Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi Үкiметаралық қазақ-венгр комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 5 шiлде N 573. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 18.01.1995 ж. N 62 қаулысымен.

      Үкiметаралық бiрлескен комиссия құру туралы Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Венгр Республикасы Үкiметi арасындағы
Хаттамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы мен Венгр Республикасы
арасында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру және өзара 
тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi дамыту жөнiндегi жұмысты үйлестiру 
мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы 
етедi:
     1. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық
қазақ-венгр комиссиясының қазақ бөлiгi мына құрамда бекiтiлсiн:
                
                   Комиссияның тең төрағасы:
Кулагин С.В.                 - Қазақстан Республикасы
                               Премьер-министрiнiң орынбасары
<*>



                   Комиссияның мүшелерi:
Власов                      - Өнеркәсiп министрiнiң бiрiншi
Виктор Иванович               орынбасары
Үсенов                      - Сауда министрiнiң орынбасары
Алмасбек Садықұлы
Реймер                      - Денсаулық сақтау министрiнiң
Андрей Андреевич              орынбасары
Таусаров                    - Президент пен Министрлер Кабинетi
Жолдасбек Райымұлы            Аппаратының Сыртқы байланыстар
                              бөлiмiнiң референтi
Дүйсебаев                   - Сыртқы iстер министрлiгiнiң басқарма
Бейсенбек Жұмабеқұлы          бастығы
Әкiмов                      - Экономика министрлiгiнiң басқарма
Нұрлан Иманғалиұлы            бастығы
Кувалдина                   - Сыртқы экономикалық байланыстар
Ирина Степанова               министрлiгi басқармасы бастығының
                              орынбасары
Омарбаев                    - "Қазконтракт" республикалық контракт
Кенжебек Омарбайұлы           корпорациясының вице-президентi
Кувальдин И.С.              - Сыртқы экономикалық байланыстар
                              министрлiгiнiң Еуропа елдерiмен
                              сауда-экономикалық байланыстар
                              басқармасы бастығының орынбасары  
                              (комиссияның атқарушы хатшысы)
<*>

     Ескерту. 1-тармағына iшiнара өзгертулер енгiзiлген - ҚРМК-нiң
              23.05.1994 ж. N 554 қаулысымен.
     2. Үкiметаралық комиссияның қазақ бөлiгiне қажет болған
жағдайда тұрақты топтар құру, оның құрамын, жұмысының функциялары
мен негiзгi бағыттарын анықтау құқығы берiлсiн.
     3. Министрлiктер, ведомстволар, облыс, Алматы және Ленинск 
қалаларының әкiмдерi комиссияның қызметiне барынша көмек 
көрсететiн болсын.
            Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi      
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады