Қазақстан Республикасында стандарттар мен техникалық шарттардың сақталуына мемлекеттiк қадағалау туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1993 жылғы 20 мамырдағы N 410. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.17. N 367 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзудiң тәртiбi туралы" 1993 жылғы 18 қаңтардағы N 1887-XII қаулысын орындау үшiн Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасында стандарттар мен техникалық шарттардың сақталуына мемлекеттiк қадағалау туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы       
Министрлер Кабинетiнiң       
1993 жылғы 20 мамырдағы       
N 410 қаулысымен          
бекiтiлген             

Қазақстан Республикасында стандарттар мен техникалық
шарттардың сақталуына мемлекеттiк қадағалау туралы
ЕРЕЖЕ

      ЕСКЕРТУ. Ереженiң мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚРМК-нiң
1995.09.13. N 1259 қаулысымен .

      Осы Ереже "Стандарттау және сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған және Қазақстан Республикасының аумағында стандарттар мен техникалық шарттардың (бұдан былай - стандарттарды) сақталуына мемлекеттiк қадағалауды ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн, сондай-ақ мемқадағалау нәтижелерi бойынша қолданылатын шараларды айқындайды.
      1. Стандарттардың сақталуына мемлекеттiк қадағалау мемлекеттiк басқару органдарында да меншiк нысанына қарамастан шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде де (бұдан былай "кәсiпорындар" деп аталады) жүзеге асырылады.
      2. Стандарттардың сақталуына мемлекеттiк қадағалаудың негiзгi мақсаты - өнiм сапасы мәселелерi байланысты тұтынушылардың мүдделерi мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
      3. Мемлекеттiк қадағалау мыналарды қамтамасыз ететiн бағыттарда жүргiзiледi:
      қолданылып жүрген заңдармен айқындалған, соның iшiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын шет елдердiң халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттардың барлық дәрежедегi қалыпты құжаттарының талаптарын, сондай-ақ келiсiм-шарттарда көзделген талаптардың сақталуын бақылау;
      мiндеттi түрде сертификаттың болуын бақылау;
      ведомстволық стандарттау қызметтерiнiң жұмысын бақылау және өнiм сапасын қамтамасыз ету.
      4. Қазақстан Республикасында стандарттардың сақталуына мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет (Қазақстан Республикасының Мемстандарты) пен оның аумақтық органдары (Стандарттау және метрология орталықтары) жүзеге асырады.
      5. Стандарттың сақталуына мемлекеттiк қадағалау жасайтын лауазым иелерi Қазақстан Республикасының Мемстандарты облыстардың бас мемлекеттiк инспекторлары және мемлекеттiк инспекторлар ретiнде аттестаттаудан өтедi.
      6. Бас мемлекеттiк инспекторлар мен олардың орынбасарларына, мемлекеттiк инспекторларға төмендегiдей құқықтар берiледi:
       кәсiпорындардан стандарттардың, метрологиялық ережелердiң және сертификаттау талаптарының сақталуы мәселелерi жөнiндегi қажеттi мәлiметтер мен материалдарды алу;
      тексерулер мен сараптауларды жүргiзу үшiн қажет болған жағдайда кәсiпорындардың техникалық құралдары мен мамандарын олардың басшыларымен келiсе отырып, тарту;
      Қазақстан Республикасының Мемстандарты органдарының қызметтiк куәлiктерiн көрсеткен жағдайда өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн кәсiпорындарға кiру;
      белгiленген тәртiп бойынша кәсiпорында мемлекеттiк қадағалаудың кез келген нысанын өндiрiлетiн өнiмнiң сапасына байланысты мерзiмi, күшейтiлген және бақылаудың айрықша тәртiбiн енгiзу;
      олардың қалыпты техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн зерттеу мен тексеру үшiн сол өнiмге деген стандарттарда немесе басқа да ресми құжаттарда белгiленген мөлшерде өнiм үлгiсiн таңдап алу (қажет болған жағдайда өнiмнiң таңдап алынған үлгiлерiн сынау тексерiлетiн кәсiпорыннан тысқары жерде өткiзгенде - ол кәсiпорын есебiнен жүргiзiледi);
      стандарттар талаптарының бұзылуын немесе оларды болдырмаудың себептерiн жою туралы кәсiпорындар үшiн мiндеттi нұсқау-хаттарды беру;
      стандарттар талаптарына сәйкес келмейтiн конструкторлық, технологиялық және жобалық құжаттарды тапсырыс иесiне (өндiрiске) беруге және пайдалануға тыйым салу;
      стандарттар талабын, сертификаттау ережелерiн бұзу, немесе белгiленген тәртiптегi құжаттармен бекiтiлмеген өнiмдердi (қызмет көрсетудi) өндiру фактiлерi анықталған жағдайларда өнiмдi өндiруге, тасымалдауға, сақтауға және пайдалануға, сондай-ақ қызмет көрсетуге тыйым салу;
      мiндеттi түрде сертификатталуға тиiстi, бiрақ сәйкестiк сертификаты жоқ өнiмдi сатуға тыйым салу;
      сертификат пен өнiмге сәйкестiк белгiсiн қолдану құқының күшiн жою немесе тоқтату;
      сапасыз өнiм өндiруге әкелiп соғатын, стандарттар талаптарын бұзғаны анықталған жағдайда өнiм шығаруды тоқтату;
      стандарттау мен сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшiн оларға жауапкершiлiк шараларын қолдану жөнiнде заңды ұйымдарға нұсқау-хат беру;
      кiнәлi лауазым иелерi мен адамдарды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту үшiн материалдар әзiрлеу.
      7. Мемлекеттiк қадағалау нәтижелерi Қазақстан Республикасының Мемстандарты белгiлеген тәртiп бойынша актiлермен рәсiмделедi.
      Стандарттар талаптарын бұзғаны анықталған тексеру актiлерi тексерiлген кәсiпорын үшiн жоғары болып табылатын органды назарға алу және шара қолдану үшiн жолданады.
      Облыс, Республика немесе өнеркәсiптiң жеке саласы бойынша жиынтықталған мемлекеттiк қадағалау нәтижесi дәйектi түрде республика Үкiметiне, жергiлiктi әкiмдерге, тиiстi министрлiктер мен ведомстволарға жiберiледi.
      Стандарттар талаптарын бұзған кәсiпорындарды қадағалау нәтижелерi анықталған тәртiп бұзушылыққа орай әртүрлi нұсқау-хат берiледi.
      8. Республиканың Бас мемлекеттiк инспекторы немесе оның орынбасарлары стандарттар талаптарының бұзылуы және кәсiпорында тиiстi сападағы өнiмдi өндiруге қажеттi жағдайлардың болмауы фактiлерi анықталған жағдайда өнiм (технологиялық процестi толық немесе сапасыз өнiм өндiруге әкелiп соғатын оның жекелеген операцияларын) өндiрудi тоқтату туралы нұсқау бередi.
      9. Облыстардың бас мемлекеттiк инспекторлары немесе олардың орынбасарлары мынандай нұсқау түрлерiн бередi:
      а) мына жағдайларда өнiм өткiзуге, жұмыс пен қызмет орындауға тыйым салу туралы:
      стандарттар талаптарына сай келмейтiн өнiмдi әзiрлеуге, жұмыс пен қызметтi орындауға және өнiмнiң тұрақты сапасын, жұмыс пен қызметтiң орындалуын қамтамасыз ететiн жағдайлардың жоқ болуы;
      белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлген қалыпты-техникалық құжаттары жоқ өнiмдi өндiрудi, жұмыс пен қызметтi орындауы;
      егер де тексеру кезiнде анықталған стандарттардың сақталмауы өнiмнiң сапасын кемiтсе немесе кемiтуi мүмкiн болса, тауар түрiн нашарлатса, бұзса немесе өнiмнiң қалыптан тыс жойылуына әкелiп соқса, ондай өнiмнiң тасымалдануы мен сақталуы;
      арнаулы көрсеткiштерi, сыйысымдылығы мен өзара алмастырылуы, сенiмдiлiгi, қауiпсiздiгi, эргономиялық және экологиялық көрсеткiштерi бойынша кiнараты бар өнiмдердi пайдалануы;
      б) мынандай жағдайларда стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтiн өндiрiлген өнiмнен, жұмыс пен қызмет көрсетуден алынған, бiрақ 12 айдан аспайтын мерзiмдегi, нақтылы пайданың толық сомасын тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне өндiрiп алу туралы:
      егер де ол кемшiлiктер өнiм сапасының нашарлауына әкелiп соқса, сапа мен жиынтықтылығы жөнiндегi, ыдысы, оралуы және таңбалануы жөнiндегi стандарттар талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдердiң сатылуы;
      стандарттар талаптары бұзылған жұмыс пен қызметтiң өткiзiлуi;
      в) пайдаланылуы мен сақталуы адамдардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiретiн немесе келтiруi мүмкiн, стандарттар талаптарына сай келмейтiн, сатылған өнiмдер құнының мөлшерiндегi соманы тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне аударылады өндiрiп алу туралы;
      г) Қазақстан Республикасының Мемстандарттың аумақтық органының тыйым салынуы қарамастан сатылған стандартсыз өнiм құны сомасының 50 процентiн тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне өндiрiп алу туралы;
      д) сол өнiмнiң стандарттар талаптары мен сертификаттау ережелерiне сәйкес емес екендiгi жөнiндегi фактiлер анықталған жағдайда сатылуға арналған, тексерiлген өнiм құнының мөлшерiндегi соманы өндiрiп алу туралы;
      е) мынандай жағдайларда сәйкестiк сертификатының күшiн немесе сәйкестiк Заңын қолдану құқық тоқтатып, жою туралы:
      сертификатқа сәйкес келмейтiн өнiмнiң сатылуы;
      сертификаттың қолдан жасалуы немесе оның күшiнiң мерзiмiнiң өтiп кетуi;
      сертификаттаудан өтпеген өнiмге сәйкестiк белгiсiнiң қойылуы;
      мемлекеттiк инспекторға өнiмнiң сертификатталуы туралы қажеттi ақпаратты беруден бас тартуы.
      Заң бұзушы 15 күн iшiнде ерiктi түрде орындамаған стандарттау және сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшiн белгiленген сомаларды заңды тұлғалардан өндiрiп алуға арналған ұйғарымның барлық түрлерiн Қазақстан Республикасының Мемстандартының аумақтық органдары қадағалау объектi орналасқан жердегi салық инспекциясына - орындау үшiн және кәсiпорынның есебi сақталуы банкке - Қазақстан Республикасында ақшасыз есептеулердi жүргiзу тәртiбiне сәйкес шараларды қабылдау үшiн жолдайды.
      Белгiленген өндiрiп алынатын сома бюджеттiк жiктеуге сәйкес тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне аударылады:
      90 процентi - республикалық бюджет табысының бюджеттiк топқа бөлiнiсiнiң 12-тармағының 27-параграфына.
      10 процентi - Қазақстан Республикасының Мемстандарттың Ұйғарым берген аумақтық органының арнайы қаражаты жөнiндегi ағымдағы есепшотына.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.09.13.
N 1259 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақтың "б", "в", "г", "д"-тармақшалары сөздермен толықтырылды, 19-абзац жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
1997.04.08. N 505 қаулысымен
      10. Стандарттардың сақталуына мемлекеттiк қадағалау жасаушы мемлекеттiк инспекторлар:
      стандарттың бұзылған талаптарын қалпына келтiру және сол кемшiлiктерге жол бергiзген себептердi жою туралы;
      стандартсыз өнiмнiң тексерiлген партиясын сатуға тыйым салу туралы;
      мiндеттi түрде сертификатталуға тиiстi өнiмдi сәйкестiк сертификатынсыз сатуға тыйым салу туралы нұсқаулар бере алады.
      11. Нұсқауларды рәсiмдеу мен олардың нысандары жөнiндегi талаптарды Қазбасстандарт белгiлейдi.
      12. Стандарттардың сақталуын мемлекеттiк қадағалаудың нәтижелерi бойынша Қазбасстандарттың аумақтық органдары:
      төрелiк сотқа - стандартсыз өнiмдi өткiзу арқылы мемлекеттiк мүддеге нұқсан келтiретiн кәсiпорындарға мүлiктiк жауапкершiлiк шараларын қолдану туралы мәселенi шешу үшiн стандарттар талабын бұзатын кәсiпорындар туралы хабарлама;
      прокуратура органдарына;
      кәсiпорынның бiрнеше рет немесе аса iрi көлемде сапасыз тауарларды сатқаны;
      лауазым иелерiнiң қызмет бабын пайдаланғаны немесе жауапсыздығы салдарынан мемлекетке айтарлықтай зиян шеккiзген, стандартсыз өнiмдi өндiргенi жөнiндегi хабарларды жолдап тұрады.
      13. Мемлекеттiк инспекторлардың iс-әрекетiне Қазбасстандарт органдарының жоғары лауазымды адамдарына шағынуға болады. Стандарттардың сақталуына мемлекеттiк қадағалау жасайтын лауазым иесiнiң iс-әрекетiне жазылған арыз түскен күнiнен бастап 15 күннен кешiктiрiлмей, ал қосымша зерттеу мен тексерудi қажет ететiн арыздар бiр ай мерзiмде қаралуға тиiс.
      Кәсiпорындардың басшылары мемлекеттiк инспекторлардың өздерiне жүктелген мiндеттерiн орындауы үшiн қажеттi жағдайлар туғызады.
      14. Стандарттар мен техникалық шарттар талаптарының сақталуына мемлекеттiк қадағалау басқа мемлекеттiк органдардың стандарттау мен сапаны бақылаудың ведомстволық қызметтерiмен, техникалық комитеттермен, тұтынушылар қоғамдарымен тығыз байланыста жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады