Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы тiл комитетi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 7 мамыр 1993 ж. N 374

      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Тiл комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 сәуiрдегi N 1166 U931166_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Тiл комитетi (бұдан әрi "Тiл комитетi") тiл туралы заңдарды және басқа да ұлт тiлдерiн дамытудың 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасын орындау жөнiндегi мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Тiл комитетi туралы қоса берiлген Ереже бекiтiлсiн.
      2. Тiл комитетi басқару аппаратында 60 адам (күзет қызметкерлерiмен ғимаратты күтушiлердi қоспағанда); Төрағаның 3 орынбасары, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады деп белгiленсiн.
      3. Тiл комитетiне құрамында 11 адамы бар алқа құруға рұқсат етiлсiн. Оның құрамына лауазымы бойынша Төраға, оның орынбасарлары, басқарма бастықтары, сондай-ақ жетекшi ғалымдар мен мамандар енгiзiлсiн.
      4. Тiл комитетiнiң Төрағасы материалдық-тұрмыс және медициналық қамтамасыз ету, көлiк қызметiн пайдалану жағдайы бойынша республика министрiне, ал Төраға орынбасарларының қызметi республика министрлерi орынбасарларының қызметiне теңестiрiлсiн.
      5. Тiл комитетi Төрағасына орталық аппарат штатын белгiленген адам саны мен жалақы қоры шегiнде бекiту құқы берiлсiн.
      Ескерту. 5-тармақтан сөздер алынып тасталған - ҚРМК-нiң
               1995.02.06. N 115 қаулысымен.
      6. Тiл комитетiне қызмет көлiгi ретiнде 4 жеңiл автомобиль және өндiрiстiк қажеттерге арналған 2 автомобиль (РАФ үлгiсiндегi) лимитi белгiленсiн.
      7. Орталық аппаратты ұстауға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде мемлекеттi басқару органдарын ұстауға бөлiнген қаржы есебiнен жүзеге асырылсын.
      8. Тiл комитетiне қажет жағдайларда кешендi бағдарламалар мен сараптамаларды жасауға Комитет қаржысы есебiнен ақы төлеу арқылы бiлiктi мамандарды тартуға рұқсат етiлсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiн құрау кезiнде Тiл комитетiне қажеттi жабдықтар мен мүкәммал, ұйымдастыру және көбейткiш техника, автомашиналар алуға, қызмет үйлерiн ұстау мен күрделi жөндеуге, тұрғын үй салуға қаржы бөлудi көздейтiн болсын.
      10. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Республикалық "Қазконтракт" контракт корпорациясы Тiл комитетiне өзiне жүктелген мiндеттердi қамтамасыз ету үшiн белгiленген тәртiппен материалдық-техникалық ресурстар бөлудi көздейтiн болсын.
      Ескерту. 10-тармақтың соңғы сөйлемiнiң күшi жойылды - ҚРМК-нің
               1994.09.28. N 1073 қаулысымен.
      11. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi өтiнiм және қажеттi есептердiң түсуiне қарай Тiл комитетiн телефон, телекс және факс байланысымен қамтамасыз етсiн.
      12. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi "Ана тiлi" баспасының жанынан қазақ тілі және басқа да ұлттар тіліндегі әдебиеттерді дайындау мен шығаруға бағытталған бас редакция құрып, соңынан оны баспаға айналдыратын болсын және 1994 жылдың 1 қаңтарынан қолдағы материалдық-техникалық базасымен, отырған мекен-жайларымен қоса белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Тіл комитетіне өткізетін болсын.
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нің 1993.11.19. N 1159
               қаулысымен.
      13. Қазақстан Республикасының Мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Алматы қаласының әкiмi Тiл комитетiне оның өзi ұсынған есептер бойынша мемлекеттiк мiндеттердi орындауға арналған үй бөлсiн.
      14. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi екi ай мерзiм iшiнде: облыстарда, қалалар мен аудандарда жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын тиiстi дербес басқармалар құрсын; қызмет жайларын бөлiп, материалдық-техникалық база жасау мен нығайтуға көмек көрсетсiн, қызметкерлерге тұрғын үй алаңын бөлудi, пәтерлерге телефон орнатуды, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнен орын бөлудi қамтамасыз етсiн.
      15.
      Ескерту. 15-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң
               1995.06.12. N 813 қаулысымен. P950813_
      16. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және оның облыстық басқармалары; Тiл комитетiмен келiсе отырып, мемлекеттiк тiлдi қолдану салаларын, қазақ тiлi мен басқа да ұлт тiлдерiн зерттеудi дамыту жағдайын анықтау мақсатында республикалық бюджет қаржысы

 

есебiнен республиканың әлеуметтiк-экономикалық өмiрiнiң сан алуан

саласына жыл сайын статистикалық зерттеу жүргiзсiн, тiлдi

дамыту мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк есептiң арнаулы

нысанын жасап, iске қоссын.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1993 жылғы 7 мамырдағы

                                          N 374 қаулысымен

                                             Бекiтiлген


            Қазақстан Республикасы Министрлер 

         Кабинетiнiң жанындағы Тiл комитетi туралы

                         Ереже



 
       1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Тiл комитетi, бұдан әрi "Комитет" деп аталады, тiл туралы заңдарды, қазақ тiлiн және басқа да ұлт тiлдерiн дамытудың 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасын орындау жөнiндегi орталық мемлекеттiк басқару органы болып табылады. Комитетке тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жүзеге асырады.
      2. Комитет өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, қаулыларын, жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң басқа да нормативтiк құжаттарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      Комитет мемлекет алдында өзiне тапсырылған басқару саласының жағдайы мен Комитет жүйесiне кiретiн мекемелер қызметiнiң тиiмдiлiгiне жауап бередi.
      3. Комитеттiң басты мiндеттерi:
      "Қазақ КСР-iндегi тiл туралы" Қазақ КСР Заңын жүзеге асыру;
      қазақ тiлiн және басқа да ұлт тiлдерiн дамытудың 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасын орындау;
      тiл саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу, оны жүзеге асырудың пәрмендi механизмiн жасау және ұлт тiлдерiн жаңғырту мен дамытуға жақсы жағдай жасау болып табылады;
      4. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың, кәсiпорындар мен мекемелердiң қызметiн үйлестiредi, қоғамдық ұйымдармен тiл туралы республика Заңын сақтауды қамтамасыз ету, қазақ тiлiн және басқа да ұлт тiлдерiн дамытудың 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жөнiнде қоғамдық ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс iстейдi;
      мемлекеттiк саясат пен қоғамдық қызмет атқару салаларын кеңейту мен мемлекеттiк тiлдi дамыту жөнiндегi кешендi бағдарламалардың тиiмдiлiгiн арттыру жайлы ұсыныстарды жасап, жүзеге асырады;
      тiл туралы заңның орындалуын бақылауды жүзеге асырады, оны бұзу фактiлерiн қарайды және олар жөнiнде өз құзыретi ауқымында шешiм қабылдайды;
      республикада ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестiредi, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы ономастикалық және терминологиялық комиссиялардың, қазақ тiлiн және басқа да ұлт тiлдерiн дамытудың 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi Республикалық үйлестiру кеңесiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
      ТМД республикаларында және шет елдерде тұратын қазақ ұлтының өкiлдерiмен, олардың тiл және мәдениет проблемалары жөнiнде құрған қоғамдық ұйымдарымен байланыс жасап, қажет жағдайда оларға методикалық, қаржылай және материалдық-техникалық көмек көрсетедi.
      өз құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады;
      жұмыста жариялылықты қамтамасыз етедi, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, соның iшiнде өз басылымдары арқылы республика халқына тiл туралы республика Заңын, тiлдi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын орындау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру туралы және Комитет қызметiнiң басқа да мәселелерi жөнiнде республика халқына ұдайы хабарлап отырады, республиканың тiл проблемалары жөнiндегi қоғамдық ұйымдарымен қоян-қолтық жұмыс iстейдi.
      Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер жөнiндегi методикалық және ақпарат-талдау құжаттары мен материалдарды жасап, оларды iс жүзiнде орындаудың шараларын қолданады;
      өз құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiндегi қолданылып жүрген заңдарды қолдану тәжiрибесiн қорытады, оларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына жiбередi;
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына Комитет құзыретiне жататын мәселелер жөнiнде заңдық және нормативтiк құжаттардың жобасын ұсынады;
      Экономикалық және әлеуметтiк дамудың, республика мемлекеттiк бюджетiнiң тiлдi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруды қаржы жағынан қамтамасыз ету бөлiгiнiң жобаларын жасауға қатысады;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Комитет құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiндегi шешiмдерiнiң орындалуын бақылау мен тексерудi жүзеге асырады.
      5. Комитет өз мiндеттерiн қолданылып жүрген заңдар ауқымында атқару үшiн: министрлiктерден, ведомстволардан, облыстық және жергiлiктi әкiмшiлiк аппараттарынан, басқа да мемлекеттiк басқару органдарынан, мекемелерден, кәсiпорындардан, олардың лауазымды адамдарынан тiл туралы заңдарды, тiлдi дамытудың мемлекеттiк және басқа да бағдарламаларын орындау жөнiндегi хабарларды, мәлiметтердi, құжаттарды сұрауға;
      Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер жөнiнде ресми түсiнiк беруге;
      тiл саласындағы мемлекеттiк саясат, мемлекеттiк тiл мен басқа да ұлт тiлдерiнiң қоғамдық қызмет атқару саласын кеңейту жөнiндегi кешендi бағдарламалар жасау мәселелерi жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға;
      өзiнiң мәжiлiстерiнде тiл жөнiндегi басқармалардың басшыларын, жергiлiктi әкiмшiлiк аппаратының тиiстi қызметкерлерiн тiл туралы заң мен қазақ тiлiн және басқа да ұлт тiлдерiн дамытудың 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк бағдарламасын орындау мәселелерi жөнiнде тыңдауға; Мемлекеттiк статистика комитетiнен белгiленген мәселелер бойынша тiлдi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру туралы жыл сайынғы (немесе басқа мерзiмдегi) есеп және Комитетке жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн республиканың министрлiктерi мен ведомстволарынан қажеттi хабарлар алуға;
      баспа ашуға, белгiленген тәртiппен газеттер мен журналдар ашып, оларды қайта құру мен жоюға, олардың қызметiне басшылық жасауды жүзеге асыруға қақылы. Тiлдi дамыту проблемалары жөнiнде арнаулы теле- және радио хабарларын жүргiзуге құқылы.
      6. Комитетке Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басшылық жасайды.
      Комитет Төрағасының орынбасарын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      7. Комитет Төрағасы Комитетке басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелетiн мiндеттердi орындауға дербес жауап бередi, Төраға орынбасарларының мiндеттерiн бөлiп бередi, қызметкерлердiң белгiленген саны мен еңбекке ақы төлеу қоры ауқымында Комитеттiң орталық аппаратының штат кестесiн бекiтедi, құрылымдық бөлiмшелер туралы ереженi бекiтiп, олардың басшыларының мiндеттерiн айқындайды.
      Ескерту. 7-тармақтан сөздер алынып тасталған - ҚРМК-нiң
               1995.02.06. N 115 қаулысымен.
      8. Комитет Төрағасы Комитеттiң, сондай-ақ қарамағындағы мекемелер мен кәсiпорындардың қызметкерлерi мiндеттi түрде орындайтын бұйрықтар, жарлықтар мен нұсқаулар, көрсетпелер бередi.
      Комитеттiң өз құзыретi ауқымында қабылдаған шешiмдерi барлық министрлiктер мен ведомстволардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың жұмыста пайдалануына мiндеттi болып табылады.
      Қажет жағдайларда Комитет басқа министрлiктермен, ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп немесе келiсе отырып қаулылар, бұйрықтар мен нұсқаулар шығаруына болады.
      9. Комитет қызметiнiң аса маңызды мәселелерiн талқылау үшiн Комитет Төрағасы (алқа төрағасы) және қызметi жағынан Комитет Төрағасының орынбасары, Комитет басқармалары, жетекшi ғалымдар мен мамандар құрамында алқа құрылады.
      Комитет алқасының дербес құрамына Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi. Алқа шешiмдерi қаулы түрiнде шығарылып, оған Комитет Төрағасы қол қояды.
      10. Комитет жүйесiне облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмшiлiктерi құрған аумақтық органдар - облыстық, қалалық және аудандық басқармалар кiредi. Аумақтық органдар Комитетпен тұтас құрылымды құрайды, Комитетке жүктелген барлық мiндеттердi орындайды әрi оған және тиiстi әкiмшiлiктердiң әкiмдерiне есеп бередi.
      Тiл жөнiндегi облыстық, Алматы және Ленинск қалалық басқармаларының бастықтарын қызметке Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Тiл комитетiнiң Төрағасы облыстардың, Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiнiң ұсынысымен, ал қалалық және аудандық басқармалардың бастықтарын облыстық, қалалық басқармалардың бастықтары қалалар мен аудандар әкiмдерiнiң ұсынысымен тағайындайды.
      11. Комитет мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн оның жанында Қоғамдық ғылыми-сараптама кеңесi құрылады. Ғылыми-сараптама кеңесiнiң жұмысын ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз етудi Комитет аппараты жүзеге асырады.
      Ғылыми-сараптамалық кеңесiнiң құрамы ғалымдар мен мамандардан, Комитеттiң, Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi мен ведомстволарының қызметкерлерiнен құралады және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      12. Комитет Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы мен қазақ және орыс тiлдерiнде өзiнiң аты жазылған мөрi бар заңды ұйым болып есептеледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады