Ақталған азаматтар шеккен зиянды өтеу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 4 қараша N 933. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993.09.09. N 854 қаулысымен.
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Түсініктемелер
- Басқа
1. Ақталған азаматтардың (немесе олардың мұрагерлерiнiң) тәргiленген ақшалай сомаларға, бағалы қағаздарға (чектерге) қатысты шеккен зиянының сомаларын анықтаған кезде, 1947 жылғы ақша реформасы және 1961 жылғы баға ауқымының өзгеруi ескерiлiп, сондай-ақ айналысқа түскен күнi белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң 1961 жылғы ең төменгi жалақы деңгейiне арақатынасы ретiнде анықталатын 60 сом мөлшерiндегi индекстеу коэффициентi қабылданатын болып белгiленсiн.
2. Тәргiленген ақшалай сомалар мен бағалы қағаздарға қатысты зиянды өтеудiң белгiленген тәртiбi ақталған азаматтарға (немесе олардың мұрагерлерiне) олардың өтiнiш бiлдiрген уақытына қарамастан төлем жасалмаған сомалар бойынша қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз