ТМД елдерiнiң темiр жол көлiгiнде жолаушылар тасымалдау саласындағы бiртұтас тариф саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi.
1. Темiр жол көлiгiнде жолаушылар (қала маңына қатынайтындардан басқасы), багаж бен жүк багажын тасымалдауға қолданылып жүрген тарифтерге орта көтеру коэффициентi 1,8 деп белгiленген (қосылған құн салығын ескерiп) жаңа тарифтер 1993 жылғы 5 наурыздан бастап енгiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Баға комитетi Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгiмен бiрлесе отырып, "Iшкi және мемлекетаралық қатынастарда жолаушыларды темiр жолда тасымалдау тарифтерi" 10-02-16 жаңа прейскурантын бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi