Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасын кеден тәртiбi үшiн ақы төлеуден босату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 4 мамыр 1993 ж. N 359

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентi Резиденциясының кешенiн жасау туралы" 1992 жылғы 5 наурыздағы N 198 қаулысы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Президентi Резиденциясының кешенiн салуға арналған контракт шегiнде материалдық игiлiктердi әкелуге байланысты кеден тәртiбiн жүргiзу үшiн ақы төлеуден босатылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады