1. 1993 - 1995 жылдары және 2000 жылдарға дейiнгi кезеңде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Бiлiм министрлiгiнiң қарамағындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнде жер реформасын қамтамасыз ету үшiн қосымшаға сәйкес көлемде мамандар даярлау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Бiлiм министрлiгi тиiстi дайындық жұмыстарын жүргiзсiн және 1993 жылы ведомстволық бағыныстағы жоғары оқу орындарында қажеттi мамандар даярлайтын факультеттер (бөлiмше) ашсын.
Жаңа факультеттер (бөлiмшелер) ашу, сондай-ақ қажеттi мамандар санын дайындау қабылдау жоспары мен аталған министрлiктер 1993 жылға және одан кейiнгi жылдарға белгiлеген қаражат шегiнде жүзеге асырылсын.
2. Жер реформасын жүргiзудiң бастапқы кезеңiнде негiзгi мамандық кадрларының тапшылығын қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiн қатыстыра отырып 1993 жылдан бастап Ақмола Ауыл шаруашылық институтының жанынан
2-3 айлық бағдарлама бойынша жыл сайын 90 адам құрамында мамандарды қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруын ұйымдастырсын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне осы мақсаттарға қажеттi қаржы бөлудi қарастырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 наурыздағы N 226 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1993-1995 жылдары және 2000 жылдарға дейiнгi кезеңде жер реформасын жүргiзу үшiн мамандарға Қ А Ж Е Т Т I Г I ---------------!----------------------------------!--------------------- ! ! Дайындалу талап ! Тиiстi мамандар даярлауды ! етiлетiн мамандар Мамандықтар ! қамтамасыз ететiн жоғары ! (бiрлiк есебiмен) тiзбесi ! және арнаулы орта оқу !--------------------- ! орындарының атауы !1993-1995 ! 1996-2000 ! ! жылдар ! жылдар ---------------!----------------------------------!----------!----------- 1 ! 2 3 ! 4 --- ---------------!-----------------------------------!----------------------- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Геодезистер Ақмола ауыл шаруашылық институты - 125 Жерге Ақмола ауыл шаруашылық институты 300 500 орналастырушылар Қызылорда агроөнеркәсiптiк кешен 150 375 инженерлерi институты Талғар ауыл шаруашылық техникумы 75 125 Қорытындысы 525 1000 Топырақ Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық 150 250 танушылар институты Қазақ Ауыл шаруашылығы институты 150 250 Қорытындысы 300 500 Министрлiк бойынша БАРЛЫҒЫ 825 1500 Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Жер кадастры Өскемен жол-құрылыс институты 75 125 жөнiндегi инженерлер Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi Геоботаниктер 21 45 Қазақстан Республикасы бойынша 921 2045 БАРЛЫҒЫ оның iшiнде: геоботаниктер 21 45 геодезистер - 125 жерге 525 1000 орналастырушылар жер кадастры 75 375 жөнiндегi инженерлер топырақ 300 500 танушылар