Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен өзара қарым-қатынасындағы жұмысты ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 15 маусым 1993 ж. N 507

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан былай Достастық) елдерiмен ынтымақтастықты ынтымақтасушы мемлекеттердiң экономикасын тұрақтандыруға, олардың өндiрiстiк және интеллектуалдық әлеуетiн тиiмдi пайдалануға жәрдемдесетiн ортақ экономикалық кеңiстiктi сақтаудың және интеграциялық қатынасты жүйелi түрде нығайтудың маңызды нысаны деп қарастырады.
      Республикада осы бағытта жүргiзiлiп жатқан жұмыстың жайы егемендi теңдiк пен өзара тиiмдiлiк, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларын ескере отырып, мемлекетаралық және үкiметаралық шарттар мен келiсiмдердiң әзiрленуiн жетiлдiру, олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру, атқару және бақылау тетiгiн талдап жасау негiзiнде ынтымақтастықтың тереңдетiлуiн қажет етедi.
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi жұмысты ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Министрлiктер, ведомстволар, мемлекеттiк корпорациялар мен концерндер, облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Достастық мемлекеттерiмен ынтымақтастығы Қазақстанның егемен мемлекет ретiнде қалыптасуы мен дамуының стратегиясында айқындалған сыртқы экономикалық саясаттың негiзгi принциптерi мен бағыттарына, Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтiк-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулылары мен шешiмдерiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары мен басқа да шешiмдерiне, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулылары мен Премьер-министрдiң өкiмдерiне сәйкес мемлекетаралық және үкiметаралық келiсiмдер негiзiнде дамытылуын қамтамасыз етсiн.
      2. Достастық мемлекеттерiмен ынтымақтастық жөнiндегi келiссөздерге директивалардың (тұжырымдамалардың) жобаларын мүдделi министрлiктер мен ведомстволарды қатыстыра отырып әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзу мыналарға жүктелсiн:
      - Сыртқы iстер министрлiгiне - мемлекетаралық қатынас, оның iшiнде саяси, әскери, ұлтаралық, консулдық мәселелер жөнiнде;
      - Экономика министрлiгiне - жалпы экономикалық және әлеуметтiк, оның iшiнде мемлекетаралық экономикалық байланыстар, өзара тиiмдi сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары, баға түзу, қаржы және басқа проблемалар жөнiнде;
      - Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiне - нарық конъюнктурасын ескере отырып, сыртқы экономикалық қызметтi ұйымдастыру мен үйлестiру, оның iшiнде тарифтiк және тарифтiк емес реттеудi, сауда, экспорттық бақылау, сондай-ақ жеке алғанда әрбiр мемлекетпен сауда ынтымақтастығы режимiн үндестiру мәселелерi жөнiнде;
      - Қорғаныс министрлiгiне - қорғаныс, қорғаныс стратегиясы, әскери ынтымақтастықты тереңдету, ұжымдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және басқа мәселелер жөнiнде.
      Мемлекетаралық және үкiметаралық шарттар мен келiсiмдердi дайындау жөнiндегi келiссөздер Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен директиваларға (тұжырымдамаларға) қатаң түрде сәйкес жүргiзiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiне, Қаржы министрлiгi мен Қорғаныс министрлiгiне жүктелген функцияларға сәйкес, оларға "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясын және басқа мүдделi министрлiктер мен ведомстволарды қатыстыра отырып, Достастық елдерiмен ынтымақтастық жөнiнде келiссөз жүргiзу және шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеу тапсырылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнiң қатысуымен берiлiп тұратын өнiмдер үшiн өзара байланысты немесе клирингтiк негiзде өзара есеп айырысу, есептесу, сондай-ақ еркiн айналымдағы валютаны пайдалану тәртiбiн талдап жасайтын болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстанның мүдделерiн басшылыққа алып, өзаралық және мемлекетаралық қарым-қатыстың әлемдiк практикада мақұлданған принциптерi негiзiнде мемлекетаралық және үкiметаралық шарттар мен келiсiмдердi дайындау тәртiбiнiң бiртұтастылығын қамтамасыз етсiн.
      Министрлiктер, ведомстволар, мемлекеттiк корпорациялар мен концерндер, облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi қол қойылатын екiжақты және көпжақты шарттар мен келiсiмдердi ретке келтiру мақсатында мұндай құжаттардың жобаларын Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсiп алатын болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Экономика министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Қаржы министрлiгi және Қорғаныс министрлiгi Достастық мемлекеттерiмен келiссөздiң қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ынтымақтастық жөнiндегi шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын қол қою үшiн табыс етсiн.
      7. Министрлiктер, ведомстволар, мемлекеттiк корпорациялар мен концерндер, облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Достастық елдерiнiң тиiстi басқару органдарымен өзара қарым-қатынас жөнiндегi салалық және аймақтық шарттар мен келiсiмдерге қол қойылғаннан кейiн олардың көшiрмесiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясы, мемлекетаралық және үкiметаралық шарттар мен келiсiмдердi әзiрлеу, жасау мен орындау жөнiндегi жұмысқа қатысатын басқа да министрлiктер, ведомстволар мен ұйымдар шарттар мен келiсiмдердi жасасқаннан кейiн Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне бақылау мен есепке алу үшiн тапсырмаларды атқарушыларды және олардың орындалу мерзiмiн көрсетiп, келiсiлген көрсеткiштер жүйесi бойынша деректердi табыс етедi.
      Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы, сондай-ақ Достастық мемлекеттерi қабылдаған мiндеттемелердiң орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне, Қаржы министрлiгi мен Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiне ақпараттық деректердi тоқсан сайын табыс етiп отыратын болсын.
      9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, басқа да министрлiктер мен ведомстволар қабылданған мемлекетаралық және үкiметаралық шарттар мен келiсiмдердiң орындалу жайына тоқсан сайын талдау жасасын, ал Үкiметтiң шешiмiн керек қылатын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар табыс етсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясымен, "Қазмұнайөнiмi" және "Қазастықөнiмi" концерндерiмен, министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесiп, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiнде қол қойылған шарттар мен келiсiмдерге сәйкес аса маңызды өнiм түрлерi өзара берiлiп тұруын жүзеге асырудың барысына бақылау қойып, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тиiсiнше ұсыныстар енгiзсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi, Энергетика және отын ресурстары министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, министрлiктер, ведомстволар, мемлекеттiк корпорация мен концерндер, облыс, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасы мен Достастық елдерiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасындағы тиiмдi шаруашылық байланыстарын дамытуға жәрдемдесiп, Тараптардың сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмдер жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауға байланысты мәселелердi шешу жөнiндегi жедеғабыл шараларды уақтылы қолданатын болсын.
      12. Министрлiктер мен ведомстволардың басшылары Достастық елдерiмен көпжақты және екiжақты өзара қарым-қатынас мәселелерi жөнiндегi арнаулы қызметтер жоқ жерлерде бұларды қолда бар қызметкерлер саны шегiнде құру мүмкiндiгiн қарастырып, бұл жұмыстың үйлестiрiлуiн министрлiктер мен ведомстволар басшысы орынбасарларының бiреуiне жүктейтiн болсын.
      13. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Экономика министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Ғылым және жаңа технология министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi мүдделi министрлiктердi, ведомстволарды, мемлекеттiк корпорациялар мен концерндердi қатыстыра отырып, мемлекеттiк-құқылық; жалпыэкономикалық және әлеуметтiк; сыртқы экономикалық; ақша-кредит; гуманитарлық және ғылыми-техникалық, айналадағы ортаны қорғау; қорғаныс және әскери-техникалық проблемалар бойынша ұсыныстар әзiрлеу және шарттарға, келiсiмдер мен басқа да құжаттарға сараптама жасау үшiн тұрақты жұмыс iстейтiн ведомствоаралық сарапшылар тобын бiр айлық мерзiмде құратын болсын.
      Тұрақты жұмыс iстейтiн сарапшылар тобының жұмысына

жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер
Кабинетi Аппаратының тиiстi бөлiмдерiне, ал олардың жұмысын 
үйлестiру ТМД iстерi жөнiндегi бөлiмге жүктелсiн.
     14. Достастық мемлекеттерiмен ынтымақтастық жөнiндегi
шарттар мен келiсiмдердi әзiрлеудiң және олардың орындалуына
бақылау жасаудың осы қаулыда көзделген тәртiбi ТМД құрамына
кiрмейтiн бұрынғы КСР Одағының мемлекеттерiне - субъектiлерiне
де қолданылады.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады