Инвестициялық жекешелендiру қорлары мен олардың басқарушыларына лицензиялар беру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 21 шiлде 1993 ж. N 636. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Инвестициялық жекешелендiру қорларын ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1290 қаулысының 3 тармағына және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1135   Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 633 қаулысымен бекiтiлген Инвестициялық жекешелендiру қорларының, осы қорлар басқарушыларының қызметiне лицензия беру және лицензиялардың күшiн тоқтату және қайтарып алу тәртiбi туралы Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     1. Инвестициялық жекешелендiру қорларына және олардың
басқарушыларына лицензиялар беру жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) мына құрамда құрылсын:
Дуберман Ю.Е.      - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
                     жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының
                     орынбасары, комиссияның төрағасы<*>

Құттыбаева К.С.    - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
                     жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жаппай
                     жекешелендiру жетекшi басқармасының бастығы,
                     комиссия төрағасының орынбасары<*>

Махмутова Н.К.     - Қазақстан Республикасының Жекешелендiру
                     жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жаппай
                     жекешелендiру жетекшi басқармасы купондық
                     сауда бөлiмiнiң бас маманы, комиссияның
                     жауапты хатшысы<*>

                    Комиссия мүшелерi:

Каирова В.К.       - Қазақстан Республикасы Статистика және талдау
                     жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                     макроэкономикалық көрсеткiштер және халық
                     шаруашылығын талдау жөнiндегi жетекшi
                     басқармасының бастығы 

Анцифиров В. Т.    - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
                     жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi
                     ұйымдық-әдiстемелiк басқармасының бастығы

Жанғабаев К. А.    - Қазақстан Республикасы Экономика
                     министрлiгiнiң монополияға қарсы саясат
                     меншiгi бөлiмiнiң бастығы

Ивченко Е. А.      - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi
                     Бағалы қағаздар басқармасының бастығы
                     (келiсiмi бойынша)

Қадырбеков Б. А.   - Қазақстан Республикасы монополияға қарсы
                     саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
                     төрағасының орынбасары

Мұқашев Е. Д.      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
                     экономикалық кеңесшiлер тобының жетекшiсi

Говоров А.С.       - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк
                     жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жаңа
                     экономикалық құрылымдардың жетекшi
                     басқармасының бастығы <*>       
     Ескерту. Өзгерiстер ҚРМК-нiң 1993.10.19. N 1033, 1994 ж. 4 қазан, N 1106 және 1994 ж. 6 желтоқсан N 1378 қаулыларымен енгiзiлген.
     Ескерту. Комиссия құрамына өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң
1995.09.26. N 1287 қаулысымен.
     2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiне құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрiн Комиссия
қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыс органы ретiнде белгiлеу
тапсырылсын.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады