конвенциясын, Радиобайланыс регламентiн, Халықаралық электробайланыс одағының жетекшi құжаттарын басшылыққа алады. <*>
      Ескерту. 2-тармақ сөздермен толықтырылған - ҚРМК-нiң 1995 ж. 12 қаңтардағы N 42 қаулысымен.
      3. Радиожиiлiктер жөнiндегi комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар:
      радиоэлектрондық техниканың даму бағыты негiзiнде радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану саласындағы ұзақ мерзiмдi саясатты жасау; <*>
      Ескерту. Үшiншi, төртiншi, бесiншi және оныншы абзацтары алынып
               тасталған - ҚРМК-нiң 1995 ж. 12 қаңтардағы N 42
               қаулысымен.
      әр түрлi радиоэлектрондық құралдардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануының ұзақ мерзiмдi жоспарын және Қазақстан Республикасының радио қызметi мекемелерi арасында Радиожиiлiк алабын бөлу кестесiн жасау;
      Қазақстан Республикасының қарауындағы спутниктiк жүйелер (желiлер) үшiн Жердiң жасанды серiгiнiң тұру орбиталары мен нүктелерiн (учаскелерiн), пайдаланатын радиожиiлiктер алаптарын бөлудi және пайдалануды жоспарлау;
      әр түрлi иелiктегi радиоэлектрондық құралдарды Қазақстан Республикасы аумағында пайдалануға олардың электромагниттiк сәйкестiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi радио қызметтерiнiң өзара iс-қимылдарын ұйымдастыру;
      радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк сәйкестiгi мәселелерiн шешуге қажеттi Ақпаратты пайдалану мен жинаудың бiрыңғай жүйесiн дамыту жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
      радиожиiлiк спектрiн пайдалану тәртiбiнiң сақталуына бақылау жасау;
      Қазақстан Республикасының радиоэлектрондық құралдарына жиiлiктердi тағайындауды халықаралық-праволық қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-әрекеттердi үйлестiру, соның iшiнде Халықаралық электрбайланыс одағында жиiлiктер тағайындауды үлестiру мен тiркеу жұмыстарын ұйымдастыру және оған қатысу;
      мәлiметтердi есептеудiң, радиожиiлiк спектрiн және қазiргi радиоқабылдауды пайдалануды басқару процесiн автоматтандырудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құру;
      шектеулi ресурс болып табылатын радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру;
      радиобайланыс жүйелерiнде қажеттiлiктi қанағаттандыру мақсатында Халықаралық регламентке сәйкес радиожиiлiк спектрiн конверсиялауды ұйымдастыру;
      барлық мүдделi заңды тұлғалардың және шет елдiктердi қоса алғанда азаматтардың радиожиiлiктiң жекелеген алаптарын /номиналдарын/ осы Ережемен айқындалған шеңберде Қазақстан Республикасының үкiмет байланысын, қауiпсiздiгiн және талабын қажетiнше әрi жеткiлiктi қанағаттандырған жағдайда пайдалануына жол берiлуiн қамтамасыз ету; <*>
      Ескерту. 3-тармақ жаңа абзацтармен толықтырылған - ҚРМК-нiң
               1995 ж. 12 қаңтардағы N 42 қаулысымен.
      4. Радиожиiлiктер жөнiндегi комиссия:
      (екiншi абзац) <*> ;
      ақпаратты белсендi қорғаудың құралдары мен жүйелерiне және жалпы бағыттағы ақпараттық құралдарға олардың басқа радиоэлектрондық құралдармен электромагниттiк сәйкестiгi тұрғысынан қойылатын жалпы талаптарды үйлестiрiп отырады;
      Халықаралық электрбайланыс одағының және оның органдарының радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану мәселесi жөнiндегi конференциялары мен жиналыстарын дайындауды және оларға қатысуды ұйымдастырады және олардың шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi.
      Ескерту. 4-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталған - ҚРМК-нiң
               1995 ж. 12 қаңтардағы N 42 қаулысымен.
      5. Радиожиiлiктер жөнiндегi комиссия мыналарға хұқылы:
      көпшiлiк қолданатын радиоэлектрондық құралдардың ГОСТ-ы жоқ жекелеген түрлерiн жобалау, өндiру және шет елдерден сатып алу үшiн типтiк талаптарды, негiзгi техникалық сипаттамаларды (нормаларды) анықтау, сондай-ақ радиоэлектрондық құралдардың барлық турлерi үшiн радиожиiлiк алаптардың (номиналдардың) бөлiнуi туралы шешiм қабылдау; <*>
      радиожиiлiктердi пайдаланудың белгiленген тәртiбi бұзылған жағдайда оларды Қазақстан Республикасы аумағында пайдалануға тыйым салуға (шектеуге);
      радио толқынын тарату және қабылдау нормаларын немесе рұқсат етiлген индустриялық радиотосқауыл нормаларын қанағаттандырмайтын радиоэлектрондық құралдардың, электр жабдықтарының және басқа техникалық құралдардың жобалануы мен өндiрiлуiн тоқтатуға немесе оларға тыйым салуға;
      радиоэлектрондық құралдарды пайдаланушылардан Комиссия құзырына қатысты мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты сұрауға;
      Комиссия қарауындағы техникалық сараптауды, консультацияларды өткiзуге және басқа мәселелердi әзiрлеуге уағдаластық негiзiнде ғылыми-зерттеу мекемелерiн және оқу орындарын тартуға;
      радиожиiлiктер спектрiн бөлу мен пайдалану жөнiндегi арнаулы мәселелердi шешуге байланысты ұсыныстарды әзiрлеу және қарастыру үшiн мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып, комиссияларға немесе жұмыс топтарына тұрақты негiзде немесе уақытша мамандарды тартуға хұқылы.
      Ескерту. 5-тармақтың екiншi абзацы жаңа редакциясында берiлген -
               ҚРМК-нiң 1995 ж. 12 қаңтардағы N 42 қаулысына
               сәйкес.
      6. Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясын Комиссия төрағасы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi басқарады. Комиссия төрағасы орынбасарларының бiреуi лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Байланыс департаментiнiң директоры болып табылады, екiншiсi комиссияның төрағалығына тағайындалады; Комиссияның мүшелерi: Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң, Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық хауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң, "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясының, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы ақпарат қорғау жөнiндегi Мемлекеттiк техникалық комиссиясының, Радиоэлектроника және байланыс жөнiндегi ұлттық орталықтың, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының Ионосфера институтының, Ұлттық аэроғарыш агенттiгiнiң басшы қызметкерлерi болып табылады; <*>
      Радиожиiлiктер жөнiндегi комиссияның шешiмi бойынша оның құрамына Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдарының өкiлдерi, сондай-ақ радиоэлектрондық құралдарды әзiрлеушi және пайдаланушы кәсiпорындар мен мекемелердiң басшылары (олардың орынбасарлары) енгiзiлуi мүмкiн.
     Ескерту. 6-тармақтың бiрiншi абзацы жаңа редакцияда берiлген -
              ҚРМК-нiң 1995 ж. 12 қаңтардағы N 42 қаулысына сәйкес.
     (7-тармақ) <*> .
     Ескерту. 7-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 1995 ж. 12 қаңтардағы
              N 42 қаулысымен.
      8. Радиожиiлiктер жөнiндегi комиссияның радиожиiлiктердi бөлу және пайдалану саласындағы шешiмдерi Қазақстан аумағында радиоэлектрондық жүйелер мен құралдарды әзiрлеуге, өндiруге (iске асыруға) және пайдалануға қатысы бар барлық заңды ұйымдар мен жеке адамдар үшiн мiндеттi.
      9. Радиожиiлiктер жөнiндегi комиссияның мәжiлiсi оған комиссия мүшелерiнiң жартысынан астамы қатысқанда ғана заңды деп саналады. Комиссия шешiмi ашық дауысқа салу арқылы қабылданады және мәжiлiске қатысушы Комиссия мүшелерiнiң жартысынан көбi қолдап дауыс бергенде ғана қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелерiнiң дауыс саны тең болған жағдайда оның төрағасының дауысы шешушi болады.
      10. Радиожиiлiк жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның төрағасы:
      комиссияның қызметiн басқарады және оған жүктелген мiндеттердiң орындалуына жеке жауап бередi;
      бекiтiлген қызметкерлер саны және еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде Комиссия аппаратының құрылымын бекiтедi;
      Комиссия аппаратындағы жетекшi қызметкерлердi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      өз орынбасарларының жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi.
      11. Радиожиiлiк жөнiндегi комиссияның қызметiн қаржыландыру республика бюджетiне көрсетiлген мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға бөлiнген қаржы есебiнен, оның iшiнде еркiн айналымдағы валюта есебiнен жүзеге асырылады. Комиссия аппараты қызметкерлерiн қаржыландыруды, оларға әкiмшiлiк-шаруашылық, транспорттық, медициналық қызмет көрсетудi Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгi жүзеге асырады.
      12. Радиожиiлiктер жөнiндегi комиссияның Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы, қазақ және орыс тiлдерiнде өзiнiң аты жазылған мөрi болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады