Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 маусым 1993 ж. N 565. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.03. N 809 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiнiң қызмет ауқымының кеңеюiне және құрылымының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны оның құрылымына Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры орталық аппараты қызметкерлерiнiң енгiзiлуi есебiнен 41 адамға ұлғайтылсын. 
      Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi орталық аппаратына арналған қызмет басындағы жеңiл автомобильдер лимитi 2 автомобильге көбейтiлсiн. 
      Орталық аппаратқа берiлетiн қызметкерлер санын және автокөлiктi қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын болып белгiленсiн. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiне қосылған адамдар санын және автокөлiктi ұстауды қаржыландыру iсiн он күн мерзiм iшiнде қамтамасыз етсiн. 
      2. Министрлiктiң орталық аппаратындағы адамдар санына қарай Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрiнiң орынбасары қызметiн қосымша енгiзсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi мен оның жер-жерлердегi органдары Қазақстан Республикасының Зейнетақы қоры кредиттерiн бөлушi болып есептелсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң еңбекақы төлеуге қаржы алу кезiнде Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына беретiн мiндеттi жарнаны уақытында аударып отыруына қатаң бақылау жасау туралы республиканың барлық банктерiне тиiсiнше нұсқау берсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының басқармасы Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржыларын шоғырландыру және оны Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржыларын пайдалану бөлiгiнде кiрiсi шығысынан асатын тұтынушыларға одан әрi жедел қайта бөлу үшiн қажеттi құжаттардың әзiрленiп, қабылдануын қамтамасыз етсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау басқармаларының қарауына берiлген Зейнетақы қоры филиалдарының басқару органдарын қаржыландыру облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен келiсiм бойынша берiлген штат саны қысқартылмай, жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылатыны еске алынсын. 
      7. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiне мемлекеттiк қолдауға зәру топтар есебiн алудың бiрыңғай жүйесiн құру, мемлекеттiк жәрдемақылардың төленуiне жедел бақылау жасау және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерiн шешу үшiн есептеу мен iс техникасын бөлудi көздейтiн болсын.
      8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жылдық болжам жоспарда Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiнiң  қызметкерлерiне тұрғын-үй бөлудi көздейтiн болсын.     

      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады