Кеден Ынтымақтастығы Кеңесiне жыл сайын мүшелiк жарна енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 19 наурыз 1993 ж. N 220. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Кеден Ынтымақтастығы Кеңесiне мүше болып қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Кеден Ынтымақтастығы Кеңесiне мүшелiгi үшiн жарна төлеуге арнап жыл сайын республикалық бюджетте қажеттi қаржы бөлiнуiн көздейтiн болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық банкпен бiрлесiп 1992-1993 қаржы жылдары үшiн Кеден Ынтымақтастығы Кеңесiнiң Брюссель қаласындағы (Бельгия) Бас банктегi N 210-0475126-72 шотына 1572500 бельгия франкi мөлшерiнде мүшелiк жарна аударылуын қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады