Шет ел валютасына көрсетiлген қызмет үшiн алынған валюта түсiмiнiң бiр бөлiгiн сату туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 4 мамыр 1993 ж. N 351. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.03.19. N 331 қаулысымен. ~P020331

      "1993 жылы Қазақстан Республикасының валюта қорларын қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 21 қаңтардағы қаулысын орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Республика аумағында шет ел валютасына бөлшек сауданы және қызмет көрсетудi ұйымдастыру туралы" 1991 жылғы 5 қарашадағы N 670 қаулысы негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Меншiк нысандарына қарамастан республиканың аумағында тiркелген жеке адамдар мен заңды ұйымдар Қазақстан Республикасы Президентiнiң жоғарыда аталған қаулысына сәйкес шет ел валютасына көрсеткен қызметтерi үшiн алған валюта қаржысының бiр бөлiгiн мiндеттi түрде сатады деп белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады