Қазақстан Республикасының шетелдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң мәселелерi. Ескерту. Қаулы тексiнен "инвестициялық" деген сөзi алынып тасталған - өзгерiс ҚРМК-нiң 1995.02.07. N 128 қаулысымен енгiзiлген.

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 23 желтоқсан N 1073. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.07.15. N 905 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiгiн құру туралы" 1992 жылғы 8 маусымдағы N 799 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiгi (бұдан былай - Агенттiк) шетелдiк инвестициялар мен кредиттер саласындағы мемлекеттiк басқару және реттеу органы болып табылады деп белгiленсiн. Министрлiктер, ведомстволар, жергiлiктi басқару органдары, кәсiпорындар, ұйымдар және басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлер шикiзат пен базалық салалардағы, жекешелендiрiлген кәсiпорындардағы шетелдiк инвестицияларға, сондай-ақ мемлекет кепiлдiгiмен қатыстырылатын кредиттерге қатысты мәселелердi Агенттiкпен мiндеттi түрде келiседi.
      2. Агенттiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының көп және екiжақты халықаралық шарттарын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн басшылыққа алады.
      3. Агенттiктiң негiзгi функциясы мыналар:
      тиiстi басымдықтары, ынталылығы және кепiлдiктерi енгiзiлген шетелдiк инвестициялар мен кредиттердi тарту мен пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге қатысу және жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң қарауына шетелдiк инвестицияларды тарту мен пайдалану, оның iшiнде басым бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға қатысатын шетелдiк инвесторларға қосымша салық, валюта, сыртқы сауда және басқа жеңiлдiктер мен кепiлдiктер беруге қатысты бөлiгiнiң мәселелерi бойынша заңдық және нормативтiк актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
      шетелдiк инвесторларға елiмiздiң экономикасына күрделi қаржы салуына, сондай-ақ қазақстандық басқару органдары мен кәсiпорындарға, оның iшiнде жекешелендiрiлетiндерiне, әлеуеттi шетел инвесторларын iздестiруiне жәрдемдесу, оларға ақпараттың консультациялық және басқа қызмет көрсетiлуiне көмектесу;
      минералды шикiзат кен орындарын барлау мен игеру, халық шаруашылық маңызы бар объектiлер мен ғимараттарды салу және жаңғырту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу хұқына халықаралық тендерлер (конкурстар) ұйымдастыру мен өткiзу;
      кейiннен мемлекеттiк кредиттер жолымен жүзеге асыру үшiн қазақстандық жобаларға сараптау жүргiзудi және конкурстық iрiктеп алуды ұйымдастыру мен оларды өткiзуге қатысу;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тапсыруы бойынша ынтымақтастық, кредиттердi, заемдар мен кепiлдiктердi тарту саласында елiмiздiң мүдделерiн халықаралық деңгейде бiлдiру;
      шетелдiк инвестицияларды мемлекеттiк тiркеу, шетелдiк инвестицияларды лицензиялау;
      техникалық көмек көрсету саласында халықаралық ұйымдармен және шет ел мемлекеттерiмен байланысты үйлестiру;
      шет ел донорлары (халықаралық ұйымдар, мемлекеттер және басқалары) беретiн финанс қаражаты есебiне тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi импорттық сатып алудың жүзеге асырылуын бақылау, сондай-ақ тиiстi аудиторлық қызметтi ұйымдастыру.
      4. Министрлiктер, ведомстволар, жергiлiктi басқару органдары, кәсiпорындар, ұйымдар Агенттiктiң сұрау салуы бойынша жобалар мен бағдарламалар әзiрлеуге, тиiстi сараптау мен тендерлер өткiзуге қажеттi деректердi берiп тұратын болсын.
      5. Агенттiкке:
      шет елдiк және қазақстандық заңды ұйымдар мен жеке адамдарды консультанттар мен сарапшылар ретiнде контракт негiзiнде жалдап алуына;
      республиканың аймақтары мен шет елдерде өкiлдiктерi болуына рұқсат етiлсiн.
      (6-тармақ) .
      Ескерту. 6-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.02.07. N 128
               қаулысымен.
      7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттары туралы" 1992 жылғы 26 қарашадағы N 990 қаулысында көзделген еңбекақы шарттары (N 2 кесте) Агенттiк қызметкерлерiне қолданылсын.
      (8-тармақ) .
      Ескерту. 8-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.02.07. N 128
               қаулысымен.
      9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Агенттiк аппаратын ұстауға қажеттi қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын.
      10. Агенттiкке төрағаның 3 орынбасары, оның бiреуi бiрiншi, 7 адам құрамында алқасы болуына рұқсат етiлсiн.
      11. Агенттiк төрағасының лауазымы медициналық, тұрмыстық қамтамасыз ету және көлiк қызметiн көрсету шарттары бойынша министр лауазымына, ал төраға орынбасарларының лауазымы - министрлердiң орынбасарлары лауазымына теңестiрiлсiн.
      (2-абзацы) .
      Агенттiкке қызметтiк 4 жеңiл автомобильге лимит белгiленсiн.
      Ескерту. 11-тармақтың екiншi абзацының күшi жойылған - ҚРМК-нiң
               1995.02.07. N 128 қаулысымен.
      12. Агенттiкке ақпараттық және басқа қызмет көрсетуден сом мен шетелдiк валютада алған өз қаржысын (бюджеттен тыс) Агенттiктiң материалдық-техникалық базасын дамытуды қаржыландыру үшiн, сондай-ақ арнаулы мақсатқа пайдалануына рұқсат етiлсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Агенттiкпен бiрлесiп аталған қаржыны пайдалану тәртiбiн анықтап, қажеттi есепшоттар ашуды көздейтiн болсын.
      13. Агенттiк және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi министрлiктердiң, ведомстволар мен жергiлiктi басқару органдарының шетелдiк инвестициялар мен кредиттердi тарту мен пайдалану саласындағы функциялары мен қызмет аясын межелеу жөнiндегi ұсынысты, сондай-ақ Агенттiк туралы ереженiң жобасын және шетелдiк инвестициялар мен кредит жөнiндегi заңдарды өзгертуге орай ұсыныстарын бiр айлық мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
      14. Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп орталық аппаратты орналастыру үшiн бiр айлық мерзiмде Агенттiкке қызметтiк үй-жай бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
      15. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Қазақстан Республикасының Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiгiн төте шарт бойынша қажеттi телефон, телеграф және телефакс байланысымен қамтамасыз етсiн.
      16. Агенттiкке шетелдерге делегацияларды және стажировкадан өту, оқу үшiн мамандарды қызмет бабындағы iссапарына жiберу туралы белгiленген тәртiппен шешiм қабылдау хұқы берiлсiн.
      17. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жиhаз,

 

жабдық, әдебиет, мүкәммал, ұйымдық техника, кеңсе тауарлары

мен қағаз сатып алу үшiн 1992 жылға Қазақстан Республикасының

Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiгiне қажеттi

қаржы, оның iшiнде валюта қаржысын iздестiрiп, бұдан былай

бөлiнiп тұруын көздейтiн болсын.

     18.



     Ескерту. 18-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.06.12.

              N 813 қаулысымен. 


            Қазақстан Республикасының

               Премьер-министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады