Халықтан сатып алынатын бұйымдар мен сынықтардағы асыл металдардың бағасы және тiс техникасы өнiмдерiнiң бөлшек сауда бағасы туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 19 ақпан N 130. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1996.01.19. N 71 қаулысымен.
1. 1993 жылғы 20 ақпаннан бастап халықтан сатып алынатын бұйымдар мен сынықтардағы асыл металдарға 1 грамм таза металл үшiн төмендегiдей мөлшерде баға белгiленсiн:
алтын - 6255 сом
күмiс - 145 сом
платина - 6690 сом
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiне металл сынамалары бойынша таза металдың 1 грамы үшiн белгiленетiн бағаны ескерiп, халықтан сатып алынатын бұйымдар мен сынықтардағы асыл металдар бағасының нарқын бекiту тапсырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi қосымша құнға салынатын салықпен қоса асыл металдардың босату бағасы, өнеркәсiп орындарының тiс техникасы өнiмдерiн жасау, оларды тасымалдау жөнiндегi шығыны, сондай-ақ емдеу мекемелерiнiң шығынын өтеудi қамтамасыз ететiн үстеме ақы ескерiлiп жасалған тiс өнiмдерiне деген бөлшек сауда бағасы нарқының жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiне бекiтуге ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкi мен "Қазалмасалтын" Ұлттық акционерлiк компаниясы асыл металдардың дүниежүзiлiк бағасы және АҚШ доллары бойынша сом бағамы өзгерген кезде сатып алу және бөлшек сауда бағасына тиiстi өзгерiстер енгiзу үшiн асыл металдардың бағасына жасалған түзетудiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының экономика министрлiгi жанындағы Баға комитетiне хабарлап отыратын болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз