"Ауыл шаруашылығындағы iстiң жайы және "Қазақ КСР-iнде ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы" Қазақ ССР Заңын iске асырудың барысы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң хабарламасы туралы" Қазақстан Республикасы жоғарғы кеңесiнiң 1993 жылғы 2 сәуiрдегi N 2074-XII қаулысын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 4 мамыр 1993 ж. N 358

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 2 сәуiрдегi N 2074-XII қаулысын iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi министрлiктерiмен, комитеттерiмен, ведомстволарымен және облыстардың әкiмдерiмен бiрлесе отырып:
      "Қазақ КСР-iнде ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы" Заңның ережелерiн орындауды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн тұрақтандыру жөнiнде қосымша шаралар қабылдансын;
      1993 жылғы 15 шiлдеге дейiн ауыл шаруашылығындағы және агроөнеркәсiптiк кешеннiң басқа да салаларындағы экономикалық реформа барысын қорытсын және қажет болған жағдайда нарықтық қатынастарды қалыптастыру процестерiн құқылық реттеудiң пәрмендiлiгiн арттыру мақсатында қазiр қолданылып жүрген заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде оларды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн;
      Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгiмен, Қазтұтынуодағымен бiрлесе отырып, селолық тұрғындарды халық тұтынатын тауарларымен жабдықтауды жақсарту жөнiнде шаралар қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1993 жылдың бюджетiн белгiлеу барысында:
      - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне энергия көздерiнiң, өнеркәсiп өнiмiнiң қымбаттауына, селоға көрсетiлетiн қызмет тарифының өсуiне байланысты ауыл шаруашылық өнiмдерiне қосымша жәрдем ақша бөлу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
      - iрi мал шаруашылығы кешендерiн, құс фабрикалары мен халықты кепiлдi жабдықтау үшiн босатылатын құрама жем шығаруға байланысты шығындарды өтеу үшiн қаржы қарастырсын;
      - контрактация шарттары бойынша тауар өндiрушiлерге дайындау ұйымдарының аванстар беруi арқылы мемлекеттiк ресурсқа ауыл шаруашылығы өнiмдерiн берудi ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесiп осы мақсаттарға несие ресурстарын бөлу тәртiбiн анықтасын.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қазақстан Әлем Банкiмен, республиканың агроөнеркәсiптiк кешенiне енетiн комитеттермен және ведомстволармен бiрлесiп 1993 жылы республикалық валюта қорының қаржысы мен ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiретiн, ұқсататын және сақтайтын жаңа технологиялар алуға, сондай-ақ өсiмдiктер мен малдарды қорғайтын химиялық құралдарды сатып алуға тартылатын шет ел капиталын басым пайдалануды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi:
      1993 жылы орталықтандырылған мемлекеттiк қорлардан агроөнеркәсiп кешенiнiң заңды ұйымдары мен жеке адамдарынан осы қорларға келiп түскен салымдарының сомасынан кем емес мөлшерде агроөнеркәсiп кешенiне қаржы бөлсiн;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен және Мемстаткомымен бiрлесiп, 1993 жылғы мамырдың 10-ына дейiн тауар өндiрушiлерге өндiрiстiң орташа салалық рентабельдiлiк деңгейiн кем дегенде 30 процент қамтамасыз ететiн шартты баға бойынша мемлекеттiк ресурсқа ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатып алу тәртiбi туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтсiн;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен, Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi салынған объектiлердi энергетика қуаттарына қосқаны үшiн төлемнен босату туралы шешiмдi орындауды қамтамасыз етсiн.
      5. 1993 жылы барлық ауыл шаруашылығы товарларын өндiрушiлер, меншiк нысанына қарамастан, тұтынуға жұмсалатын қаржыларды реттеу үшiн бақылау жасаудан босатылсын.
      6. "Қазастықөнiмi" концернi 1993 жылғы қыркүйектiң 1-iне дейiн совхоздар мен колхоздардан сатып алған және республикадан тыс жерге өткiзген 1992 жылғы өнiмнiң астығы үшiн олармен есеп айырысуды аяқтасын.
      7. "Қазмұнайөнiмi" концернi, "Қазагроөнеркәсiптехникасы" республикалық бiрлестiгi үстiмiздегi жылы колхоздарға, совхоздарға, басқа ауыл шаруашылығы кәсiпорындары мен шаруа қожалықтарына мұнай өнiмдерiн 1992 жылғы деңгейден кем емес көлемде берудi қамтамасыз етсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi коммерциялық банкiлермен бiрлесiп, Ұлттық банк 1993 жылы көктемгi егiс жұмыстарын өткiзу үшiн ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге жеңiлдiк жағдайында 350 миллиард сом мөлшерде бөлген несие ресурстарын бөлсiн, Банкiлердiң несиелерiн беру бұрын берiлген қарыздар бойынша есеп айырысу күйiне қарамастан жүргiзiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1993 жылға арналған бюджетке түзету енгiзу барысында коммерциялық банкiлердiң жеңiлдiк несиелер беруге байланысты шығындарын өтеу үшiн қаржы iздестiрсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1993 жылғы 2 сәуiрдегi N 2074-XII қаулысымен:
      ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер, меншiк нысанына қарамастан, өздерi өндiрген өнiмдi, мемлекет қажетi үшiн берiлетiн көлемнен басқа, өз қалауы бойынша дербес өткiзедi деп белгiлегенi;
      жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарға ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сатып алу бағасына шектеу орнатуға тыйым салғаны назарға алынсын және орындалсын.
      Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың, санитарлық және мал дәрiгерлiк қадағалау органдарынан басқа, өздерi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң республика нарығында еркiн өтуiне бөгет жасайтын шешiмдерi жарамсыз болып табылады және орындауға жатпайды.
      Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн республикадан тыс жерге өткiзу Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген тәртiппен квоталар мен лицензиялар бойынша жүзеге асырылады;
      халық депутаттарының жергiлiктi Кеңестерiне селолық жерлердегi әлеуметтiк-мәдени мекемелердi жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз етудi тапсырды.
      10. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қаржы министрлiгi, "Қазастықөнiмi", "Қазмұнайөнiмi" концерндерi және облыстардың әкiмдерi осы қаулының орындалуы жайында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне 1993 жылғы тамыздың 1-iне қарай және 1994 жылғы ақпанның 1-iне қарай баяндасын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады