"КамАЗ" автомобильдерiнiң қуат агрегаттарының тораптары мен бөлшектерiн республиканың кәсiпорындарында жасауды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 18 маусым 1993 ж. N 512

      "КамАЗ" акционерлiк қоғамының қозғағыштар шығаратын зауытының iстен шығуына байланысты республикаға "КамАЗ" автомобильдерiнiң қуат агрегаттарын және оған көптеген қосалқы бөлшектердi жеткiзу тоқтатылады.
      Бұл қалыптасқан жағдай пайдаланылып отырған "КамАЗ" автомобильдерi паркiн техникалық жабдықтауды барынша қиындатып, барлық халық шаруашылық кешенiнiң көлiкке деген қажетiн қанағаттандыруға керi әсерiн тигiзедi.
      "КамАЗ" автомобильдерiнiң тұрақты қызмет атқаруын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк "Қазавтокөлiк" концернiнiң, автомобиль жөндеу кәсiпорындары мен бiрқатар мәшине жасау зауыттарының "КамАЗ" автомобильдерiнiң қуат агрегаттарының тораптары мен бөлшектерiн бұйымдарды дайындайтын және жинақтайтын "КамАЗ" акционерлiк қоғамының кәсiпорындарымен тiкелей шарт бойынша берiп тұру негiзiнде жасауды ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныстары қабылдансын.
      2. "Петропавл ауыр мәшине жасау зауыты" өндiрiстiк бiрлестiгi, Семей мәшине жасау зауыты бiр ай мерзiм iшiнде өндiрiстi дайындасын және N 1 қосымшаға сәйкес номенклатурада және көрсетiлген мөлшерде "КамАЗ" автомобилiнiң берiлiс қорабының бөлшектерiн жасауды ұйымдастырсын.
      3. Жамбыл, Павлодар автомобиль жөндеу зауыттары мен "Сайман" акционерлiк қоғамы (Талдықорған АЖЗ) өздерiнде және басқа мәшине жасау зауыттарында шығарылатын бөлшектер негiзiнде "КамАЗ" автомобильдерiнiң берiлiс қораптарын N 2 қосымшаға сәйкес мөлшерде күрделi жөндеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
      4. "Iскер" акционерлiк қоғамы (N 1 АЖБ) қайта қалпына келтiру жұмыстарын кеңейту және бөлшектердi жасау жолымен биылғы жылы "КамАЗ" автомобилiнiң қозғағыштары мен тiркеу механизмдерiн күрделi жөндеу көлемiн тапсырыс берушiлер сұранымы мөлшерiне жеткiзсiн, ол үшiн бұйымдарды дайындап және жинақтап берiп тұратын "КамАЗ" акционерлiк қоғамымен тiкелей шарт жасассын.
      5. Алматы "Поршень" зауыты үстiмiздегi жылдың аяғына дейiн өндiрiстi гильза (қауыз) шығаруға дайындасын, ал Тоғызақ механикалық зауыты - "КамАЗ" қозғағыштарына жылына 200 мың дана поршень жасау бағдарламасына әзiрленсiн.
      6. Қазақ мемлекеттiк "Казавтокөлiк" концернi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiмен бiрлесiп, дайындаушы кәсiпорындарды "КамАЗ" акционерлiк қоғамы арқылы дайындамамен, жинақтама бұйымдармен, арнаулы құралдармен, техникалық құжаттармен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдансын және оларға өндiрiстi дайындау жұмыстарын қаржыландыруға көмек көрсетсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi "КамАЗ" автомобилiнiң қуат агрегаттарының тораптары мен бөлшектерiн шығаруға өндiрiстi дайындау жұмыстарын қаржыландыру үшiн, дайындамалар мен жинақтау бұйымдарына төлеу үшiн 1993 жылы экономиканы қайта құру қорынан N 3 қосымшаға сәйкес қаражат бөлсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi мен

"Қазавтокөлiк" концернiне осы жылдың аяғына дейiн республикада 
"КамАЗ" автомобилiнiң қозғағыштарына толық жиынтықты берiлiс
қорабын, тораптар мен бөлшектер жасау мәселесiнiң мүмкiншiлiгiн
тексерiп, пысықтау тапсырылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 18 маусымдағы
                                          N 512 қаулысына
                                           N 1 қосымша
     
            1993 жылы "КамАЗ" автомобилiне бөлшектер
                         жасаудың көлемi
                           (Кесте)
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң 
                                      1993 жылғы 18 маусымдағы     
                                          N 512 қаулысына
                                             N 2 қосымша
     
            1993 жылы "КамАЗ" автомобилiнiң берiлiс
              қораптарын күрделi жөндеудiң көлемi 
                           (Кесте)


                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 18 маусымдағы N 512 қаулысына N 3 қосымша


             1993 жылы "КамАЗ" автомобильдерiнiң қуат
           агрегаттарының тораптары мен бөлшектерiн жасау
       үшiн өндiрiстi дайындауға және оны игеруге экономиканы
         қайта құру қорынан бөлiнетiн күрделi қаржының көлемi
                            (Кесте)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады