Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанынан агроөнеркәсiптiк кешен Кеңесiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1993 жылғы 21 мамырдағы N 425. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 301 Қаулысымен.

      Әлеуметтiк-экономикалық реформаны тереңдету жағдайында ауыл шаруашылығын, тамақ және ұқсату өнеркәсiбiнiң, материалдық-техникалық қамтамасыз етудi дамыту саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзу жөнiндегi iс-әрекеттi үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан мынадай құрамда агроөнеркәсiптiк кешен Кеңесi құрылсын: Кеңес төрағасы Есiмов А.С. - Қазақстан Республикасы Премьер- министрiнiң орынбасары Кеңес төрағасының орынбасарлары Карибжанов Ж.С. - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Бектемiсов А.И. - "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi Дiнiшев Т.М. - "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi Кеңестiң жауапты хатшысы Романов А.Ф. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бiрiншi орынбасары Кеңес мүшелерi Беляков В.П. - "Құнарлылық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi Гончаров В.А. - "Тоған" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi Горкопенко А.Ф. - "Ақ қауырсын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi Елемесов К.Е. - "Руноқаракөл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi Қалиев Ғ.А. - Қазақ ауыл шаруашылық академиясының президентi Қыпшақбаева Н. - Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Зиябеков Б.З. - Қазагроөнеркәсiпбанк Басқармасының төрағасы Красносельский Н.Ф. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң орынбасары Кулишов Г.Ф. - "Жемiс" жемiс-көкөнiс агроөнеркәсiптiк құрамалары Республикалық бiрлестiгiнiң төрағасы Құсайынов А.Қ. - "Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi Менжулин Б.И. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасары Мүсiлiмов М.С. - "Ауыл құрылысы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi Науменко И.Н. - Өнеркәсiптiк негiзде мал шаруашылығы өнiмiн өндiру жөнiндегi ауыл шаруашылығындағы Өндiрiстiк бiрлестiгiнiң төрағасы Оспанов Б.С. - Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң төрағасы Остапенко Ю.И. - "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының президентi Сәрсенов Ө.С. - Қазтұтынуодағы Басқармасының төрағасы Сәрсекенов Т.Б. - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Балық шаруашылығы жөнiндегi комитет төрағасы Федченко В.Г. - "Қазагрожөнмаш-холдинг" ауыл шаруашылық машиналарын жасау және агроқызмет көрсету жөнiндегi мемлекеттiк холдингтiк компания президентi" ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1993.08. N 886 қаулысымен. ЕСКЕРТУ. Құрам өзгертiлдi - ҚРМК-нiң 1996.01.06. N 11 қаулысымен. 2. Агроөнеркәсiптiк кешен Кеңесi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi Б.М.Тұрсынбаев Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Президиумы құрамына енгiзiлсiн.
      4. Мыналар күшiн жойған деп танылсын:
      Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi туралы" 1991 жылғы 29 наурыздағы N 210 қаулысының 10 тармағы;
      Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң "Агроөнеркәсiптiк кешен жүйесiн Үйлестiру кеңесiнiң құрамын бекiту туралы" 1991 жылғы 27 мамырдағы N 332 қаулысы;
      Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 23 тамыздағы N 485 қаулысымен ( Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 19, 134-бап) бекiтiлген Қазақ ССР агроөнеркәсiп кешен жүйесiнiң Үйлестiру кеңесi туралы Ереже.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 мамырдағы N 425 қаулысымен бекiтiлген
 
 
           Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы
                 агроөнеркәсiптiк кешен Кеңесi туралы
                                ЕРЕЖЕ
 
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы агроөнеркәсiптiк кешен Кеңесi экономикалық реформа жағдайында республиканың агроөнеркәсiптiк кешенiн дамыту жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi және оны тарату жөнiндегi iс-қимылды үйлестiрудi жүзеге асырады.
      2. Агроөнеркәсiптiк кешен кеңесiнiң (бұдан әрi Кеңес деп аталады) басты мiндетi - ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрумен айналысатын, ауыл шаруашылығы үшiн өндiрiс құралдарын шығаратын, ауыл шаруашылық шикiзатын және осы шикiзаттан өндiрiлген өнiмдi ұқсатуды, сатуды және өткiзудi жүзеге асыратын республиканың селолық, поселкелiк желiсiне қызмет көрсететiн ауыл шаруашылығының мемлекеттiк, жеке меншiк, ұжымдық кәсiпорындарын, өндiрiстiк және тұтыну кооперативтерiн, кәсiпорындарды, бiрлестiктердi және басқа шаруашылық субъектiлерiн құқылық қорғауды, материалдық-техникалық және қаржылық қолдануды қамтамасыз етудi жүзеге асыру болып табылады.
      Осы мақсатпен, Кеңес:
      агроөнеркәсiптiк кешенiн оған кiретiн салалардың экономикалық, құқылық, технологиялық және ұйымдық байланыстарын реттеу жолымен перспективалы дамытудың маңызды бағытын;
      ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге, ғылыми ұйымдардың қызметi мен дамуын үйлестiруге, ғылыми зерттеулер тақырыбын қалыптасыруға байланысты негiзгi мәселелердi;
      шаруашылық жүргiзудiң түрлi нысанындағы агроөнеркәсiптiк кешен салаларын дамытуды теңдестiрудi, ауыл шаруашылығын ұқсату өнеркәсiбiмен интеграциялауды және осыған байланысты мәселелердi ұтымды әрi тиiмдi инвестициялауды, қаржыландыруды, кредиттеудi және баға белгiлеудi;
      селоның әлеуметтiк саласын, аграрлық сектор қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғауды кешендi өзгерту, жоғары оқу орындары, техникумдар мен кәсiптiк-техникалық училищелер арқылы кадрлар мен қамтамасыз етудi;
      агроөнеркәсiптiк кешеннiң материалдық-техникалық базасын дамытуды, совхоздарды, колхоздарды, акционерлiк қоғамдарды, шағын кәсiпорындарды, кооперативтердi, шаруа қожалықтары мен олардың ассоциацияларын, басқа да ауыл шаруашылық, ұқсату және оларға қызмет көрсетушi кәсiпорындарды, бiрлестiктер мен ұйымдарды материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етудi;
      экономикалық және жер реформасын жүзеге асыруды, шаруашылық жүргiзудiң түрлi нысандарын дамытуды;
      өндiрiстi тиiмдi орналастыруды, ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатып алуды, ұқсатуды, сақтауды және пайдалануды, оны мемлекет мұқтажы үшiн берудi;
      агроөнеркәсiптiк кешен салаларын сумен жабдықтау үшiн су ресурстарын тиiмдi пайдалануды және су шаруашылығы және мелиорациялық объектiлердi пайдалануды;
      шет елдермен байланысты дамытуды, тиiстi келiсiмдер жасауды және оған бақылауды;
      қажет болған жағдайда Үкiмет құжаттарының жобаларын Министрлер Кабинетiне енгiзудi қарап, шешедi.
      3. Агроөнеркәсiптiк кешен Кеңесi бiр жылға жасалған жоспар бойынша жұмыс iстейдi. Жоспарлардың жобалары Кеңес мәжiлiсiнде бекiтiледi.
      4. Кеңес мәжiлiсi қажет болған жағдайда өткiзiледi. Кеңес мәжiлiстерi аралығындағы кезеңде оны төрағасы (орынбасарлары) өз құзыры шеңберiнде мәселелердi жедел шешу үшiн Қазақстанның агроөнеркәсiптiк кешенiнiң жүйесiне кiретiн барлық министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, ассоциациялардың, бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен мекемелердiң, орындауына мiндеттi болып табылатын өкiмдер шығарады.
      5. Кеңес мәжiлiсiне министрлiктердiң, ведомстволардың, концерндердiң, бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың басшылары мен жауапты қызметкерлерi, ғалымдар, облыстық басқа да құрылымдарының басшылары шақырылады.
      Кеңестiң шешiмi протоколмен хатталады.
      6. Агроөнеркәсiптiк кешен Кеңесi материалдарды әзiрлеу барысында министрлiктерде, бiрлестiктерде, концерндерде, комитеттерде, басқа да ұйымдық-шаруашылық құрылымдарда, кәсiпорындарда, ұйымдарда, ғылыми және оқу орындарында қызмет iстейтiн басшылардан, ғалымдар мен мамандардан жұмыс топтарын құрады.
      Аталған топтар терең талдау жасау негiзiнде агроөнеркәсiптiк кешендегi әлеуметтiк-экономикалық реформаны және ұйымдық-шаруашылық құрылымдарды жетiлдiру, материалдық-техникалық, ғылыми қамтамасыз етудi жақсарту, қолда бар нормативтiк-заңдық базаларға толықтырулар мен өзгертулер енгiзу жөнiнде және басқа мәселелер бойынша Кеңеске ұсыныс бередi, сондай-ақ Кеңес бұрын қабылдаған шешiмдердiң орындалуына бақылау жасайды.
      Кеңес жұмыс топтарының қызметiн үйлестiрудi, жұмыс жоспарының жобаларын қалыптастыруды қамтамасыз ету, Кеңес мәжiлiстерiн әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жүктеледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады