Ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) реттеу жөнiндегi республикалық пәтуаластыру комиссиясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 19 мамыр N 405. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.06.25. N 1018 қаулысымен. ~P971018


     Ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) қарау және реттеу үшiн
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     1. Ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) реттеу жөнiндегi
Республикалық пәтуаластыру комиссиясы туралы қоса берiлiп
отырған Ереже бекiтiлсiн.
     2. Республикалық пәтуаластыру комиссиясы мына құрамда 
құрылсын:
Жабағин А. Ә.      - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
                     орынбасары (комиссияның төрағасы)
Бейсенов С. Д.     - Қазақстан Республикасының Еңбек министрi
                     (комиссия төрағасының орынбасары)
Мұқашев С. О.      - Қазақстан Республикасы Кәсiподақтар 
                     федерациясы Кеңесiнiң төрағасы (комиссия
                     төрағасының орынбасары)
                   Комиссия мүшелерi:
Акимов Б. М.       - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп 
                     министрлiгiнiң орынбасары
Әлiмжанов Қ. Қ.    - Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң
                     Әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi жөнiндегi
                     басқармасының бастығы
Базылов Қ. Б.      - Қазақстан Республикасы Байланыс министрiнiң
                     орынбасары
Баубеков Д. И.     - Талдықорған облыстық кәсiподақ кеңесiнiң
                     төрағасы
Бутина М. С.       - Денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң кәсiподағы
                     орталық комитетiнiң төрағасы
Қалиев А. Ж.       - Энергетика және электр техникасы өнеркәсiбi    
                     қызметкерлерiнiң кәсiподағы орталық 
                     комитетiнiң төрағасы
Қасенов Е. С.      - "Найза" акционерлiк қоғамының президентi
Крепак П. И.       - Қазақстан Республикасы Кәсiподақтар 
                     федерациясы Кеңесi төрағасының орынбасары
Күленов А. С.      - Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының бас
                     директоры
Құлжанов М. Қ.     - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                     министрiнiң орынбасары
Мамонтов Я. Я.     - "Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң
                     бас директоры
Молдахметов М. М.  - Алматы облыстық кәсiподақ кеңесiнiң төрағасы
Нұржанов Б. Ғ.     - Қазақстан Республикасының Энергетика және 
                     отын ресурстары министрiнiң бiрiншi 
                     орынбасары
Никифоров М. Д.    - Көмiр өнеркәсiбi қызметкерлерiнiң кәсiподағы
                     орталық комитетiнiң төрағасы 
Озолинг Э. И.      - Қазақстан Республикасының Сәулет және
                     құрылыс жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
                     төрағасының орынбасары
Рамаданов Т. М.    - "Сұңқар" акционерлiк қоғамының президентi
Романов В. И.      - Қазақстан Республикасының Халықты 
                     әлеуметтiк жағынан қорғау министрiнiң 
                     орынбасары 
Рысбеков Ш. М.     - Қазақстан Республикасының шағын кәсiпорындары
                     одағының бас директоры
Темiрболатов С. Ғ. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң
                     орынбасары
Тайғашынов Ж. Д.   - Қазақстан Республикасы Көлiк министрiнiң
                     орынбасары
Тайыров М. Т.      - Қазақстан Республикасы кәсiподақтарының
                     федерациясы Кеңесiнiң еңбекшiлердiң 
                     әлеуметтiк-экономикалық құқығын қорғау
                     бөлiмiнiң бас кеңесшiсi
Телемтаева М. С.   - Қазақстан Республикасы Сауда министрiнiң
                     орынбасары
Соломин Л. З.      - Тәуелсiз кәсiподақ орталығының президентi
Хурин М. С.        - Қазақстан Республикасы бiрлескен кооперативтер
                     одағының және басқа да кәсiпкерлiк 
                     құрылымдардың президентi
Шоланов Б. Ғ.      - Кен-металлургия өнеркәсiбi еңбекшiлерiнiң  
                     кәсiподағы орталық комитетiнiң төрағасы
Шанко А. М.        - "Алматы ауыр машина жасау зауыты"
                     акционерлiк қоғамының президентi
            Қазақстан Республикасының  
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 19 мамырдағы
                                           N 405 қаулысымен
                                            Бекiтiлген
            Ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын)
         реттеу жөнiндегi Республикалық пәтуаластыру
                   комиссиясы туралы
                    Ереже
                   I. Жалпы ережелер


      1. Ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) реттеу жөнiндегi Республикалық пәтуаластыру комиссиясы (бұдан былай - комиссия) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Әлеуметтiк-еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы" 1992 жылғы 3 тамыздағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, N 31, 474-бап) N 645 қаулысына сәйкес құрылған.
      Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа актiлерiн, осы Ереженi және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 3 тамыздағы N 645 қаулысымен бекiтiлген Салалық тарифтiк (республикалық, салалық, аймақтық) келiсiмдер жасасудың тәртiбi туралы ереженi басшылыққа алады.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiленген комиссияның дербес құрамы әлеуметтiк әрiптестiктiң тараптары - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кәсiподақтар бiрлестiктерi мен кәсiпкерлер (жұмыс берушiлер) бiрлестiктерi өкiлдерiнiң, өкiлдiктердiң, өкiлеттiктердiң, тең құқылық пен өзара жауапкершiлiк жөнiндегi екi жаққа тең принциптерiн сақтаған жағдайда өзгеруi мүмкiн.

                    II. Комиссияның мақсаттары мен мiндеттерi
      3. Комиссияның негiзгi мақсаты жалдамалы еңбек қызметкерлерiнiң, кәсiпкерлердiң (жұмыс берушiлердiң) экономикалық және әлеуметтiк мүдделерiн ескере отырып, әлеуметтiк әрiптестiктiң пәрмендi жүйесiн құру арқылы қол жететiн батыл экономикалық реформаларды iске асыруға жәрдемдесу және азаматтық татулықты қамтамасыз ету болып табылады.
      4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      еңбек қатынастарында жанжал туғызатын себептердi анықтау;
      ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) реттеу;
      экономикалық, әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласында өзара тиiмдi байланыстар орнату үшiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердiң ұқсас құрылымдары арасында өзара бiрлесiп әрекет етудi ұйымдастыру болып табылады.

                    III. Комиссияның құқықтары
      5. Комиссияның өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн:
      ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) реттеу жөнiндегi жұмыстарға министрлiктердiң (ведомстволардың), ассоциациялардың, корпорациялардың, концерндер мен басқа да бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, кәсiподақ органдарының басшылары мен қызметкерлерiн, сарапшыларды қатыстыруға;
      салалық тарифтiк келiсiмдер бойынша алауыздықтарды шешу жөнiндегi мәселелердi қарау және ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) реттеу үшiн аймақтардағы, салалардағы, бiрлестiктердегi, кәсiпорындардағы, мекемелер мен ұйымдардағы әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар туралы қажеттi ақпараттар алуға, сондай-ақ қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларымен, статистикалық материалдармен танысу үшiн комиссия мүшелерi мен сарапшыларын жұмсап отыруға құқығы бар.
      6. Комиссия төрағасы:
      комиссияның, оның жұмыс тобының әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi салалық комиссиялармен қызметiн үйлестiредi;
      бiрлескен шешiмдердi талдап жасау және оларды жүзеге асыру барысында тараптардың өзара iс-қимылын және келiсiмге келуiн қамтамасыз етедi.

                    IV. Комиссия қызметiнiң тәртiбi
      7. Комиссия ұжымдық еңбек даулары (жанжалдары) пайда болған жағдайларда жұмыс iстейдi.
      8. Қажет болған жағдайда тараптардың әрқайсысы жекелеген мәселелер жөнiнде келiсiлген шешiмдер жасау үшiн жұмыс топтарын құрады.
      9. Тараптардың әрқайсысынан комиссия мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда комиссия мәжiлiсi құқықты болады.
      Комиссияның және жұмыс топтарының мәжiлiстерiне сарапшылар қатыса алады.
      10. Комиссия қарайтын барлық мәселелер бойынша шешiм келiсiм негiзiнде, тараптардың әрқайсысының тiзiмдегi құрамынан үштен екiсiнiң дауыс берiп, шешiм қабылдаған жағдайда қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады