Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк энергетикалық қадағалауы туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 5 мамыр N 362. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.11.08. N 1489 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк энергетикалық қадағалауы туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1993 жылғы 5 мамырдағы
                                             N 362 қаулысымен
                                               Бекiтiлген
             Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                энергетикалық қадағалауы туралы
                     Ереже
      1. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау (Мемэнергияқадағалау) ведомстволық иелiгi мен меншiк нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге мемлекеттiк бақылау және сараптама жасайтын республикалық орган болып табылады, оның мiндетi заңдардың, нормативтi актiлердiң, мемлекеттiк және салалық стандарттардың;
      - белгiлi бiр дәрежеде энергияны үнемдей отырып, тұтынушылардың электр мен жылу энергиясын ұтымды әрi тиiмдi пайдалану;
      - электр мен жылу пайдаланылатын қондырғылардың, Қазақстан Республикасы Мемкентехқадағалауының қадағалауындағыдан немесе арнаулы ереже бойынша пайдаланылатынынан басқа, техникалық жай-күйi және оларға қауiпсiз күтiм жасау;
      - электр мен жылу пайдаланудың шарттық режимдерiн, сондай-ақ энергия жүйелерiне барынша жүктеме түсу кезеңiнде реттеу шараларын сақтау;
      - энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың, сондай-ақ оны тұтынушылардың электр мен жылу энергиясының сапасы жөнiндегi Мемлекеттiк стандарттарды орындау;
      - энергия ресурстарын өндiрушiлер мен тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас жөнiнде монополияға қарсы саясатты жүзеге асыру, олардың арасында Қазақстан Республикасының Мемэнергияқадағалау органдарының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша келiспеушiлiктi қараған кезде аралық жақтың функциясын атқару жөнiндегi талаптары жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
      Қазақстан Республикасы Мемкентехқадағалауының қадағалауындағынан немесе арнаулы ережелер бойынша пайдаланылатынынан басқа электр қондырғыларын қадағалауды осы қондырғылар қарамағында тұрған министрлiктер мен ведомстволар Қазақстан Республикасы Мемэнергияқадағалауының келiсуiмен жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемэнергияқадағалау органдары Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң "Қазақстанэнергия" мемлекеттiк электр энергетика компаниясының құрамына кiредi және өзiнiң қызметiнде республиканың заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, осы Ереженi, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттiк басқару органдарының бұйрықтарын басшылыққа алады және республиканың басқа да басқару органдарымен, жергiлiктi атқарушы органдармен, энергия бiрлестiктерiмен, ғылыми-зерттеу және мамандандырылған жобалау ұйымдарымен өзара тығыз iс-қимыл жасай отырып жұмыс iстейдi.
      3. Республикада мемлекеттiк энергетикалық қадағалауды жүзеге асыратын органдардың жүйесiне "Қазақстанэнергия" мемлекеттiк электр энергетика компаниясының құрамындағы Мемэнергияқадағалау басқармасы, энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiктерiнiң құрылымдық бiрлiгi ретiнде Мемэнергияқадағалау кәсiпорындары кiредi.
      Мемэнергияқадағалау басқармасының құрылымы мен штаты орындайтын мiндеттерiнiң көлемiне сәйкес белгiленедi және тиiстi энергетика мен электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгi бекiтедi.
      Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау функцияларын басқа энергия бiрлестiктерiнiң бөлiмшелерiне және "Қазақстанэнергия" мемлекеттiк электр энергетика компаниясына беруге болмайды.
      Мемэнергияқадағалау органдарының негiзгi қызметi және олардың ұжымдарын әлеуметтiк дамыту жөнiндегi шығындар энергетика мен электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiктерiнiң тауарлы өнiмiнiң өзiндiк құны есебiнен қаржыландырылады.
      4. Мемэнергияқадағалау басқармасының бастығы "Қазақстанэнергия" мемлекеттiк электр энергетика компаниясының бұйрығымен Қазақстан Республикасы энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң келiсуi бойынша қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      Мемэнергияқадағалау кәсiпорнының директоры Мемэнергияқадағалау басқармасының келiсуi бойынша энергетика мен электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгiнiң бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      Мемэнергияқадағалау басқармасының бастығы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының энергетикалық қадағалау жөнiндегi Мемлекеттiк бас инспекторы, ал оның орынбасарлары - Қазақстан Республикасының энергетикалық қадағалау жөнiндегi Мемлекеттiк бас инспекторының орынбасарлары болып табылады.
      Мемэнергияқадағалау басқармасының бас мамандары, жетекшi мамандары, Мемэнергияқадағалау кәсiпорындарының директорлары, олардың орынбасарлары, сондай-ақ энергия инспекциялары мен бөлiмшелерiнiң бастықтары Энергетикалық қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк аға инспекторлар болып табылады.
      5. Қазақстан Республикасы Мемэнергияқадағалау органдары:
      электр және жылу энергиясының сапасының қолданылып жүрген стандарттарына сәйкес тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың шарттық талаптарын қамтамасыз ететiн шараларды энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың орындауын;
      жұмыс iстеп тұрған, жаңадан iске қосылатын және жаңғыртылатын энергияны көп керек ететiн қондырғылар мен энергия тұтынушылардың жабдықтарына баланстық энергетикалық сынақ жүргiзiлуiн;
      ведомстволық иелiгi мен меншiк нысандарына қарамастан энергия тұтынушылардың электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын әзiрлеуiн, бекiтуiн және оларды сақтауын, энергия үнемдейтiн технологияларды енгiзуiн, қайталама жылу энергетика ресурстарын пайдалануын;
      Электр қондырғыларын орнату, электр мен жылу пайдаланылатын қондырғыларды техникалық пайдалану, электр мен жылу пайдаланылатын қондырғыларды пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгiн сақтау ережелерiн, сондай-ақ Электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерiн тұтынушылардың сақтауын;
      өнеркәсiп кәсiпорындарының электр қондырғыларындағы реактивтi қуаттың және соларға теңдестiрiлген басқа да электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғыларындағы реактивтi қуаттың ұтымды дәрежеде өтем жасалуын, сондай-ақ конденсатты қайтару нормаларының дұрыс белгiленуi мен орындалуы қамтамасыз етiлуiн;
      электр және жылу энергиясын өндiру мен тұтынуды есепке алудың жайын, оны пайдаланудың қолданылып жүрген тарифтерi, реактивтi қуатқа өтем жасаудың ұтымды деңгейiн орындағаны (орындамағаны) үшiн электр энергиясына арналған тарифтерден (тарифке үстемеден) шегерiмдердiң, конденсатты қайтарудың белгiленген нормалары асыра орындалған (орындалмаған) жағдайда жылу энергиясының құнынан (құнға үстемеден) шегерiмдердiң дұрыс қолданылуын;
      энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылармен жасаған екi жақты шарттары негiзiнде энергия ресурстары нарығының реттелуiн, энергия ресурстары жетiспеген кезде қуаттар мен энергияны шектеудiң белгiленген тәртiп бойынша әзiрленiп, бекiтiлетiн графиктерi орындалуын;
      ведомстволық бағынысы мен меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындар, тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы және коммуналдық-шаруашылық объектiлерi жобаларының электр мен жылу техникасына қатысты бөлiгi әзiрленуiн қадағалайды.
      6. Қазақстан Республикасының Мемэнергияқадағалау басқармасы:
      осы Ережеге сәйкес Мемэнергияқадағалау кәсiпорындарының қызметiне техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады және олардың жұмысын бақылайды;
      мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың ұсыныстарын ескере отырып кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге мiндеттi электр мен жылу пайдаланылатын қондырғыларды техникалық пайдалану және электр мен жылу энергиясын пайдалану ережелерiн, Электр қондырғыларын орнату ережелерiн, Электр мен жылу пайдаланылатын қондырғыларды пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгi ережелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      өндiрiс технологиясында, жылыту және ыстық сумен жабдықтау үшiн берiлетiн электр энергиясын қарастырады және оны қолдануға рұқсат бередi;
      энергия үнемдеудiң озық тәжiрибесiн қорытып, таратады, энергияны ысырапқорлықпен және заңсыз жұмсаудың бетi ашылған фактiлерiне талдау жасайды, оларды жою жөнiнде тиiстi мемлекеттiк басқару органдары мен кәсiпорындарға ұсыныстар енгiзедi;
      заңсыз және сенiмдi түрде пайдалану мен қауiпсiз күтiм жасау талаптарын қанағаттандырмайтын электр мен жылу пайдаланылатын жабдықтарды, Қазақстан Республикасының Мемкентехқадағалауының қадағалауындағыдан басқа, өндiрiстен алу, сондай-ақ оларды жасауға арналған техникалық шарттарды қайта қарау туралы тиiстi министрлiктер мен ведомстволарға ұсыныс енгiзедi;
      электр мен жылу пайдаланылатын жабдықтарға, Қазақстан Республикасының Мемкентехқадағалауының қадағалауындағыдан басқа, арналған мемлекеттiк стандарттар мен техникалық шарттардың келiсуге табыс етiлген жобаларын қарастырады және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау мен метрология жөнiндегi бас басқармаға осындай жаңа стандарттардың жобасын әзiрлеу және ескiргенiн қайта қарау туралы ұсыныс енгiзедi;
      өзiнiң құзырына енгiзiлген мәселелер бойынша заң актiлерi мен қаулылардың жобасын әзiрлейдi және оларды Қазақстан Республикасының энергетика және отын ресурстары министрлiгi арқылы республика Үкiметiне енгiзедi;
      Мемлекеттiк энергетикалық бақылау кәсiпорындарының, энергия бiрлестiктерiнiң және электр мен жылу энергиясын тұтынушылардың арасындағы Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау органдарының құзырына кiретiн мәселелер жөнiндегi келiспеушiлiктердi қарайды, солар бойынша тиiстi шешiмдер енгiзедi;
      электр мен жылу энергиясын үнемдеу, электр мен жылу пайдаланылатын қондырғылардың техника қауiпсiздiгi және оларды пайдалану жөнiнде белгiленген тәртiппен техникалық әдебиеттер басып шығаруды ұйымдастырады, осы мәселелер бойынша конкурстар, кеңестер, көрмелер өткiзедi.
      7. Энергетикалық қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк бас инспекторға, оның орынбасарларына, мемлекеттiк аға инспекторларға және энергетикалық қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға:
      қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ведомстволық иелiгi мен меншiк нысандарына қарамастан, электр мен жылу пайдаланылатын қондырғыларға тәулiктiң кез келген уақытында бөгетсiз келiп-кету;
      барлық кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге электр мен жылу энергиясын өнiмсiз жұмсау фактiлерiн жою, Электр қондырғыларын орнату, электр мен жылу пайдаланылатын қондырғыларды техникалық пайдалану және оларға күтiм жасаған кезде техника қауiпсiздiгi ережелерiн, сондай-ақ Электр мен жылу энергиясын пайдалану ережелерiн сақтау туралы белгiленген тәртiп бойынша тексеру актiлерiн ресiмдей отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айыппұл санкцияларын қолданып, орындауға мiндеттi нұсқамалар беру;
      авария болу, өрт шығу қатерiн төндiретiн жағдай немесе адамдар мен малдардың өмiрiне төнетiн қауiп анықталған кезде электр мен жылу пайдаланылатын қондырғыларды дереу бөлiп тастауды кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер басшыларынан талап ету, ал бұл талаптар орындалмаған кезде осы қондырғыларды бөлiп тастап, бiтеп қою;
      электр энергиясы мен қуаттарды тұтынуды шектеу графиктерiн енгiзу туралы өкiмдер орындалмаған кезде кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге және басқа меншiк субъектiлерiне электр мен жылу энергиясының босатылуын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арқылы шектеу;
      электр мен жылу пайдаланылатын қондырғыларға күтiм жасайтын адамдарды бақылап, олардың бiлiмiн тексеруге қатысу, бiлiм дер кезiнде тексеруден өтпеген немесе Энергетика қондырғыларына күтiм жасаған кезде техникалық пайдалану және техника қауiпсiздiгi ережелерiнiң талаптарын бұзған адамдарды жұмысқа жiберу құқынан айыру;
      кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң жаңадан iске қосылатын, жаңғыртылатын электр мен жылу пайдаланылатын қондырғыларын тексеруге және пайдалануға беруге рұқсат ету;
      кәсiпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен бiрлесiп белгiленген нысанда авариялық және технологиялық бронь актiлерiн, энергия жүйелерiне барынша жүктеме түсетiн сағаттарда электр қуатын тұтынуды кемiту жөнiнде реттеушi шараларды әзiрлеу және олардың орындалуын талап ету;
      жылу және электр энергиясы мен қуаттарды пайдалану жөнiнде кәсiпорындар мен ұйымдар жасайтын статистикалық және жедеғабыл есеп берудiң дұрыстығын тексеру;
      авариялардың болу жағдайы мен себептерiн, сондай-ақ электр мен жылу пайдаланылатын қондырғыларды, Қазақстан Республикасының Мемкентехқадағалауының қадағалауындағыдан басқа, пайдалануға байланысты ауыр жазатайым оқиғалардың себептерiн тексеруге белгiленген тәртiппен қатысу;
      Қазақстан Республикасы Мемэнергияқадағалау органдарының құзырына жататын мәселелер бойынша министрлiктер мен ведомстволардан, кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден қажеттi мәлiметтер мен материалдар сұратып алу;
      Қазақстан Республикасы Мемэнергияқадағалау органдарының құзырына кiретiн мәселелер бойынша сараптама жасап, қорытынды шығару үшiн қажет болған жағдайларда ғылыми-зерттеу және жобалау институттарының, басқа да ұйымдардың мамандарын қатыстыру құқығы берiледi.
      8. Мемлекеттiк электр энергетикалық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және берiлген құқықтарды дұрыс пайдаланбағаны үшiн заңдармен белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
      9. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың iс-әрекетiне жоғары тұрған органдар арқылы 10 күндiк мерзiмде шағым жасалуы мүмкiн.
      Шағым беру шағым жасалған шешiмнiң орындалуын тоқтата алмайды.
      10. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың бiрыңғай үлгiдегi куәлiгi болады.
      11. Қазақстан Республикасы Мемэнергияқадағалау органдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, банк мекемелерiнде есепшоттары, бланкiлерi мен штамптары болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады