"Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 26 тамыз N 734. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.03.13. N 248 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы"1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақ мемлекеттiк "Қазмұнайөнiмi" концернiнiң қосымшаға сәйкес бiрлестiктерi мен кәсiпорындары негiзiнде "Мұнай өнiмдерi" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы (бұдан былай - Компания) құрылсын.
      Заңда белгiленген тәртiп бойынша өзiнiң құрамына кiрген бiрлестiктер мен кәсiпорындардың мемлекеттiк мүлкiн басқару құқығы Компанияға берiлсiн. Оларды акционерлендiру дәрежесiне қарай акциялар мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару, Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алудың және жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасында (II кезең) көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататын акциялардың пакетiнен басқасы, Компанияға берiлсiн.
      2. Компания Қазақ мемлекеттiк "Қазмұнайөнiмi" концернiнiң құқылы мирасқоры болып табылады деп белгiленсiн.
      3. Компанияны құрудың және оның қызметiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы мен халқын мұнай өнiмдерiмен жабдықтау деп анықталсын және оған:
      мұнай өнiмдерiн қамтамасыз ету жүйесiн дамытуда бiрыңғай кредит-қаржы және инвестиция саясатын жүргiзу;
      мұнай өнiмдерiн берiп тұруды квоталау мен лицензиялауға қатысу;
      мұнай өнiмдерiн iшкi нарықта сату және жанар-жағар май материалдарын экспортқа берiп тұру процесiн реттеу;
      мұнай өнiмдерiн сақтау мен өткiзу кезiнде экологиялық және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      мұнай өнiмдерi құбыры көлiгiнiң жүйесiн дамыту жүктелсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен, Қазақ мемлекеттiк "Қазмұнайөнiмi" концернiмен бiрлесiп Компанияның құрылтай құжаттарын белгiленген тәртiп бойынша бекiтсiн.
      5. Мемлекеттiк бiрлестiктер мен кәсiпорындардың шегiнде, мұнай өнiмi құбыры көлiгiнiң кәсiпорындарынан басқасы, акционерлендiруге жатады, бiрлестiктердiң құрамына кiретiн және жеке көлiк иелерiне қызмет көрсететiн, Қазақстан Республикасының халық шаруашылығы үшiн маңызды мәнiсi жоқ автомобильге май құятын стансалардың бiр бөлiгi Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiне алудың және жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасына сәйкес (шағын жекешелендiру шегiнде) жекешелендiрiледi.
      6. Компания басқармасының тұратын жерi Алматы қаласы деп

белгiленсiн.
     7. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ мемлекеттiк 
"Қазмұнайөнiмi" концернiн құру туралы" 1990 жылғы 29 желтоқсандағы
N 565 қаулысының (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 6, ст. 44) күшi 
жойылған деп танылсын.                     

        Қазақстан Республикасының
            Премьер-министрi
                                         Қазақстан Республикасы
                                         Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 26 тамыздағы
                                           N 734 қаулысына
                                               Қосымша

         Мемлекеттiк акционерлiк "Мұнай өнiмдерi" компаниясы
          құрамына кiретiн бiрлестiктер мен кәсiпорындардың

                            Т I З I М I
Ақмола мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi 
"Ақмоламұнайөнiмдерi", Ақмола қаласы
Ақтөбе мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi 
"Ақтөбемұнайөнiмдерi", Ақтөбе қаласы
Алматы мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi 
"Алматымұнайөнiмдерi", Алматы қаласы
Атырау мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi
"Атыраумұнайөнiмдерi", Атырау қаласы
Шығыс Қазақстан мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi
"Шығыс Қазақстанмұнайөнiмдерi", Өскемен қаласы
Жамбыл мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi 
"Жамбылмұнайөнiмдерi", Жамбыл қаласы
"Жезқазғанмұнайөнiмдерi", Жезқазған қаласы
Қарағанды мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi
"Қарағандымұнайөнiмдерi", Қарағанды қаласы
Қызылорда мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi
"Қызылордамұнайөнiмдерi", Қызылорда қаласы
Көкшетау мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi
"Көкшетаумұнайөнiмдерi", Көкшетау қаласы
Қостанай мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi
"Қостанаймұнайөнiмдерi", Қостанай қаласы
Маңғыстау мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi
"Маңғыстаумұнайөнiмдерi", Ақтау қаласы
Павлодар мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi
"Павлодармұнайөнiмдерi", Павлодар қаласы

Солтүстiк Қазақстан мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi "Солтүстiк Қазақстанмұнайөнiмдерi", Петропавл қаласы Семей мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi "Семеймұнайөнiмдерi", Семей қаласы Талдықорған мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi "Талдықорғанмұнайөнiмдерi", Талдықорған қаласы Орал мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi "Оралмұнайөнiмдерi", Орал қаласы Торғай мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi "Торғаймұнайөнiмдерi", Арқалық қаласы Шымкент мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету бiрлестiгi "Шымкентмұнайөнiмдерi", Шымкент қаласы Мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз етудi автоматтандыру өндiрiстiк бiрлестiгi "Мұнайөнiмiнавтоматтандыру", Алматы қаласы "Қазмұнайқұрылысы" жобалау-құрылыс бiрлестiгi, Алматы қаласы Қостанай мұнай өнiмдерiн тасымалдау кәсiпорны

"Қостанаймұнайтасымалдау", Қостанай қаласы
Петропавл мұнай өнiмдерiн тасымалдау кәсiпорны 
"Петропавлмұнайтасымалдау", Петропавл қаласы
Орал мұнай өнiмдерiн тасымалдау кәсiпорны "Оралмұнайтасымалдау",
Орал қаласы
"Мұнайприбор" тәжiрибе заводы, Алматы қаласы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады