Бұрынғы КСР Одағы Республикаларының ақша өлшемдерiнiң бағамын қолданысқа енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсінің қаулысы 1993 жылғы 15 шiлде N 611/1001

      Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының басқа да республикаларының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасындағы есептесулердi тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi шарттар жасасқанда және сауда мәмiлелерiн жүргiзгенде бұрын КСРО-ға кiрген әрбiр республикада өздерiнiң есептi сомдары мен ұлттық валютасының қолданылатындығын, сондай-ақ олардың есептi "қазақстандық соммен" бағаланатын курсын ескеретiн болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Валюта биржасының кезектi саудаластығында қалыптасқан есептi "қазақстандық сомның" курсын Ұлттық банк ресми курс ретiнде бекiтетiн және жаңа курс жарияланғанға дейiн мерзiмдi баспасөз бетiнде жария етiлген сәтiнен бастап қолданылатын болып белгiленсiн.
      3. Ұлттық банкте бұрын КСРО-ге кiрген республикалар валютасының Мемлекеттiк резерв қоры құрылсын.
      Республиканың шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң атына келiп түскен экспорт түсiмiнiң кемiнде 30 процентiн Ұлттық банк осы аталған қорға түсiретiн болып, сонымен бiр мезгiлде ол келiп түскен күнi Ұлттық банк белгiлеген ресми курсы бойынша есептi "қазақстандық сомдық" шоттарда оның тең баламасы көрсетiлетiн болып белгiленсiн.
      Мемлекеттiк резерв қорынан шетел валютасын сатуды Валюта биржасы арқылы Ұлттық банк жүзеге асырады. Шетел валютасын сатып алу үшiн республика төлемшiлерi коммерциялық банкке өтiнiм бередi, ол жиынтық өтiнiмдi кезектi саудаластыққа шығарады. Саудаластық нәтижелерi бойынша сатылған шетел валютасы коммерциялық банктердiң Ұлттық банктегi шоттарына түсiрiледi. Коммерциялық банктер есептi "қазақстандық сомдардың" тиiстi сомасын Ұлттық банктiң шотына аударады.
      Сатып алынған шетел валютасы он жұмыс күнi iшiнде шетелдiк өнiм берушiлермен контракттарды төлеуге пайдаланылуға тиiс. Бұл мерзiм өткеннен кейiн ол мiндеттi түрде ресми курсы бойынша Ұлттық банкке сатылады.
      Есептi валютаны сатып алудың басымдық құқымен экспортқа өнiм шығарушы - шаруашылық жүргiзушi субъектiлер пайдаланады.
      4. Осы қаулыны жүзеге асырудың әдiстемелiк және консультациялық қамтамасыз етiлуiн Ұлттық банк iске асырады.
      5. Осы қаулы 1993 жылғы 15 шiлдеден бастап күшiне енгiзiлсiн.
 

     Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасы

         Премьер-министрi            Ұлттық банкiсi басқармасының

                                              Төрағасы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады