1. "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы мен Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң 40 тонна күмiстi қайта өңдеп, одан дайын зергерлiк бұйымдар жасай отырып, оларды Қазақстан Республикасына беру жөнiнде "Эбир Джевеллери" (Канада) компаниясымен толлинг операциясын өткiзу туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне аталған мақсат үшiн "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамына Мемқазынадан 40 тонна күмiс беру ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамына 40 тонна күмiстi әкетуге және дайын зергерлiк бұйымдарды әкелуге лицензия берсiн.
4. "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы, Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi мен Сауда министрлiгi республиканың алтын қоры мен алмас қоры туралы заңына сәйкес дайындалған зергерлiк бұйымдарға тәуелсiз сараптау жүргiзудi және оларды iшкi, сыртқы нарықта өткiзудi қамтамасыз ететiн болсын.
5. "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы аталған толлинг операциясын қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
6. "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамына зергерлiк бұйымдарды өткiзуден алынған ақшалай қаражатты Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Марқакөл және Тарбағатай аудандарындағы зiлзала аймағының зардаптарын жою жөнiндегi мәселелердi шешу үшiн пайдалануға рұқсат етiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi