Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасында Мемлекеттiк экологиялық сараптама
қаражатынан ақы төлеу мен оны пайдаланудың қоса берiлiп отырған
тәртiбi бекiтiлсiн және ол 1993 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне
енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 29 маусымдағы
N 549 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк
экологиялық сараптаманың қаражатынан
ақы төлеу және оны пайдалану
Тәртiбi
Жалпы ережелер
1. Осы Тәртiп Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы қазанның 25-iндегi N 637 қаулысымен бекiтiлген Қазақ ҚСР-iндегi мемлекеттiк экологиялық сарапшылық туралы Ережеге ҚазҚСР ҚЖ, 1991 ж., N 24, 177-бап) және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 сәуiрдегi N 345 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi туралы Ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ 1992 ж., N 16, 225-бап) сәйкес әзiрлендi.
2. Тәртiп өкiлеттi органдардың мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзгенi үшiн ақы төлеу шарттары мен мөлшерiн белгiлейдi, сондай-ақ өзге ұйымдардың оларға тиiстi өкiлеттiк органдар тарапынан мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөнiндегi функцияларды табыстаған жағдайда төлем ақы алуына құқық бередi.
3. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу үшiн ақы төлеу ғылыми, әдiстемелiк және материалдық базаны дамыту мен жетiлдiру есебiнен оны жоғары ғылыми-техникалық деңгейде жүзеге асыру үшiн жағдайлар туғызу, қабылданатын шешiмдердiң мүдделi жақтар көзқарасынан тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында енгiзiледi.
4. Мiндеттерi мен функцияларына қарай мемлекеттiк экологиялық сараптаманың мәртебесi мемлекеттiк экологиялық сараптауға ақы төлеу кезiнде осы Тәртiппен көзделгеннен басқа жағдайларда, мемлекеттiк экологиялық сараптау органдарының тапсырыс берушiлермен және (немесе) жоспарлау алдындағы, жобалау алдындағы, жобалау және өзге де құжаттамаларды әзiрлеушiлермен, сондай-ақ мүдделi ұйымдармен тiкелей шаруашылық-шарттық өзара қатынастарды болғызбайды.
5. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға ақы төлеу есебiне түсетiн қаражатты жоспарлау, есепке алу және пайдалану жөнiнде есеп беру Экобиоресурсминi бекiткен Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға
ақы төлеу тәртiбi
6. Мемлекеттiк экологиялық сараптама, әдетте, екi кезеңге - сараптама алдындағы (әзiрлiк кезеңi) және, сараптама жүргiзу кезеңiне бөлiнедi.
7. Қазақстан Республикасы Экобиоресурсминi органдарының қарауына жататын жобалардың, құжаттамалар мен материалдардың мемлекеттiк экологиялық сараптамасына ақы төлеудi оларды әзiрлеуге тапсырыс берушi жұмыстың кезеңдiлiгiне қарай мынадай тәртiппен жүргiзедi:
тапсырыс берушi (бастамашы) мемлекеттiк экологиялық сараптамаға құжаттама немесе материалдар ұсынумен бiр мезгiлде сараптама алдындағы шаралар үшiн сараптама жұмыстары құнының 20 процентi мөлшерiнде Экобиоресурстарминiнiң арнайы шотына аударылғаны туралы экологиялық сараптама органдарына хабарлайды;
егер сараптама алдындағы шаралар өткiзiлгеннен кейiн сараптама жұмыстарының қалған құны төленiп, Экобиоресурсминi органдарына қаражат аударылғаны туралы қаржылық құжаттардың көшiрмелерi түсiрiлгеннен кейiн құжаттама (материал) мемлекеттiк экологиялық сараптама қабылданған болып саналады.
8. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзуге ақы төлеу мөлшерi оны ұйымдастыру мен жүзеге асыруға жұмсалатын шығындарға, сондай-ақ қажеттi қосымша болжамдық есептеулерге, ғылыми немесе сараптамамен байланысты өзге де зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға кететiн шығындарға қарай белгiленедi.
9. Мемлекеттiк экологиялық сараптамаға ақы төлеу мөлшерiнiң дұрыс белгiленуiне және оны төлеу мерзiмдерiне бақылау жасауды Экобиоресурстарминi органдарының экология жөнiндегi бас мемлекеттiк сарапшылары жүзеге асырады.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама
жүргiзу құнын белгiлеу
10. Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 25 қазандағы N 637 қаулысымен белгiленген тiзбеге сәйкес (Қазақ КСР ҚЖ, 1991 ж., N 24, 177-бап) құжаттар мен материалдарды мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзу құны (Қ) сараптамаға тапсырыс берушi (инициатор) төмендегiдей формуламен анықтайды;
Қ = Т х К1 х К2 х К3 х К4 х К5 + Э, мұнда:
Т - объектiлер үшiн құжаттаманы, болмаса жобалау-iзденiс жұмыстарын (ЖIЖ) әзiрлеу құнына байланысты есептелетiн тұрақты шама (мыңдаған сом) және төмендегiлердi құрайды:
Сарапқа түсетiн құжаттаманы әзiрлеу құны 10000 санға дейiнгi сом құрағанда - жалпы сомасының 10 процентi;
10 мың сомнан 1 млн. сомға дейiн - келесi әрбiр 50 мың сом үшiн қосымша 500 сом;
1 млн. сомнан 51 млн. сомға дейiн - келесi әрбiр 1 млн. сом үшiн қосымша 1000 сом;
52 млн. сомнан 501 млн. сомға дейiн - келесi әрбiр 1 млн. сом үшiн қосымша 1500 сом;
501 млн. сомнан жоғары - сарапталатын құжатты әзiрлеудiң жалпы құнының 0,15 процентi.
Аралық бағалық мәлiметтерi бар құжаттар үшiн Р шамасын интерполяция белгiлейдi, бағалық мәлiметтерi жоқ құжаттар үшiн бұл шама Қазақстан Республикасында белгiленген ең төменгi жалақының бес еселенген мөлшерiне тең.
К1 - құжаттың түрi мен сатылылығына арналған түзетулiк
коэффициент, жобалаудың түрлi деңгейi, құжаттаманың жинақылығы,
оның орнымен жұмсалатыны мен есеп айырысатын бастапқы деректердiң
толықтылығы барысында сараптаманы ұйымдастырудың күрделiлiгiне
байланысты оның санатын басшылыққа ала отырып, 1 кесте бойынша
белгiленедi.
1-кесте
--------------------------------------!------------------------------
Сараптаманың санаты, жобалау ! Құжаттаманы ұсынардағы К1
сатысы мен құжаттаманың түрi ! коэффициентi
!--------!---------!-----------
! алғаш ! екiншi ! екiден көп
! рет ! рет ! болғанда
--------------------------------------!--------!---------!-----------
1 ! 2 ! 3 ! 4
--------------------------------------!--------!---------!-----------
I санат
Жаңа техника, технологиялар,
материалдар мен заттар, оның iшiнде
шетелдерден түсетiндерiн жасау
жөнiндегi құжаттама. Мемлекеттiк,
салалық және аймақтық деңгейдегi
жобалау алдындағы, жоспарлау
алдындағы құжаттама, оның iшiнде,
өндiргiш күштердi орналастыру
тұжырымдамалары, негiзгi бағыттары,
бағдарламалары, дамудың перспективалық
болжамдары, аумақтық және салалық
схемалары, сондай-ақ аймақтар мен
облыстар табиғатын қорғаудың аумақтық
кешендi схемалары, аумақтардың,
сондай-ақ жұмыс iстейтiн
кәсiпорындардың экологиялық жағдайына
баға берудiң басқа материалдары мен
құжаттамасы 3,0 1,2 0,7
II санат
Техникалық-экономикалық тұрғыдан
негiздеу және жалпы мемлекеттiк
маңызы бар немесе мемлекетаралық
мүдделерге қатысты жобалар, қалалар
мен елдi мекендердiң, жекелеген
табиғи орталардың (ресурстардың)
табиғатын қорғаудың кешендi схемалары,
аудандық жоспарлау схемалары мен
жобалары, қалалардың бас жоспарлары 2,5 1,1 0,6
III санат
Өндiрiстiк аудандар мен өндiрiстiк
тораптардың жобалары мен схемалары,
қалалар мен елдi мекендердегi тұрғын
үй аудандарын егжей-тегжейлi жобалары.
Шаруашылық және өзге де қызметтiң
тәртiбiн белгiлейтiн ғылыми-зерттеу
және тәжiрибелiк-конструкторлық
құжаттама, нормативтiк-техникалық
және нұсқаулық-әдiстемелiк
материалдар 2,0 1,0 0,5
IV санат
Екi және үш сатылы жобалау барысында
объектiлер мен кешендердiң құрылысын
(қайта жаңғыртылуын), кеңейтiлуiн,
техникалық тұрғыдан жаңадан
жабдықталуын және жойылуын
техникалық-экономикалық тұрғыдан
негiздеу (есептеулер) хайуанаттар
мен өсiмдiктер әлемiн пайдаланудың
негiзделген материалдары Төрелiк
сараптама 1,5 0,9 0,4
V санат
Объектiлер мен кешендер құрылысын
(қайта жаңғыртылуын, кеңейтiлуiн,
техникалық тұрғыдан жаңадан
жабдықталуын) жүргiзудiң және жоюдың
жобалары, құрылысқа арналған жұмыстық
құжаттама (бiр сатылы жобалау).
Атмосфераға ластағыш зат шығарудың
(ПДВ) және су объектiлерiне жуынды
сулар жiберудiң (ПДС) шектеулi жол
берiлген нормативтерiнiң жобалары 1,0 1,08 0,3
К2 - жобалау алдындағы және жобалық шешiмдердi жүзеге асыру
орнындағы экологиялық жағдайды ескеретiн коэффициент, 2-кесте
бойынша белгiленедi, бiрнеше шарттар барысында К21 х К22 ... х Кn2
құрылымының көбейтiлуi арқылы есептеледi.
2 кесте
-----------------------------------------!--------------------------
Шаруашылық қызметiн жүргiзуге ! К2 коэффициентi
белгiленген шарттар !----------!---------------
! негiзгi ! негiзгi
! аумақтар ! аумақтарға 100
! ! км дейiн жақын
! ! келетiн
! ! аумақтар
! ! бойынша
-----------------------------------------!----------!---------------
Экологиялық апат аймағы 1,3 1,15
Төтенше жағдай аймақтары және айрықша
қорғалатын аумақтар 1,2 1,12
Әрбiр табиғи ортаны ластаудың нормативтi
басым деңгейi бар аймақтар, қалалар мен
елдi мекендер (сараптама жасалардың
алдындағы жыл) 1,15 -
К3 - объектiнiң экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн ескеретiн коэффициент, объектiлердiң СН245-71 санитарлық жiктеу нормалары басшылыққа алынып, бес класты жүйе бойынша белгiленедi және I класс үшiн - 1,14; II класс үшiн - 1,13; III класс үшiн - 1,12; IV класс үшiн - 1,11; V класс үшiн - 1 коэффициенттерiн құрайды.
К4 - объектiлердiң бiрегейлiгiнiң коэффициентi, жекелеген жобалар бойынша құжаттама үшiн 1-ге тең, оны қайталағандағысы - 1,1, жобаны эксперименттiк әзiрлеуде - 1,2, үлгi жобалар жөнiндегi құжаттамалар үшiн - 1,3, бiрегей жобалар үшiн - 1,4. Үлгi жобалар
үшiн К4 олар алғаш қаралған жағдайда қолданылады.
К5 - белгiленген шаруашылық қызметiнiң айналадағы ортаға
тигiзетiн ықпалының бағасы (ОВОС) тарауларының жобалау алдындағы
және жобалау құжаттамасындағы әзiрлiгiнiң толықтығын ескеретiн
коэффициент, ұсынылған құжаттар сапасына орай 3-кесте бойынша
белгiленедi.
3-кесте
---------------------------------------------------!----------------
ОВОС бөлiмiнiң орындалу деңгейi ! К5 коэффициент
---------------------------------------------------!----------------
1 ! 2
---------------------------------------------------!----------------
ОВОС нормативтi талаптарға сәйкес мамандандырылған
ұйымдарды тарту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргiзу арқылы толық орындалды 1
ОВОС әдеби және қорлық материалдар негiзiнде
нормативтi талаптарда көзделген барлық бөлiмдер
бойынша арнаулы зерттеулердi орындамай-ақ, бiрақ
сандық және сапалық сипаттамаларын белгiлеу арқылы
орындалды 1,5
ОВОС нормативтi талаптарда көзделген сипатталған
шектеулi мiнездемелер деңгейiнде барлық бөлiмдер
бойынша орындалды 1,8
ОВОС бiр бөлiгiнде орындалды, белгiлi бiр объектiнiң
ықпалына ұшыраған айналадағы ортаның барлық
компоненттерiн қамти алмайды, осынау ықпалдың
бағытын толық есепке ала алмайды 2
Э - шұғыл мерзiмде атқарылатын сараптаманы орындауға арналған қосымша құн, тапсырыс берушiнiң инициативасы және сараптық қызметтiң нақты мүмкiндiгi жөнiндегi шарттық негiзде жеке белгiленедi.
11. Сараптаманы жүргiзу мезгiлiне қарай қолданылып жүрген бағаларға сәйкес сараптық құжаттама жасау құнын шығару мақсатында тапсырыс берушi (инфляциялық шығындар есебiн ескере отырып) тиiстi индексация енгiзе алады.
12. Мемлекеттiк экологиялық сараптық органдар объектiнiң техникалық-экологиялық-экономикалық көрсеткiштерiн жақсартатындай ұсыныстар негiзгi құжаттаманы әзiрлеу барысында өздерi енгiзген жағдай, сондай-ақ есепке алынбаған шығындарға жұмсалған қаражат өткiзiлген еңбек ақының 30 процентiнен асып кеткен жағдайда тапсырыс берушiге келiсiлген есеп бойынша қосымша ақы төлеудi талап етуге құқылы.
13. Шетел фирмалары немесе бiрлескен кәсiпорындардың валюталық инвестицияның қатысуымен, бiрақ сараптамаға тапсырыс берушiнiң (инициатордың) келiсуiмен жасалған құжаттамалардың барлық түрiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасына ақы жобалық жұмыстардың жалпы көлемiндегi валюталық инвестиция-үлесiне байланыссыз толық немесе iшiнара, бiрақ сараптық жұмыстар құнының 50 процентiнен кем түспейтiндей деңгейде еркiн айналымдағы валютамен төленедi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама
құжаттарын пайдалану
14. Мемлекеттiк сараптық органдардың арнаулы есебiне сараптық жұмыстар атқарғаны үшiн түсетiн қаражаттар мақсатты қаржыландыру көздерiн құрайды, олар бас мемлекеттiк экологиялық сарапшылар әзiрлейтiн жоспарларға сәйкес төмендегiлер үшiн жұмсалады:
мемлекеттiк экологиялық сараптама органдарының қосымша штаттық саны қызметкерлерiн ұстауға жұмсалатын шығындарды төлеуге;
сарапшылар мен консультанттардың еңбегiне ақы төлеуге және көтермелеуге;
айналадағы ортаға тигiзетiн ықпалды бағалаудың әдiстемелiгi мен әдiстемесi саласындағы ғылыми зерттеулердi және мемлекеттiк экологиялық сараптаманы қаржыландыруға;
сарапшылардың жұмысы үшiн техникалық және өзге де құралдар сатып алуға, сараптаманың ақпараттық-әдiстемелiк және материалдық-жағынан қамтамасыз етуге;
сараптама жүргiзуге байланысты түзету және басқа қажеттi өлшемдер мен өзге де жұмыстар жүргiзуге ақы төлеуге;
15. Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасы Экобиоресурстарминi органдарының тиiстi нормативтi құжаттары белгiлеген шарттар бойынша тартылатын штаттан тыс сарапшылардың еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген ең төменгi жалақы проценттерiмен, сараптық жұмыс түрлерi мен 4-кестедегi көрсетiлген нормативтер бойынша сараптаманың санатын басшылыққа ала отырып белгiленедi.
(4 кесте)
Ескерту:
1. Қазақстан Республикасының еңбекақыға аймақтық коэффициенттер белгiленген облыстары мен аудандары үшiн аталған көрсеткiштер қолданылып жүрген коэффициенттерге сәйкес ұлғайтылып отырылады.
2. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу үшiн жоғары бiлiктi мамандарды (iргелес тәуелсiз немесе шет елдер өкiлдерiн қоса санағанда) тарту талап етiлген жағдайда штаттан тыс сарапшылардың еңбегiне ақы төлеу шартты бағалық құн бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
16. Штаттан тыс сарапшылардың жобалық материалдар мен құжаттар сараптамасына тiкелей қатысы жоқ консультациялары, қызмет көрсетуi және өзге де қызметi төмендегiдей болуы мүмкiн:
мемлекеттiк экологиялық сараптама қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi қолданылып жүрген нормативтi құжаттарды талдауға және сараптаманы ұтымды ету жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеуге қатысу;
экологиялық мониторинг, нормативтiк-техникалық, экологиялық, технологиялық, әлеуметтiк-құқықтық және өзге мәлiметтердi қамтитын ақпараттық деректер жинау жөнiнде қызмет көрсету;
тәуелсiз және тиiмдi мемлекеттiк экологиялық сараптаманы орындауды қамтамасыз ету жөнiндегi ынтымақтастық мақсатында кәсiби әрiптестер iздестiру;
объектiлер мен аймақтардағы экологиялық-әлеуметтiк жағдайдың iс жүзiндегi жай-күйi жөнiндегi консультациялар;
өзiнiң табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы прогресшiл ғылыми, әдiстемелiк, ақпараттық және өзге ұсыныстарды қамтитындай әзiрлiктерiн пайдалануға ұсыну;
табиғат қорғау, экономикалық, технологиялық, ғылыми, әлеуметтiк және өзге аспектiлер бойынша талдаулық шолулар әзiрлеу;
алға қойылған экологиялық мiндеттердi шешу мақсатында математикалық модельдендiру жөнiнде қызмет көрсету;
қабылданған шешiмдердi iске асырудың жобалаудың кейiнгi талдауына қатысу;
жекелеген мәселелер бойынша мемлекеттiк экологиялық сараптамаға консультациялық қызмет көрсету;
мемлекеттiк экологиялық сараптаманың мүддесi үшiн қажеттi арнаулы бөлмелердi, есептеу техникасы құралдарын, байланысты, автокөлiктi, аспаптарды және өзге техникалық құралдарды жалға беру;
мемлекеттiк экологиялық сараптаманың тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге қызметтер атқару.
17. Штаттан тыс сарапшылардың консультациялары мен көрсеткен қызметтерiне ақы төлеу қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес жеке еңбек келiсiм шарттары бойынша жүзеге асырылады, оларда мемлекеттiк экологиялық сараптама қызметтерiнiң ұсынылған консультациялар мен көрсетiлген қызметтердi (авторлық құқықты қоса санағанда) пайдалануының шарттары да аталып көрсетiледi.
18. Консультацияларға төленетiн ақының көлемi консультанттардың материалдарды зерттеуге, ұсыныс-тiлектердi әзiрлеуге, оларды талқылауға жұмсаған уақытына баға беру (есепке алу) жолымен белгiленедi және уақытты есепке алу табелiмен хатталады, табельдi сараптамаға жауапты - жұмыстардың осынау түрлерiн тапсырыс берушi жүргiзедi.
Консультациялар жүргiзгенi үшiн еңбекке сағаттық ақы төлеу консультанттың негiзгi жұмыс орны бойынша лауазымды айлық жалақысының 2 процентi көлемiнде, ал жұмыс iстемейтiн консультанттар үшiн Қазақстан Республикасында белгiленген ең төменгi жалақының 4 процентi көлемiнде белгiленедi.
19. Сырттан қатыстырылатын штаттан тыс сарапшылардың iссапар шығынын өтеу қолданылып жүрген заңда белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi.
20. Сараптама және өзге қызмет үшiн қатыстырылатын заңды ұйымдардың еңбегiне ақы төлеу шартты негiзде жүргiзiледi және жасалатын құжаттаманың немесе материалдардың мемлекеттiк экологиялық сараптамасының жалпы құнының 2-ден 30-ға дейiнгi процентiн құрауға тиiс.
21. Мемлекеттiк экологиялық сараптама мен штаттан тыс (заңды ұйымдар мен жеке адамдар) арасында iс жүзiнде орындалған жұмыс үшiн түпкiлiктi соманы төлеу жөнiнде туындаған заңдар белгiленген тәртiп бойынша қаралуы мүмкiн.
22. Мемлекеттiк экологиялық сараптама органдары жанынан құрылатын тұрақты немесе уақытша Кеңестерге Қазақстан Республикасы Экобиоресурстарминi жүйесiнде жұмыс iстемейтiн мамандар қатыса алады.
Мемлекеттiк экологиялық сараптама Кеңестерiнiң негiзгi жұмыс орны Қазақстан Республикасы Экобиоресурстарминi жүйесiндегi жұмыспен қатысы жоқ мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеу қызмет түрiне қарай жүргiзiледi және Қазақстан Республикасында белгiленген ең төменгi жалақының проценттерiнде 5-кесте бойынша белгiленедi.
(5 кесте)
Ескерту:
2 және 3-тармақтар бойынша ақы төлеу штаттан тыс сарапшы ретiндегi жұмысы үшiн төленетiн ақыға байланыссыз жүргiзiледi.
23. Мемлекеттiк экологиялық сараптама қаражаттарын қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық базаны дамытуға, ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк жұмыстар жүргiзуге, экологиялық сараптаманың 22-тармақта белгiленген басқа да маңызды мiндеттерiн шешуге жұмсау белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi.