"Биомедпрепарат" медициналық препараттарын перспективалық тұрғыда әзiрлеп, өндiретiн Қазақстан ғылыми-өндiрiстiк кешенiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 2 желтоқсан 1992 ж. N 1012

      "Биомедпрепарат" медициналық препараттарын перспективалық тұрғыда әзiрлеп, өндiретiн Қазақстан ғылыми-өндiрiстiк кешенiн ("Биомедпрепарат" ҚҒӨК-i) дамыту және республиканың халқы мен емдеу-алдын алу мекемелерiн дәрi-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-iн дамытудың 1992-1995 жылдарға арналған бағдарламасы мақұлдансын.
      Дәрi-дәрмек препараттарын және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндiру жөнiндегi тапсырмалар қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-i медициналық, мал дәрiгерлiк мақсаттағы жаңа препараттар мен өсiмдiк қорғау құралдарын әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзiлуiн, өндiрiстiк қуаттарды қайта құру мен оларды шығарудың жаңа технологияларын игерудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы, Денсаулық сақтау министрлiгi, Материалдық ресурстарминi, Ақмола облысының әкiмi, "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-iнiң, "Прогресс" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң және басқа мүдделi тараптардың қатысуымен дәрi-дәрмек препараттарын шығаратын өндiрiстiк қуаттарды қайта құру мен игерудi жеделдету бағыттарын қарастырсын. Үкiметтiң шешiмiн талап ететiн мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзсiн.
      4. "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-iне Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Өнеркәсiптiң қорғаныс салалары кәсiпорындарының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" 1992 жылғы 10 наурыздағы N 203 қаулысында қорғаныс өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары үшiн көзделген тиiстi жеңiлдiктер қолданылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 10, 174 бап).
      5. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-iн өмiрлiк маңызы бар дәрi-дәрмек препараттарын шығару үшiн конверсиялауды жеделдету, кадрларды, ғылыми-техникалық және өндiрiстiк әлеуеттi сақтау мақсатында 1992 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша Инвестиция қорын нақтылаған кезде кешенге 1992 жылғы IV тоқсанда қаржы бөлiнуiн көздейтiн болсын.
      Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы, Денсаулықминi, Ақмола облысының әкiмi жылдық болжам-жоспарлардың жобаларын әзiрлеген кезде дәрi-дәрмек препараттарын шығаруды қамтамасыз ету үшiн қажеттi қаржы бөлудi көздесiн.
      Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-iне өндiрiстiк қуаттарды қайта құру және дәрi-дәрмек препараттарын шығарудың жаңа технологияларын игеру үшiн 1993 жылы Инвестиция қорынан қажеттi қаржы бөлiнуiн көздесiн.
      Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi 1993 жылдан бастап "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-iне ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзу үшiн республикалық "Денсаулық" ғылыми-техникалық бағдарламасына бөлiнетiн қаржы көлемiнде қажеттi бюджет қаржысын көздейтiн болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлiгi өндiрiстiк қуаттарды қайта құру және жаңа технологияларды игеру үшiн қажет материалдық-техникалық ресурстарды белгiленген тәртiппен бөлудi көздесiн.
      7. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен және "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-iмен бiрлесiп импорттық жабдықтарды сатып алу жөнiнде шетел фирмаларымен контрактылар жасау мәселесiн пысықтасын.
      8. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы мен Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-iне шығарылатын дәрi-дәрмек препараттарын еркiн бағалармен сатуға жыл сайын квота белгiлесiн.
      9. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы Қазақстан

Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен және 
"Биомедпрепарат" ҚҒӨК-iмен бiрлесiп қорғаныс өнеркәсiбi саласы 
кәсiпорындарын конверсиялаудың республикалық бағдарламасына
кешендi кiргiзу жөнiнде бiр айлық мерзiмде қажеттi есеп-қисаптар
мен негiздемелердi әзiрлеп, белгiленген тәртiппен ұсыныстар 
енгiзетiн болсын.
     10. Ақмола облысының әкiмi "Биомедпрепарат" ҚҒӨК-iне
дәрi-дәрмек препараттарын өндiрудi ұйымдастыру жөнiнде 
белгiленген шараларды жүзеге асыруда қажеттi көмек көрсетсiн.

     Қазақстан Республикасының 
     Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1992 жылғы 2 желтоқсандағы
                                           N 1012 қаулысына
                                            Қосымша

            Дәрi-дәрмек препараттарын және медициналық 
               мақсаттағы бұйымдарды өндiру жөнiндегi

                          Тапсырма
                           (Кесте)
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады