Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың жеке құжаттарын Қазақстан Республикасынан шетелге әкету, жiберу және алдырту тәртiбi туралы уақытша ереженi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 24 наурыз 1993 ж. N 229

      Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың жеке құжаттарын шетелге әкету, жiберу және алдырту тәртiбiн реттейтiн заң қабылданғанға дейiн азаматтардың жеке құжаттарын шетелге әкету, жiберу және алдырту хұқығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың жеке құжаттарын Қазақстан Республикасынан шетелге әкету, жiберу және алдырту Тәртiбi туралы Уақытша ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Бас архив басқармасы басқа да мүдделi ведомстволармен бiрге ведомстволық актiлер мен нұсқауларды бекiтiлген Уақытша ережеге сәйкестендiрсiн.
      2. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың жеке құжаттарын шетелге әкетуге, жiберуге және алдыртуға байланысты шектеулер Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң шеңберiнде әкетiлетiн, жөнелтiлетiн, алдырылатын құжаттарға қолданылмайды.
      Қазақстан Республикасының аумағында тұратын бұрынғы КСР Одағының азаматтары Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше басқа мемлекеттiң аумағына тұрақты тұруға қоныс аударған кезде өздерiнiң әскери билеттерiн кедергiсiз алып кете алады.

 

     Ескерту. 2-тармақтың 2 абзацынан сөздер алынып тасталды -

              ҚРМК-нiң 1995.07.27. N 1028 қаулысымен.

     3. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының аумағында тұратын

азаматтар жеке құжаттарын алдырту мәселелерi жөнiнен Қазақстан

Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мекемелерiне соқпай,

құзырына осы мәселелер берiлген мекемелер мен ұйымдарға тiкелей

бара алады.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                      1993 жылғы 24 наурыздағы

                                         N 229 қаулысымен

                                            Бекiтiлген


             Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел

            азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың

              жеке құжаттарын Қазақстан Республикасынан

          шетелге әкету, жiберу және алдырту тәртiбi туралы

                          Уақытша ереже


          1. Қазақстан Республикасынан шетелге бара жатқан

             азаматтардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ        

             адамдардың жеке құжаттарын әкету және жiберу хұқығы



 
       Қазақстан Республикасынан шетелге бара жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар өз қолдарындағы азаматтық ахуал актiлерiн тiркеу, бiлiмi, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы және бiлiктiлiгiн арттыруы, көлiгi және басқа да техникалық құралдарының тiркелуi және оларды басқару хұқығы, еңбек стажы әскери қызметiн өтеу (әскери билеттiң түпнұсқасы мен көшiрмесiн есептемегенде), Ұлы Отан соғысына қатысуы, жаралануы және емделуi, наградалары, зейнетақысы, мұрагерлiгi туралы құжаттардың түпнұсқалары мен мемлекеттiк нотариалдық кеңселерде куәландырған көшiрмелерiн және азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың хұқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты басқа да құжаттарды өзiмен бiрге әкетедi немесе халықаралық почта арқылы жөнелте алады.
      Ескерту. 1-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРМК-нiң
               1995.07.27. N 1028 қаулысымен.
 
         2. Өзге құжаттарды әкету және жiберу
 
      Сенiмхаттарды қоса есептегенде, ақша қаражаттарын, валюталық құндылықтарды және басқа мүлiктердi пайдалану құжаттары шетелге Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетiлген тәртiп бойынша әкетiледi немесе жiберiледi.
      Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс iстейтiн қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелiк билеттерiн шетелге әкету мен жiберу тәртiбiн осы бiрлестiктердiң өздерi белгiлейдi.
 
        3. Шетелге әкетуге және жiберуге болмайтын
           жеке құжаттар
 
      Әскери билеттердiң және қызмет куәлiктерiнiң түпнұсқалары мен көшiрмелерiн әкетуге және жiберуге болмайды.
      Шетелге тұрғылықты тұруға шыққан жағдайда аталған құжаттар соңғы жұмыс iстеген (қызмет еткен) немесе шетелге шығатын азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу жөнiндегi тиiстi ұйымдарға немесе мекемелерге тапсырылады. Әскери билеттердегi және басқа да тиiстi құжаттардағы мәлiметтер негiзiнде мүдделi адамдардың өтiнiшi бойынша әскери қызметiн өтеуi туралы белгiленген үлгiдегi анықтамалар ресiмделедi.
      Ескерту.3-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.07.27.
              N 1028 қаулысымен.
 
                 4. Жеке құжаттарды алдырту
 
      Шетелде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан шетелге әкетуге және жiберуге рұқсат етiлген жеке құжаттарды алдыртуды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерi арқылы жүзеге асырады.
 
             5. Жеке құжаттардың нақтылығын айқындау және
                куәландыру (ресмилендiру)
 
      Шетелге почта арқылы әкетуге немесе жiберуге арналған

 

жеке құжаттардың түпнұсқалары немесе мемлекеттiк нотариалдық

кеңселерде куәландырған көшiрмелерi Қазақстан Республикасының

Сыртқы iстер министрлiгiнде ресмилендiрiледi (мұндай ресмилендiрудi

қажет ететiн елдер үшiн).


           6. Жеке құжаттарды алдырту және ресмилендiру тәртiбi


     Жеке құжаттарды алдырту мен ресмилендiру тәртiбiн Қазақстан

Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi және Әдiлет министрлiгi

басқа да мүдделi министрлiктермен,, ведомстволармен келiсу арқылы

бекiтедi.


          7. Құжаттарды әкетуге, жiберуге тыйым салуға

             немесе алдыртудан бас тартуға шағым жасау


     Жеке құжаттарды әкетуге, почта арқылы жiберуге тыйым салуға

немесе алдыртудан бас тартуға заңда белгiленген тәртiппен жоғары

лауазымды адамға, немесе сотқа шағым жасауға болады.


          8. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары



 
       Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында осы Ережедегiден өзгеше тәртiп белгiленген болса, онда халықаралық шарттың тәртiбi қолданылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады