1. Атырау облысындағы Теңiз мұнай кен орнын "Шеврон" корпорациясының қатысуымен игеру үшiн "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнын құру жөнiндегi жасасылған келiсiмдер мен шарттар бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Энергетика және отын ресурстары министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Байланыс министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Жерге орналастыру және жер қатынастары жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының өнеркәсiпте жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Атырау облысының әкiмi, республиканың басқа да министрлiктерi мен ведомстволары, "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнын белгiленген тәртiппен шаруашылық қызметтi жүргiзуге қажеттi барлық лицензиялармен және рұқсаттамалармен қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Энергетика және отын ресурстары министрлiгi, Атырау облысының әкiмi "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнының қызметiн үйлестiрудi және оның жоспарларын Қазақстан Республикасының мұнай газ саласын дамыту және осы өңiрдi әлеуметтiк-экономикалық дамыту бағдарламасымен үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрi Р. Т. Шырдабаев, "Тенгизнефтегаз" акционерлiк қоғамының бас директоры, С. Сағитжанов, "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының президентi М.Ғ. Саламатов "Теңiзшевройл" Серiктестiк Кеңесiнiң мүшелерi болып бекiтiлсiн. <*>
Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қ.Қ.Бәйкенов, Б.Д.Елеманов, М.Д.Батырбаевтар жоғарыда көрсетiлген Кеңес мүшелiгiнен шығарылсын.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Әрiптестiк Кеңесiнде жұмыс iстейтiн байқаушыларын анықтасын.
Ескерту. 4-тармақтың 1 абзацына толықтай түзетулер енгiзiлдi.
(ҚРМК-нiң 1994 ж. 28 шiлде, N 838 қаулысы бойынша).
Ескерту. 4-тармаққа iшiнара өзгерту енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
1994 ж. 5 қазан, N 1110 қаулысымен.
5. Құрылтай құжаттардың қағидаларына сәйкес Атырау облысының әлеуметтiк-экономикалық дамуына Американ Тарабы жасайтын төлемдерден 50 млн. АҚШ долларын жұмсауға рұқсат етiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң қатысуымен үш ай мерзiм iшiнде Қазақстан Тарабына тиесiлi барлық валюталық түсiмдердi бөлу мен пайдалану тәртiбiн анықтасын және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiне республикалық мұнай газ саласын дамыту және құрылтай құжаттарды әзiрлеу және "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнын қалыптастыру кезiнде шақырылған консультанттар атқарған жұмыстарды төлеу үшiн 25 миллион АҚШ доллары мөлшерiнде жазылым бонусы бөлiнсiн.
7. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстарын министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнының қатысуымен табиғат қорғау жөнiндегi қаржыландыруды қоса тараптардың жұмысы мен мiндеттемелерiнiң бағдарламасын әзiрлесiн және республика Үкiметi шешiмiнiң тиiстi жобасын енгiзетiн болсын.
8. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi, Көлiк құрылысы министрлiгi, Байланыс министрлiгi, Энергетика және отын ресурстары министрлiгi бiр ай мерзiмде "Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан өңiрiнде көлiк инфрақұрылымы мен байланысты дамыту туралы" республика Үкiметiнiң қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
9. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен бiрлесiп және "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнының қатысуымен осы бiрлескен кәсiпорынның республиканың өзiнде жалданатын қызметшiлерiне iшiнара еркiн айналыстағы валютамен еңбекақы төлеу жөнiндегi мәселенi шешсiн.
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және Атырау облысындағы Ембi ауданының әкiмi белгiленген тәртiппен "Теңiзшевройл" бiрлескен кәсiпорнын тiркейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi