"Мемлекеттiк акционерлiк "Қазақстан жолдары" компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын орындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 5 тамыз N 675. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.11.27. N 1598 қаулысымен.


      "Мемлекеттiк акционерлiк "Қазақстан жолдары" компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 21 маусымдағы N 1251 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк акционерлiк "Қазақстан жолдары" компаниясының (бұдан былай - Компания) Қазақстан Республикасының Көлiк құрылысы министрлiгiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарының негiзiнде құрылғаны және оған республиканың көлiк-жол және көпiр құрылысы жөнiндегi қажетiн қамтамасыз ету, жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары желiсiн дамыту мен жетiлдiру, оның iшiнде оларды жөндеу мен күтiп ұстау жөнiндегi жұмысты үйлестiру, жол қоры қаражатын жинау мен оны тиiмдi пайдалану және жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары мен бұлардағы ғимараттар бойынша тапсырысшы функциясын орындау жүктелгендiгi еске алынсын.
      2. Компанияға жүктелген функцияны жүзеге асыру үшiн оны ұстау көздерi - автомобиль жолдары өндiрiстiк басқармалары бойынша белгiленген нормативтер шегiнде үстеме шығындар сомасынан аударылатын төлемдер делдалдық, коммерциялық және қолданылып жүрген заңға қайшы келмейтiн, бюджеттiк қарым-қатынастарды өзгертпестен, басқа қызмет түрлерiне түсетiн кiрiстер анықталсын.
      3. Компанияға:
      республиканың жол шаруашылығын дамыту мақсатында қажеттi материалдық ресурстарды, жол құрылысы техникасы мен көлiк құралдарын сатып алу үшiн шарт жасасуға және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 19 наурыздағы N 260 қаулысымен (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1992 ж., N 12, 201-бап) бекiтiлген республикалық жол қорының қаражатын пайдалану жөнiндегi қолданылып жүрген ережеге жол қоры қаражаты есебiнен орталықтандырылған төлем жасауды жүргiзуге;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша мемлекетаралық автотасымал үшiн пайдаланылатын жолдарды дамыту жөнiнде үкiметаралық келiсiмдер жасасуға құқық берiлсiн.
    4. Республикалық "Казконтракт" корпорациясы Мемлекеттiк акционерлiк "Қазақстан жолдары" компаниясын жол қоры есебiнен қаржыландырылатын материалдық-техникалық ресурстармен, жол құрылысы техникасымен, жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтiп ұстау үшiн қажеттi жабдықтармен және көлiк құралдарымен қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне қажет болған жағдайда Мемлекеттiк акционерлiк "Қазақстан жолдары" компаниясына кiретiн акционерлiк қоғамдарда "алтын акция" енгiзу және "алтын акцияның" өкiлдiк құқығы жөнiнде контрактылар жасау тапсырылсын.
      "Қазақстан жолдары"компаниясы Компанияға кiретiн акционерлiк қоғамдардың "алтын акциясын" ұстаушы-органы болып табылады деп белгiленсiн.
      6. Салалық министрлiктiң жоқтығын ескерiп және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 21 маусымдағы N 1251 Жарлығымен Компанияға мемлекеттiк қажеттiлiктi қамтамасыз ету функциясының жүктелуiне байланысты, салалық министрлiктiң Байқаушы кеңесiндегi өкiлеттiк квотасы Компания президентiне берiлсiн.
      7. Компания үшiн "Березка" және "Ивушка" мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне, селден қорғау шараларына, жұмылдырушылық әзiрлiк пен азаматтық қорғаныс шараларына республикалық бюджеттен қаржы бөлу сақталсын
      8. Компания үшiн Қазақстан Республикасының бұрынғы Көлiк құрылысы министрлiгiнiң тиiстi лауазым санаттарына қолданылып жүрген әлеуметтiк-тұрмыстық қамту және медициналық қызмет көрсету жағдайлары шарт жасасу негiзiнде сақталсын.
      9. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Мемлекеттiк

акционерлiк "Қазақстан жолдары" компаниясымен бiрлесiп, Үкiметтiң
бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бiр ай мерзiм iшiнде
ұсыныстар енгiзсiн.
     10. Министрлiктер мен ведомстволар екi ай мерзiм iшiнде 
ведомстволық актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
     11. Мыналардың:
     Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы
15 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасы Көлiк құрылысы министрлiгiнiң
мәселелерi" атты N 339 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ,
1992 ж., N 16, 252-бет); 
     Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 9 желтоқсандағы "Транспорт
құрылысы жөнiндегi Қазақ мемлекеттiк "Трансқұрылыс" концернi туралы"
N 771 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

        Қазақстан Республикасының
            Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады