Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 18 маусым N 510. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.04.26. N 659 қаулысымен. ~P970659

      Әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып және қолданылып жүрген халықаралық стандарттарға сәйкес төлем балансын жасау iсiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау және оның ақпарат негiзiн қалыптастыру жөнiнде әдiстемелiк басшылық ету Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.
      Осыған байланысты Комитеттiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны 5 адамға ұлғайтылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Ұлттық банкiсiнiң және басқа мүдделi министрлiктердiң, ведомстволар мен ұйымдардың келiсуi бойынша республиканың төлем балансын жасау үшiн қажеттi мемлекеттiк статистикалық есеп беру нысандарын жасап, бекiтсiн және оларды министрлiктерге, ведомстволарға, меншiк нысандарына қарамастан республика аумағында жұмыс iстейтiн корпорацияларға, концерндерге, басқа да ұйымдарға, мекемелер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жеткiзетiн болсын.
      3. Министрлiктер, ведомстволар, меншiк нысандарына қарамастан корпорациялар, концерндер, басқа да ұйымдар, мекемелер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үстiмiздегi жылғы II тоқсанның есебiнен бастап республиканың төлем балансын жасау үшiн қажеттi деректер Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiлеген нысандар, мерзiмдер мен тәртiп бойынша мемлекеттiк статистика органдарына табыс етiлуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Өнеркәсiп министрлiгi, Көлiк министрлiгi, байланыс министрлiгi, Туризм, дене мәдениетi және спорт министрлiгi, Қорғаныс кешенiнiң электр-техникалық және мәшине жасау кәсiпорындарының Қазақ мемлекеттiк корпорациясы, "Қазтұрмыскомшар" концернi, басқа да министрлiктер, ведомстволар, корпорациялар, концерндер, ұйымдар Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi республиканың төлем балансының көрсеткiштерiн жасауға арнап бекiткен мемлекеттiк статистикалық есеп беру нысандарына сәйкес бiр апта мерзiм iшiнде бастапқы есепке алу мен ведомстволық статистикалық есеп беруге қажеттi толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiп, оларды белгiленген тәртiп бойынша бекiтiп, қарамағындағы кәсiпорындар мен ұйымдарға жеткiзсiн.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсi мен Кәсiптiк одақтары Федерациясының Кеңесiне Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсуi бойынша республиканың төлем балансын жасау үшiн ақпараттық базаны қамтамасыз ету жөнiнде осындай жұмыс жүргiзу ұсынылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төлем балансының белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттiк және шаруашылық басқару органдарына, сондай-ақ тиiстi халықаралық ұйымдарға уақтылы табыс етiлуiн қамтамсыз етсiн.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады