Гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы жөнiндегi республикалық қор туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 12 мамыр 1993 ж. N 378. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Гидрометеорология және табиғи орта ластануының жай-күйi саласындағы бақылау, экспедициялық жұмыстар, ғылыми-зерттеулер құжаттарын жинаудың, есепке алудың, сақтаудың, пайдаланудың қажеттiлiгi мен маңыздылығын ескерiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарманың бұрынғы КСРО Гидрометеорология және табиғи ортаны бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Гидрометеорология жөнiндегi мемлекеттiк қорының Қазақ бөлiмiн Гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы жөнiндегi республикалық қор етiп қайта құру туралы ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарма гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы жөнiндегi қордың жұмыстарын ұйымдастыратын болсын. 
      3. Гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы саласында жұмыс жүргiзетiн Қазақстан Республикасының министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттерiне, басқа да шаруашылық субъектiлерiне меншiк нысандарына қарамастан: 
      Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарма белгiлеген ережелердi сақтай отырып, Гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы жөнiндегi республикалық қорға бақылау, ғылыми-зерттеу, экспедициялық жұмыстардың, оның iшiнде Каспий мен Арал теңiздерiнiң ашық бөлiктерiндегi жұмыстардың құжаттарын дер кезiнде сақтауға беретiн болсын; 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасында су шаруашылығы органдарының уақытша және пайдаланушы постарынан басқа олардың қарауындағы гидрометеорологиялық станцияларды тiркеп, осы басқарманың әдiстемелiк нұсқауларына сәйкес гидрометеорология және табиғи ортаның ластануын бақылау саласындағы жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламалары онымен келiсетiн болсын. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады