Каспий теңiзi қазақстандық секторының мұнайлы-газдылығының келешегiн бағамдауды жеделдету және оны игеру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 маусымдағы N 488 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы N 406 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      Каспий теңiзi қазақстандық секторының мұнайлы-газдылығының келешегiн бағамдауды жеделдету және шельф кен орындарын Халықаралық консорциум құру жолы мен шетел инвестицияларын қатыстыра отырып игеру үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Ұйымдастыру комиссиясы әзiрлеген Каспий теңiзi қазақстандық секторының шельфтiк кен орындарын бағамдау мен дамыту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаның бiрiншi кезеңi толығымен және Қазақстан Республикасының тиiстi мiндеттемелерi енгiзiлетiн, Каспий теңiзi шельфiнiң қазақстандық секторын зерттеу мен игеру жөнiндегi консорциум туралы алдын ала келiсiмнiң Энергетика және отын ресурстары министрлiгi табыс етiп, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсiлген тексi мақұлдансын. 
      Жоғарыда аталған Келiсiмге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қол қою Энергетика және отын ресурстары министрi Қ.Қ. Бәйкеновке тапсырылсын. 
      2. Энергетика және отын ресурстары министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiкпен бiрлесiп, Каспий теңiзi шельфiнiң геологиялық-геофизикалық экологиялық зерделеу, кадрларды оқыту және қайта даярлау, аймақты әлеуметтiк дамыту бағдарламасын талдап жасау үшiн мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерiнен жұмыс тобын құратын болсын. 
      3. "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясы Қазақстан Республикасынан Консорциумға мүше, сондай-ақ Консорциумның операторы болып табылатыны ескерiлiп, оған аталған Келiсiмдегi өкiлеттiктер берiлсiн. 
      4. Консорциумның ұйымдастырылуына байланысты Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi алдын ала келiсiмге қол қойылған сәттен бастап, Каспий теңiзiнiң қазақстандық бөлiгiнiң аумақтық аймағында геологиялық барлау жұмыстарына арналған лицензиялар берудi тоқтатсын. 
      Консорциум қолданылатын кезеңге оған "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясы атынан осы аймақты геологиялық зерттеу үшiн жер қойнауы берiлсiн, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Каспий теңiзi қазақстандық секторының бүкiл аумағында геологиялық барлау жұмыстарына арналған бас лицензия, сондай-ақ Консорциум туралы келiсiмде ескертiлген шарттар негiзiнде кен бөлiктерiн беретiн болсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi Экология және биоресурстар министрлiгiмен, Ұлттық ғылым академиясымен бiрлесiп, үстiмiздегi жылдың iшiнде Каспий теңiзiнiң қорық аймағы болып табылатын солтүстiк секторында геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзудi регламенттейтiн нормативтiк және заңдық актiлердiң жобаларын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына табыс етсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Геодезия және картография бас басқармасы мен Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен және Ұлттық ғылым академиясымен бiрлесiп, екi айлық мерзiмде Каспий теңiзi бойынша геологиялық-геофизикалық және барлау жұмыстарын жобалау мен жүргiзудi қамтамасыз етуге қажеттi материалдарды әзiрлейтiн болсын. 
      7. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, Атырау, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласының әкiмдерi Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторына қатысты қажеттi ақпараттар алуда, қызметтiк және өндiрiстiк үй-жайлар, мамандарға тұрғын алаң, өндiрiстiк базалар мен тұрғын үйлер салу үшiн жер учаскелерiн бөлуде, әлеуметтiк, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз етуде "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясына көмек көрсетсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады