"Химпром" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 31 тамыз 1993 ж. N 750. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.10.26. N 1383 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн және химия мен мұнай химиясы кешендерiнiң өндiрiс қуатын және ғылыми-техникалық әлеуетiн дамыту, ғылымға сүйенетiн және жоғары технологиялық өнiм түрлерiн өзiнiң шикiзат базасы негiзiнде шығаратын жаңа өндiрiстер құру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Химия және мұнай химиясы кешендерiнiң осыған тiркелген қосымшаға сәйкес кәсiпорындары негiзiнде "Химпром" мемлекеттiк холдинг компаниясы құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      белгiленген тәртiппен Компания құрамына енгiзiлген кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлiк иелену, пайдалану және басқару хұқығын, сондай-ақ акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару хұқығын "Химпром" компаниясына беретiн болсын.
      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерлiк қоғамдарға қайта құрылу дәрежесiне қарай акциялардың тиiстi мемлекеттiк бақылау пакеттерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататын акциялар пакетiнен басқасы, Қазақстан Республикасында Мемлекет иелiгiнен алудың және жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезеңi) арналған Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiп бойынша "Химпром" компаниясының иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiледi деп белгiленсiн;
      бiр айлық мерзiмде құрылтай құжаттарының пакетiн әзiрлесiн;
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде "Химпром" компаниясының мүлiктiк кешенiн қалыптастыру жөнiндегi жұмысты әзiрлейтiн болсын.
      3. "Химпром" компаниясына:
      Компанияға енгiзiлген кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың қызметiн үйлестiру;
      нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайында ғылыми-өндiрiстiк әлеуеттi тиiмдi пайдалану;
      қолда бар қаржы мен материалдық ресурстарға сүйенiп, Компанияға енгiзiлген барлық ұйымдардың техникалық дамуына жәрдемдесу;
      мемлекеттiк басқару органдарының инвестициялық саясатын жүргiзу;
      Компанияның құрамына енгiзiлген шаруашылық жүргiзетiн

субъектiлер арасында өзара тиiмдi ынтымақтастықтың дамуын 
қамтамасыз ету жүктелсiн.
     4. "Химпром" мемлекеттiк холдинг компаниясының орналасатын
жерi Алматы қаласы деп анықталсын.
     5. Алматы қаласының әкiмi, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi Алматы
қалалық аумақтық комитетi Компанияның атқарушы аппаратын 
орналастыру үшiн қажеттi қызметтiк үй-жай бөлiп, оны техникалық
құралдармен, телефон және телекс байланысы арналарымен қамтамасыз 
етсiн.
            Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 31 тамыздағы
                                            N 750 қаулысына  
                                              Қосымша
            "Химпром" мемлекеттiк холдинг компаниясының
              құрамына енгiзiлетiн кәсiпорындардың
                       Т I З Б Е С I

     "Ақтауполимер" акционерлiк қоғамы, Маңғыстау облысының Ақтау 
қаласы  
     Рудный химия талшығы зауыты, Қостанай облысының Рудный
қаласы
     "Карбид" өндiрiс бiрлестiгi, Қарағанды облысының Темiртау 
қаласы
     "Химпром" өндiрiс бiрлестiгi, Павлодар қаласы
     Ақтөбе хром қосындылары зауыты, Ақтөбе қаласы
     "Дендер" өндiрiс бiрлестiгi, Атырау облысының Индербор 
поселкесi
     "Қазхимреактив" химия реактивтерiмен жабдықтау және өткiзу
жөнiндегi кәсiпорын, Алматы қаласы
     "Қазхимжөндеу" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Фосфохим" өндiрiс бiрлестiгi, Ақтөбе облысының Алға қаласы
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады