Коньки спортынан Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жүлдесi үшiн дәстүрлi жарыстар өткiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 қараша 1992 ж. N 965. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.03. N 810 қаулысымен

      Республикамызда коньки спортын одан әрi дамыту, оның халықаралық ауқымдағы жетiстiктерiн бекемдей түсу, спорттық-техникалық нәтижелерiнiң өсуiн ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Туризм, дене тәрбиесi және спорт министрлiгiнiң коньки спортынан жыл сайын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жүлдесi үшiн дәстүрлi жарыс өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жүлдесi үшiн жарысқа қатысушыларды наградтауға, ерлер мен әйелдер арасындағы классикалық және спринтерлiк көпсайыс бойынша алғашқы жүлделi үш орынға ие болғандарға кубоктар, бағалы сыйлықтар және: 
      1-орынға - 10 /он/ мың теңге 
      2-орынға - 7 /жетi/ мың теңге 
      3-орынға - 5 /бес/ мың теңге 
      ал ерлер мен әйелдер арасындағы жеке қашықтықтарда бiрiншi орын үшiн - 5 /бес/ мың теңге мөлшерiнде ақшалай сыйлықтар тағайындалсын.<*> 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жарыс жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiне ақшалай сыйлық төлеу жөнiндегi жыл сайынғы шығыстарды Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне спорттық-бұқаралық шаралар өткiзу үшiн көзделген бюджет қаражаты шегiнде жүргiзетiн болсын. <*> 
       Ескерту. 2,3 тармақтары жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң 
30.12.1994 ж. N 1493 қаулысына сәйкес. 
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi коньки спортынан жарыс жүлдегерлерiн наградтау үшiн жыл сайын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң резервтiк қорынан жүлделер мен бағалы сыйлықтар алу үшiн қаржы бөлсiн.
      5. "Қазақ ССР Министрлер Советiнiң жүлдесi үшiн коньки жарысы жеңiмпаздарына сыйлық беру туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1955 жылғы 14 қаңтардағы N 17 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.  

      Қазақстан Республикасы
     Премьер-министрiнiң
     бiрiншi орынбасары 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады