1. "Қазақтүрiкмұнай ltd" бiрлескен кәсiпорнына Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары аумағының келiсiлген учаскелерiнде мұнай мен газды iздестiру-барлау жұмысын жүргiзуге пайдалану үшiн жер қойнауы берiлсiн, сондай-ақ бiрлескен кәсiпорын жұмыс iстейтiн осы аумақта ашық кен орнынан кен шығару мен пайдалануға Республика Үкiметiмен Келiсiм (Шарт) жасасуға бiрiншi кезекте құқық берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi "Қазақтүрiкмұнай ltd" бiрлескен кәсiпорнымен жұмысты орындау барысында республиканың мүддесi сақталуына бақылау жасап отырсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi