Халық депутаттары болып табылатын және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiнiң немесе олардың органдарының құрамына сайлануы нәтижесiнде қызмет мiндеттерiн орындаудан босатылған офицер құрамындағы адамдардың әскери қызметтi өткеруiн тәртiпке келтiру мақсатында және "Қазақ КСР-iндегi депутаттардың мәртебесi туралы" 1990 жылғы 13 қарашадағы Қазақ КСР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Халық депутаттары болып табылатын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң, халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiнiң, осы Кеңестер құратын тұрақты комиссиялардың, комитеттердiң және басқа органдардың құрамына сайлануы нәтижесiнде қызмет мiндеттерiн орындаудан заңға сәйкес босатылған әрi запасқа шыққысы келмейтiн Қазақстан Республикасы қарулы Күштерiнiң офицер құрамдағы адамдарды әскери қызметте қалдырылып, тиiстi Кеңестерге iссапарына жiберiлсiн.
Iссапарына жiберу халық депутатын қызмет мiндеттерiн орындаудан босату туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң немесе халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң бұйрығымен жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне және халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiне iссапарына жiберу осы Кеңестердiң тұрақты комитеттерi немесе комиссиялары қабылдаған осындай шешiмдер негiзiнде де жүргiзiледi.
Iссапарына жiберу Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi немесе халық депутаттарының жергiлiктi Кеңестерi, сондай-ақ осы Кеңестердiң тұрақты комитеттерi немесе комиссиялары белгiлейтiн мерзiмге жүзеге асырылады.
2. Былай деп белгiленсiн:
а) әскери қызметке қалдырылып, Кеңестерге iссапарына жiберiлген офицер құрамдағы адамдарға кезектi әскери атақ белгiленген тәртiп бойынша берiледi.
Полковник атағын қоса кезектi әскери атақ офицер құрамдағы адамның Кеңеске iссапарына жiберiлгенге дейiн болған штаттағы соңғы лауазымы бойынша әскери атағына берiлетiн әскери атақ сәйкес келген жағдайда, iссапарына жiберiлгеннен кейiн осы лауазым бойынша штаттағы әскери атаққа енгiзiлген өзгерiс еске алынбастан, берiлген атақта еңбек сiңiрудiң белгiленген мерзiмi өткеннен соң берiледi. Iссапарына жiберiлген офицерлерге олардың iссапарға жiберiлгенге дейiн болған соңғы әскери атағына сәйкес полковникке дейiнгi атақты қоса кезектi әскери атақ берудi кiдiрте тұру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi комитеттерiнiң немесе халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерi тұрақты комиссияларының келiсуi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн. Полковникке дейiнiн қоса кезектi әскери атақты мерзiмiнен бұрын немесе iссапарға жiбергенге дейiн болған штаттағы соңғы лауазымы бойынша көзделген бiр саты жоғары әскери атақты беру белгiленген тәртiппен жүргiзiледi;
б) әскери қызметте қалдырылып Кеңестерге iссапарына жiберiлген офицер құрамдағы адамдарға аттестациялау жасалмайды;
в) әскери қызметте қалдырылып Кеңестерге iссапарына жiберiлген офицер құрамдағы адамдарға және олардың отбасыларына қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери қызмет өткерiп жатқан офицер құрамдағы адамдар мен олардың отбасыларына берiлген хұқықтар, жеңiлдiктер мен артықшылықтар сақталады.
Әскери қызметте қалдырылып Кеңестерге iссапарына жiберiлген, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж офицер құрамдағы адамдарға тұрғын жай беру кезегi, сондай-ақ бұрынғы тұрған жерiнде немесе қызмет өткерiп жүрген жерiнде мектепке дейiнгi балалар мекемелерiндегi орын сақталады. Олар және олардың отбасылары бұрынғы қызмет өткерген жерiнде медициналық қамтамасыз етумен, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн, пионер лагерлерiн пайдалануды жалғастыра алады.
Офицер құрамдағы адамдардың Кеңестегi немесе оның органдарындағы өкiлеттiк мерзiмi өткеннен кейiн әскери қызметтi одан әрi өткере беруi үшiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң басқа әскери бөлiмдерiне, мекемелерiне, әскери-оқу орындарына, кәсiпорындарына немесе ұйымдарына жiберiлген жағдайда халық депутаты болып табылатын бұл адамдардың тұрғын үй жағдайын жақсарту бұрынғы жұмыс орнында тұрғын үй жағдайын жақсарту үшiн кезекке қойылған уақыты ескерiлiп жүзеге асырылады.
Әскери қызметте қалдырылып Кеңестерге iссапарына жiберiлген офицер құрамдағы адамдарға айлықақы тиiстi Кеңес белгiлейтiн мөлшерде төленедi. Егер Кеңес төлейтiн айлықақы iссапарына жiберiлгенге дейiн алып келген ақшалай үлесiнен аз болса (iссапарына жiберiлгеннен кейiн әскери атағы бойынша жалақысының өсiрiлгенi ескерiлiп - кезектi әскери атақ пен лауазымдық жалақы берiлген кезде - офицер құрамына лауазымдық жалақы өсiрiлген кезде), тиiстi айырмасын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi төлейдi.
Әскери қызметте қалдырылып Кеңестерге iссапарына жiберiлген офицер құрамдағы адамдарды тиiстi заттай және басқа үлес түрлерiмен қамтамасыз етуi де Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жүзеге асырады. Мұндай жағдайда барлық тиiстi заттай мүлiктiң орнына ақшалай өтем жасай алады;
г) әскери қызметте қалдырылып Кеңестерге iссапарына жiберiлген офицер құрамдағы адамдар Кеңестердегi немесе олардың органдарындағы жұмыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн заңда белгiленген тәртiппен одан әрi қызмет өткеруi үшiн Қазақстан Қорғаныс министрлiгiнiң қарауына жiберiледi.
3. Осы қаулының күшi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының және оларға бағынысты әскерлердiң, Республика ұланының, Iшкi әскерлердiң барлық санаттағы әскери қызметшiлерiне (мерзiмдi әскери қызметтi өткерiп жүрген әскери қызметшiлерден басқа) сондай-ақ iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына таратылсын.
4. Осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көзделген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң хұқықтары тиiсiнше Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасына, Iшкi iстер министрiне және Республика ұланының қолбасшысына берiледi деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi