Едәуiр құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемi орындалғаны және жабдықтармен жинақталу дәрежесiнiң жоғары болуы ескерiлiп, құрылысты тезiрек аяқтау және жаңа қуаттардың неғұрлым толымды жұмыс iстеуi үшiн мұнайдың кепiлдi түрде берiлiп тұруын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы бастапқы мұнай өңдейтiн ЛК-6У кешенi құрылысын аяқтау орынды болады деп саналсын.
2. Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Көкшетау, Қостанай және Жамбыл облыстары әкiмдерiнiң Тюмень облысының мұнай өндiретiн бiрлестiктерiн құрылтайшылар және жаңа қуаттың неғұрлым толымды жұмыс iстеуi үшiн мұнай берiп тұрушылар ретiнде қатыстыра отырып, салынып жатқан мұнай өңдейтiн ЛК-6У кешенi негiзiнде белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам құру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
3. Акционерлiк қоғамның құрылтайлық құжатындағы акциялардың мемлекеттiк пакетi жарғылық капиталдың кемiнде 51 процентi болуға тиiс деп белгiленсiн.
4. Ресейдiң мұнай өндiретiн акционер кәсiпорындарына қолданылып жүрген заңдардың шегiнде Қазақстан Республикасының акционер кәсiпорындарымен бiрдей құқыққа кепiлдiк берiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi