"Қуат" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 31 тамыз N 749. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.14. N 1725 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Шина және резеңке техникасы өнеркәсiбiнiң қосымшаға сәйкес кәсiпорындары негiзiнде "Қуат" мемлекеттiк холдинг компаниясы құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      белгiленген тәртiппен Компания құрамына енгiзiлген кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын, сондай-ақ акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын "Қуат" компаниясына беретiн болсын.
      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерлiк қоғамдарға қайта құрылу дәрежесiне қарай акциялардың тиiстi мемлекеттiк бақылау пакеттерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататын акциялар пакетiнен басқасы, Қазақстан Республикасында Мемлекет иелiгiнен алудың және жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiп бойынша "Қуат" компаниясының иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiледi деп белгiленсiн.
      бiр айлық мерзiмде құрылтай құжаттарының пакетiн әзiрлесiн;
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде "Қуат" компаниясының мүлiктiк кешенiн қалыптастыру жөнiндегi жұмысты әзiрлейтiн болсын.
      3. "Қуат" компаниясына:
      Компанияға енгiзiлген кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың қызметiн үйлестiру;
      нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайында ғылыми-өндiрiстiк әлеуметтi тиiмдi пайдалану;
      қолда бар қаржы мен материалдық ресурстарға сүйенiп,

Компанияға енгiзiлген барлық ұйымдардың техникалық дамуына 
жәрдемдесу жүктелсiн.
     4. "Қуат" мемлекеттiк холдинг компаниясының орналасатын жерi
Шымкент қаласы деп анықталсын.
     5. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi, мемлекеттiк мүлiк
жөнiндегi аумақтық комитет компанияның атқарушы аппаратын 
орналастыру үшiн қажеттi қызметтiк үй-жай бөлсiн, ал Қазақстан
Республикасының Байланыс министрлiгi оны техникалық құралдармен
телефон және телекс байланысы арналарымен қамтамасыз етсiн.
            Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 31 тамыздағы
                                           N 749 қаулысына 
                                            Қосымша
            "Қуат" мемлекеттiк холдинг компаниясының
            құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдардың,
                  кәсiпорындар мен ұйымдардың
                        Тiзбесi

     "Шымкентшина" акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы
     "Қарағандырезеңкетехника" жалгерлiк өндiрiс бiрлестiгi,
Қарағанды облысының Сарань қаласы
     Шымкент шина жөндеу зауыты, Шымкент қаласы
     Қостанай шина жөндеу зауыты, Қостанай қаласы
     Павлодар шина жөндеу зауыты, Павлодар қаласы
     Қарағанды шина жөндеу зауыты, Қарағанды облысының Ақтас
қаласы
     "Прогресс" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi (Шымкент 
жөндеу-механика зауыты), Шымкент қаласы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады