"Құрылыс материалдары" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 24 тамыз N 727. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.08.23. N 1161 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдары жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн және жаңа нарықтық құрылымдарды қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Алматы қаласында орналастырылатын құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндiру жөнiндегi кәсiпорындардың, ұйымдар мен акционерлiк қоғамдардың негiзiнде "Құрылыс материалдары" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан былай - Компания) құрылсын.
      2. Компанияға құрылыс материалдары өнеркәсiбi мен құрылыс индустриясында өндiрiстiң теңдестiрiле дамуын жүзеге асыру, аталған саланы дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруға, тұрғын үй нарығын қалыптастыруға қатысу, республиканың құрылыс өнiмдерi мен қызмет көрсетуге деген қажетiн неғұрлым толық қанағаттандыру, сондай-ақ тиянақты пайда алынуын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешу жүктелсiн.
      3. Компания "Құрылыс материалдары" мемлекеттiк-акционерлiк өнеркәсiп концернi мен Қазақ Республикалық "Қазцемент" цемент және асбест-цемент өнеркәсiбi кәсiпорындары концернiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң құқылы мирасқоры деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр айлық мерзiмде қосымшаға сәйкес кәсiпорындардың, ұйымдардың, акционерлiк қоғамдардың құрамында Компания құру жөнiндегi құрылтай құжаттарының пакетiн әзiрлесiн.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Сәулет және құрылыс жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, "Құрылыс материалдары" мемлекеттiк-акционерлiк өнеркәсiп концернiмен, Қазақ республикалық "Қазцемент" цемент және

асбест-цемент өнеркәсiбi кәсiпорындары концернiмен бiрлесiп бiр
айлық мерзiмде Компанияның мүлiктiк кешенiн қалыптастыру жұмысын
аяқтайтын болсын.
     6. Мыналардың күшi жойылған деп саналсын:
     Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Құрылыс материалдары"
мемлекеттiк-акционерлiк өнеркәсiп концернiн құру туралы" 1990 жылғы
28 желтоқсандағы N 547 қаулысы (ҚазССР ҚЖ, 1991 ж., N 5, 38-бап).
     Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 27 желтоқсандағы
N 309 өкiмi. 

       Қазақстан Республикасының 
            Премьер-министрi 
                                           Қазақстан Республикасы
                                           Министрлер Кабинетiнiң
                                          1993 жылғы 24 тамыздағы
                                             N 727 қаулысына
                                                  Қосымша

          "Құрылыс материалдары" мемлекеттiк холдинг компаниясының
                 құрамына енетiн кәсiпорындардың, ұйымдардың,
                           акционерлiк қоғамдардың

                                Т I З Б Е С I
     "Көктас" акционерлiк қоғамы, Ақтөбе облысы, Мұғаджар стансасы.
     "Қазмәрмәр" акционерлiк қоғамы, Алматы облысы, Борандай 
поселкесi   
     "Гипс" акционерлiк қоғамы, Алматы облысы, Заречный поселкесi
     "Мантра"акционерлiк қоғамы, Алматы облысы, Борандай поселкесi
     "Бұланды карьерi" акционерлiк қоғамы, Ақмола облысы, Макин
қаласы
     "Орал құрылыс материалдары өндiрiстiк бiрлестiгi" акционерлiк
қоғамы, Орал қаласы
     "Қарағанды бейруда" акционерлiк-өндiрiстiк бiрлестiгi, 
Қарағанды қаласы
     "Павлодарқұрылыс материалдары" акционерлiк қоғамы, Павлодар
қаласы
     "Силикат" акционерлiк қоғамы, Семей қаласы
     "Пластик" акционерлiк компаниясы, Алматы қаласы
     "Темiр-бетон" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Айнекос" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Павлодар картон-рубероид зауыты" акционерлiк қоғамы,
Павлодар қаласы
     "Жылуприбор" акционерлiк қоғамы, Қарағанды қаласы
     "Сазтөбе цемент зауыты" акционерлiк қоғамы, Оңтүстiк Қазақстан
облысы, Сазтөбе поселкесi
     "Цемент" акционерлiк қоғамы, Семей қаласы
     "Өскемен цемент зауыты" акционерлiк қоғамы, Шығыс Қазақстан
облысы, Октябрь поселкесi
     "Оргтехстром" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     Ақтөбе қабырғалық құрылыс материалдары зауыты, Ақтөбе қаласы
     Ақмола құрылыс материалдары өндiрiстiк бiрлестiгi, Ақмола
қаласы.
     Жамбыл тәжiрибелiк-механика зауыты, Жамбыл қаласы
     Қумалы асбестi кен байыту комбинаты, Жезқазған облысы,
Сәтпаев қаласы
     Жезқазған қабырғалық керамика материалдары зауыты, Жезқазған 
қаласы
     "Темiртау өнеркәсiп-құрылыс индустриясы" комбинаты, Қарағанды
облысы, Темiртау қаласы
     Көкшетау жергiлiктi құрылыс материалдары өндiрiстiк бiрлестiгi,
Көкшетау облысы, Гранитный поселкесi
     Қостанай темiр-бетон бұйымдары комбинаты, Қостанай қаласы
     "Керамика" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң жауапкершiлiгi 
шектеулi серiктестiгi, Павлодар облысы, Ақсу қаласы         
     Шымкент құрылыс материалдары өндiрiстiк бiрлестiгi, Шымкент
қаласы
     Текелi кiрпiш зауыты, Талдықорған облысы, Текелi қаласы
     Көкшетау каолиндi кен байыту комбинаты, Көкшетау облысы,
Бiрлестiк поселкесi
     Құрылыс материалдарын жобалау ғылыми-зерттеу институты,
Алматы қаласы
     "Қарағандыцемент" өндiрiстiк бiрлестiгi, Қарағанды облысы,
Ақтау поселкесi
     Қарағанды асбест-цемент бұйымдары зауыты, Қарағанды облысы,
Ақтау қаласы
     Жамбыл гипс зауыты, Жамбыл қаласы
     Текелi мәрмәр зауыты, Талдықорған облысы, Текелi қаласы
     Майкөл гранит қазу жөнiндегi карьерi, Жамбыл облысы,
Мыңарал стансасы
     "Көктал" кен қазу шағын кәсiпорны, Жамбыл облысы, Көктал
стансасы
     Қордай табиғи тас қазу және ұқсату жөнiндегi зауыты, Жамбыл
облысы, Георгиевка селосы
     Жетiбай ұлутас Қазу және ұқсату жөнiндегi бiрлестiгi, Маңғыстау
облысы, Ескi Жетiбай поселкесi
     Петропавл қабырғалық силикат материалдар зауыты, Петропавл қаласы
     Ақмола керамика комбинаты, Ақмола қаласы
     "Шымкентасбестцемент" ұжымдық кәсiпорны, Шымкент қаласы
     "Ақтауцементжөндеу" мамандандырылған кәсiпорны, Қарағанды облысы,
Ақтау поселкесi
     "Оргпроектцемент" кәсiпорны, Шымкент қаласы
     "Құрылыс материалдары" акционерлiк қоғамы, Қызылорда қаласы                   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады