Қазақстан Республикасында халықаралық Олимпиада лотереясын өткiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 21 сәуiр N 321. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.10.31. N 1326 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетi туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетiнiң қызметiн мемлекеттiк қолдау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, республикадағы олимпиадалық қозғалысты насихаттауға, оның материалдық базасын нығайтуға жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетiнiң, Олимпиада қозғалысына жәрдемдесу қорының, Алматы қалалық әкiмшiлiгiнiң, "Технополис-банк" Акционерлiк коммерциялық банкiнiң гректiң "Интралот" компаниясымен бiрлесiп Алматы қаласында, республиканың облыс орталықтарында Халықаралық Олимпиадалық лотереясын ұйымдастыру және өткiзу мақсатында "Қазақстандық лотерея" акционерлiк қоғамын құруы қолдауға ие болсын.
      2. Олимпиадалық лотереяны ұйымдастыруға қажеттi базаны құрушы шетелдiк әрiптес инвестициясының 22 млн. АҚШ долларынан тұратын, сондай-ақ "ЛОТО-ТОТТО" жүйесiнiң аталған компьютерлендiрiлген ойыны шетелдiк құрылтайшының "ноу-хауы" болып табылатынын ескерiп, "Қазақстандық лотерея" акционерлiк қоғамына аталған лотереяны оны өткiзудiң қосымшадағы шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасында өткiзуге бiрден бiр құқық берiлсiн.
      3. "Қазақстандық лотерея" акционерлiк қоғамының шетелдiк

қатысушыларына өзi тапқан пайда бөлiгiн шетелге өткiзуге және
кедергiсiз аударуға, немесе оны Қазақстан Республикасында кез
келген нысанда қайта инвестициялауға рұқсат етiлсiн.
     4. Жергiлiктi әкiмдерге, басқа да мемлекеттiк басқару 
органдарына республика аумағында "Қазақстандық лотерея" 
акционерлiк қоғамының Халықаралық Олимпиадалық лотереясы аймақтық
орталықтарын құруға жәрдем көрсету ұсынылсын.
            Қазақстан Республикасы
             Премьер-министрiнiң
              бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 21 сәуiрдегi
                                            N 321 қаулысына
                                              Қосымша
            Қазақстан Республикасының аумағында
            "Қазақстан Супер-Лото" Халықаралық
              Олимпиада лотереясын өткiзудiң
                        Шарты
     


      "Қазақстандық лотерея" акционерлiк қоғамы гректiң "Интралот" компаниясының шетелдiк әрiптестер атынан қатысуымен ЛОТО-ТОТТО компьютерлендiрiлген лотереясының құрылтайшылығын қолға алады.
      Қазақстан Республикасының аумағында аталған лотереяны ұйымдастырудың мақсаты республикада Олимпиадалық қозғалысты жан-жақты қолдау және насихаттау, олимпиадалық спорт түрлерi мен республика аймақтарының материалдық және әлеуметтiк базасын нығайту, Қазақстанның Ұлттық Олимпиада командасының Олимпиадалық ойындарға қатысуына сапалы даярлықты қамтамасыз ету болып табылады.
      Аталған лотерея таралымының ұтыс ойыны апта сайын Алматы қаласында өткiзiледi.
      Лотерея билеттерiнiң бланкiлерi фирмалық киоскiлерде таратылады. Төлем билеттi ұтыс ойынына өткiзгеннен кейiн алынады. Лотереяның құны бастапқы кезеңде (үш айда) бiр нұсқа үшiн 30 сом. Нұсқаны құны сұранысқа және инфляциялық процестiң өсуiне қарай көтерiлуi мүмкiн.
      Төлем жасалған нұсқадан алынған жылдық табыс республика бойынша 3 млрд. сомды құрайды, осы соманың кем дегенде 50 процентi ұтыс қорын қалыптастыруға жiберiледi.
      Ұтыстың шектi мөлшерi төленген нұсқалардың санына тәуелдi және ұтыс қорының мөлшерiмен шектеледi.
      Ұтыс нұсқалары болмаған кезде сыйлық сомасы ұтыс қорына түседi және келесi таралымдарда ойынға енетiн болады.
      Таралымның нәтижесi ол тiкелей өткiзiлгеннен кейiн белгiлi болады және бұқаралық ақпарат құралдары мен билеттердi сату нүктелерi арқылы халыққа жеткiзiледi.
      1000000 сомға дейiнгi ұтыстар Акционерлiк коммерциялық "Технополис-банк" банкiне билеттердi көрсеткен сәтте дереу, одан көп сомалар ұтыс шыққан лотерея билетiн төлемге көрсеткеннен кейiн бiр апта мерзiмде жүргiзiледi.
      Ұтыстарды төлеудiң шектi мерзiмi - таралым жүргiзген күннен бастап 1 жыл.
      "Қазақстандық лотерея" акционерлiк қоғамы терминалдар құрумен белгiленген санда билеттер таратушылар штатын ұстайды және оларға жалақы төлеудiң деңгейiн айқындайды (валюталық табыстың 5 процентi шегiнде).

     Лотерея билеттерiнiң нұсқаларын сатудан алынған түсiм
Акционерлiк "Технополис-банк" коммерциялық банкi бөлiмшесiнiң
N 004467612 код 703 МФО 190501109 арнайы шотына түседi.

            "Қазақстандық лотерея" акционерлiк қоғамының
                   табысын бөлудiң үлгi сметасы
     Алматы қаласында терминалымен 1 мың киоск орналастырылған
(1 терминал 4 мың нұсқаға дейiн қызмет көрсетедi) және бiр
нұсқаның құны 30 сом болған жағдайда бiр таралымнан түсетiн
жалпы табыстың жалпы сомасы 120 млн. сомды құрайды.
     Осы соманың:
     50 процентi (60 млн. сом) ұтыс қорына жiберiледi
     20 процентi (12 млн. сом) мемлекеттiк бюджетке аударылады
     30 процентi (48 млн. сом) "Қазақстандық лотерея" акционерлiк
қоғамының табысын құрайды.

                 "Қазақстандық лотерея" акционерлiк
                       қоғамының табысын бөлу
     Бiр таралымнан түскен табыс 48 млн. сом (30 процент) болған
және аталған табыс 100 процент деп қабылданған жағдайда:
     60 процентi - (22 млн. доллар инвестицияның орнын жабуды
                   ескере отырып) 27 млн. сомнан құралған 
                   шетелдiк қатысушылардың табысы
     40 процентi - 18 млн. сом сомадағы қазақстандық 
                   қатысушылардың табысы
     Қазақстандық қатысушылардың табыстары төмендегiдей болып:
     20 процентi - Ұлттық Олимпиада комитетiне;
     20 процентi - Олимпиадалық қозғалысқа жәрдемдесу қорына;
     18 процентi - "Технополис-банк" Акционерлiк коммерциялық
                   банкiне;
     20 процентi - Алматы қаласының әкiмiне;
     22 процентi - "Қазақстандық лотерея" акционерлiк қоғамының
                   резервтiк және басқа қорларына бөлiнедi. 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады