Түрiк Республикасының әскери-оқу орындарында Қазақстан Республикасының әскери кадрларын даярлау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 10 ақпан 1993 ж. N 94

      Қазақ КСР-ы мен Түрiк Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы 1991 жылғы 15 наурыздағы Келiсiмнiң талаптарын ескере отырып, екi ел арасындағы достық қатынастарды және әскери кадрларды даярлау саласындағы өзара iс-қимылды дамыту бекемдiгiн қуаттай отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Түрiк Республикасының әскери-оқу орындарында оқуына рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасында әскери бiлiм саласында ұсынылған Келiсiмдi пысықтап, қол қою жүктелсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Бiлiм министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi Республикалық әскери мектеп-интернаттарды бiтiрушiлер қатарынан абитуриенттер топтарын iрiктеп, жинақтау жөнiндегi шараларды жүзеге асыратын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен әскери бiлiм саласындағы Келiсiм талаптарын орындау үшiн Түрiк Республикасына баратын Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын ресiмдеудi қамтамасыз ететiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне Түрiк Республикасының әскери-оқу орындарына оқуға iрiктеп алынған кандидаттардан орта бiлiмi жөнiндегi атестаттық емтихандарын 1993 жылы белгiленген мерзiмнен ерте өткiзуге рұқсат етiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
      Қорғаныс министрлiгiнiң өкiлдерi мен абитуриенттердi Түрiк Республикасына жiберуге байланысты шығынды бюджетте көздейтiн болсын;
      Түрiк Республикасының әскери-оқу орындарында Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерiн даярлау шарттарын зерттеп, әскери бiлiм беру саласындағы Келiсiмге қол қою үшiн Қорғаныс министрлiгi өкiлдерiн Түрiк Республикасына жiберуiне рұқсат етiлсiн;

     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының
Үкiметi арасындағы әскери бiлiм саласындағы Келiсiмнiң орындалуын 
бақылап отырсын.
     7. Қазақ азаматтық авиация басқармасы Алматы-Ыстанбұл-Алматы
маршрутындағы авиарейстерге Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлiгiнiң өтiнiмiне сәйкес билет құнын соммен төлеу жолымен
қажеттi орындар бөлiп отыратын болсын.
     
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-министрiнiң   
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады