1. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкiмдерi балықтың бекiре түрлерiн ұрық шашатын, жайылатын, қыстайтын және көшiп жүретiн жерлерде қорғауды қамтамасыз етудiң нақты шараларын жыл сайын жүзеге асыратын болсын.
2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi 1993 жылы "Қазбалыққорғауға:нысаналы мақсатпен 20 УАЗ-469Б және УАЗ-452-д автомобилiн, РМ-376 жобалы 1 теплоход, "Казанка" тұрпатындағы 36 металл қайық, 32 "Қырым" металл қайығын және 55 қайық моторын бөлсiн. Сонымен қатар балық қорғау органдарын түнде көру приборларымен, дүрбiлерiмен, радио стансаларымен, белгi беретiн пистолеттермен, брондi желеттермен, жарылғыш техникалық құралдармен және басқа материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етсiн.
3. "Қазагроөнеркәсiптехника" республикалық бiрлестiгi тозған автокөлiктi жөндеудi ұйымдастыру үшiн 1993 жылы нысаналы мақсатпен "Қазбалыққорғау" органдарына УАЗ-469 маркалы автомобильдер мен олардың жаңғыртылған түрлерiне құрастырылған 28 көпiр (14 артқы және 14 алдыңғы), 18 берiлiс қорабы, 8 құрастырылған қозғалтқыш, бiр жинақылы 4 қораб бөлсiн.
4. "Қазмұнайөнiм" концернi 1993 жылғы III тоқсанда "Қазбалыққорғауға" қосымша А-76 маркалы 100 тонна, АИ-93 маркалы 50 тонна бензин және 3 тонна М-8 майын қосымша бөлетiн болсын.
5. "Легинвест" акционерлiк инвестиция компаниясы 1993 жылы "Қазбалыққорғаудың" өтiнiмi бойынша мемлекеттiк инспекторларға нысанды киiм жасалуын қамтамасыз етсiн.
6. 1993 жылы Маңғыстау облысының балық қорғау органдарының мемлекеттiк инспекторларына еңбекақыға бөлiнген қаржы шегiнде 1,6 мөлшерiнде аудандық коэффициент қолданылатын болсын.
7. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының әкiмдерi Ресей Федерациясы Орынбор облысының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп Жайық өзенiн, әсiресе бекiре ұрық шашатын жерлердi осы облыстардың аумағынан тазартылмаған сарқынды суларды ағызуды тоқтату жолымен ластауды болдырмау шараларын пысықтап, жүзеге асырсын.
8. Экономика министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi мен Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы балықтың бекiре түрлерiн ұдайы өсiру, сақтау және санын молайту жөнiндегi мемлекеттiк кешендi бағдарламаны әзiрлейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi аталған бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру көздерiн анықтасын.
9. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, Экономика министрлiгi, Еңбек министрлiгi басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың қатысуымен балық қорғау органдарының қызметiн одан әрi жақсарта түсудi жыл сайын қарастырып, шаралар қолдансын, инспекторлар санын көбейту, көлiк және оперативтi-техникалық құралдармен жасақтау шараларын қосымша қаржыландыруды көздеп отырсын, ал Үкiмет шешiмiн керек қылатын мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлесiн.
10. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, "Қазақстан" мемлекеттiк телерадио хабарларын тарату компаниясы Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесе отырып, бұқаралық ақпарат құралдарының жүргiзiлiп жатқан балық қорғау шараларының барысын жазып, көрсету жұмысын жандандыратын болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi