"Қазконтракт" ("Қазконтракт" АҚ) Республикалық Контракт Корпорациясының мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 6 қаңтар N 13. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1993.07.30. N 663 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясын құру туралы" 1992 жылғы 7 желтоқсандағы N 1006 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Осы аталған Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Материалдық ресурстар министрлiгiнiң құрамына кiрген мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың негiзiнде мемлекеттiң қатысуымен акционерлiк қоғам - "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясы" құрылғаны еске алынсын.
      2. "Қазконтракт" АҚ қызметiнiң басым бағыты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұқтаждарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады деп белгiленсiн.
      Осы мақсатта "Қазконтракт" АҚ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң немесе мемлекеттiк тапсырыс берушiлердiң тапсырмасы бойынша:
      мемлекеттiк сатып алуларды әрi дайындаушы кәсiпорындармен және делдалдық ұйымдармен мемлекеттiк мұқтаждар үшiн өнiм берiп тұруға контракттар жасасуды;
      мемлекетаралық шаруашылық байланыстарды және үкiметаралық Келiсiмдер бойынша өзара өнiм берiп тұруды ұйымдастыруды;
      өнiм берiп тұруды квоталау мен лицензиялауға қатысуды;
      тiкелей шарттарды дамытуды кәсiпорындар мен ұйымдарға жәрдем жасауды жүзеге асырады.
      3. "Қазконтракт" АҚ-на Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң өз тектес ұйымдарымен үкiметаралық Келiсiмдер бойынша өзара өнiм берiп тұру жөнiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң фирмаларымен бас контрактылар жасасуға хұқық берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы жанындағы Баға комитетi мен "Қазконтракт" АҚ Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бағаның негiзсiз өсуiне және үстемелер қолдануға жол бермеудi ескерiп, "Қазконтракт" АҚ-ның кiрiстерiн құраудың тәртiбiн көздейтiн ұсыныстар енгiзсiн.
      Бұл ретте "Қазконтракт" АҚ-ның кiрiстерi контракттардың құнымен өлшенетiн көлемiнен түсетiн аударымдардан, өнiм берiп тұру жөнiндегi делдалдық және өзге операцияларды жүргiзуден құралатыны ескерiлсiн.
      5. "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясының Президентiн акционерлердiң конференциясы сайлайтын болып белгiленсiн. Осы аталған лауазымға ұсынылатын кандидатуралар Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiмен келiсiледi.
      6. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Халық депутаттары Алматы қалалық Кеңесiнiң коммуналдық меншiгiн қалыптастыру туралы" 1992 жылғы 23 қыркүйектегi N 799 қаулысымен бекiтiлген Алматы қаласының аумағында орналасқан және республикалық меншiкте қалдырылатын республикалық маңызы бар өнеркәсiп, энергетика, көлiк пен байланыс салалары кәсiпорындарының, ұйымдарының, мүлiктiк кешендерiнiң тiзбесiне қосымшаға сәйкес толықтырулар енгiзiлсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан

Республикасының Материалдық ресурстар министрлiгi туралы ереженi
бекiту туралы" 1992 жылғы 17 сәуiрдегi N 344 қаулысының (Қазақстан
Республикасы ПҮАЖ, 1992 ж., N 16, 254-бап) қаулысының күшi
жойылған деп танылсын.
     8. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен 
"Қазконтракт" АҚ 2 ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
шешiмдерiн және ведомстволық актiлердi осы қаулыға сәйкес 
келтiрсiн.

            Қазақстан Республикасының
                Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 6 қаңтардағы
                                            N 13 қаулысына
                                             Қосымша
            Алматы қаласының аумағында орналасқан  
             әрi республикалық меншiкте қалдырылатын
                кәсiпорындар мен ұйымдар

     Алматы республикалық "Алматыжабдықтау" жабдықтау-өткiзу
компаниясы
     "Алматыметалжабдықтау" кәсiпорны
     "Алматымашжабдықтау" кәсiпорны
     "Алматыағашқұрылысхимжабдықтау" кәсiпорны
     Алматы автокөлiк кәсiпорны
     Алматы ыдыс жөндеу кәсiпорны
     "Қазағашметарнал" концернi
     "Қазақтемiр" сауда-делдалдық фирмасы
     "Қазким" сауда-делдалдық фирмасы
     "Қазкоммун" сауда-делдалдық фирмасы
     "Қазқұрылысматериал" сауда-делдалдық фирмасы
     "Қазэлектр" сауда-делдалдық фирмасы
     "Қазавтомаш" сауда-делдалдық фирмасы
     "Қазауырмаш" сауда-делдалдық фирмасы
     "Қазсырталмасу" сауда-делдалдық фирмасы
     "Қазөнеркәсiпыдыс" сауда-делдалдық фирмасы
     Республикалық "Эстетика" сауда-коммерциялық фирмасы
     "Қорғау" сауда-делдалдық кәсiпорны
     "Қазақтемiр" СДФ-ның (сауда-делдалдық фирмасының)
     "Алматыметалкөтермесауда" кәсiпорны
     "Қазэлектр" СДФ-ның консигнациялық бағасы
     "Қазавтомаш" СДФ-ның консигнациялық бағасы
     Республикалық есептеу орталығы
     "Қазқайталама" өндiрiстiк бiрлестiгi
     Материалдық ресурстар министрлiгiнiң Жөндеу-пайдалану 
     басқармасы  
     Алматы тоқылмайтын материалдар фабрикасы
     Алматы өндiрiстiк-дайындау кәсiпорны
     Алматы өндiрiстiк-дайындау кәсiпорнының Ленин дайындау
     кәсiпорны
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады