Каспий теңiзi жағалауының су басу мен су жайылу қаупi төнген аймағындағы тұрақты шаруашылық қызметтi және халықты қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 қазан 1992 ж. N 925

      Каспий теңiзi жағалауының су басу мен су жайылу қаупi төнген аймағындағы тұрақты шаруашылық қызметтi және халықты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Каспий теңiзi деңгейiнiң көтерiлуiнен қорғау төтенше маңызды проблема деп танылсын. Оның су басу мен су жайылу аймағындағы тұрақты шаруашылық қызметтi және халықты қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар Каспий теңiзiндегi трансагрессия кезеңiнде Қазақстан Республикасының ең басты әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiнiң бiрi деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсiлген Атырау және Маңғыстау облыстық әкiмшiлiктерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджет қаржыларының, сондай-ақ тиiстi бiрлестiктер, кәсiпорындар және ұйымдар қаржыларының есебiнен жылдық ниет бiлдiруi негiзiнде Каспий өңiрiнiң тұрақты шаруашылық қызметiн және халықты қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi практикалық шараларға қаржы туралы ұсынысы қабылдансын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi белгiленген тәртiппен Министрлiкке республикалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыруға бөлiнген қаржы шегiнде, Каспий теңiзiнiң проблемалары жөнiндегi республикалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыруды қарастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгiне, оны Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының ғылыми зерттеулердi жүргiзу және жинақтау жөнiндегi бас ұйымдастырушы етiп белгiлей отырып, халықаралық деңгейдегi жұмыстарды қоса, Каспий теңiзiнiң проблемалары бойынша ғылыми зерттеулердi үйлестiру және iске асыру;
      Қазақстан Республикасының Сәулет және құрылыс жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне су басқан және су астында қалуға тап болған Каспий теңiзiнiң жағалау аймағы үшiн жаңа құрылыс саясатын әзiрлеп, iске асыру;
      Қазақстан Республикасының су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне, халықаралық келiсiмдер жөнiндегi практикалық жұмыстарды үйлестiрудi қоса, гидротехникалық қорғаныс құрылыстарын жобалау және салу, iрi ауқымды қорғаныс шараларын әзiрлеу;
      Атырау және Маңғыстау облыстарының әкiмдерiне, сондай-ақ Каспий теңiзi деңгейiнiң көтерiлуiнен қорғау проблемаларын шешуге қатысатын министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың бiрiншi басшыларына Каспий теңiзiнiң жағалау аймағында тұрақты шаруашылық қызметтi және халықты қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi практикалық шараларды тiкелей ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Каспий теңiзiнiң проблемалары бойынша шаралар кешенiнiң орындалуын жалпы бақылау жөнiндегi мiндеттер жүктелсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1031 қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң: <*>
      Каспий теңiзiнiң проблемалары бойынша техникалық-экономикалық баяндама әзiрлеу үшiн уақытша шығармашылық жобалау-iздестiру ұжымын құрудың дұрыстығы;
      жобалау-iздестiру ұжымының жұмысын Каспий теңiзi деңгейiнiң көтерiлуiнен туындаған халық шаруашылығы объектiлерiн және елдi мекендердi су астында қалудан қорғау жөнiндегi бiрiншi кезектi шараларды жүзеге асыру үшiн Атырау және Маңғыстау облыстарының әкiмдерiне бөлген қаражат есебiнен қаржыландыру туралы ұсынысы қабылдансын.

     Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк 
комитетi уақытша шығармашылық ұжымының құрамына ғалымдар мен 
мамандарды iрiктеу туралы мәселенi бiр ай мерзiмде шешсiн және Каспий 
теңiзiнiң проблемалары жөнiндегi техникалық-экономикалық баяндаманы 
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне 1993 жылдың I 
тоқсанында тапсыруды қамтамасыз етсiн.
     ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
              N 1031 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады