Қазақстан Республикасында бiрыңғай радиациялық медицина жүйесiн құру туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 3 қыркүйек 1993 ж. N 782
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi мен Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi ұлттық акционерлiк компанияның (КАТЭП) республикада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң құрамында бiрыңғай радиациялық медицина жүйесiн құрып, оған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң радиациялық медицина бөлiмiн, атом энергетикасы мен өнеркәсiбi кәсiпорындарының және Қазақ радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының 10 медициналық-санитарлық бөлiмiн қосып беру туралы Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1994 жылдан бастап облыстарда орналасқан атом энергетикасы мен өнеркәсiбi кәсiпорындарының медициналық-санитарлық бөлiмдерi республикалық бюджеттен қаржыландырылуын жүзеге асырсын.
Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi ұлттық акционерлiк компанияның өзiне қызмет көрсететiн медициналық-санитарлық бөлiмдердiң үйлердi, ғимараттарды, көлiктi күтiп ұстауында, осы заманғы жабдықтар мен медикаменттер сатып алуында көмек көрсетуге келiсетiнi еске алынсын.
3. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi атом энергетикасы мен өнеркәсiбi кәсiпорындарының медициналық-санитарлық бөлiмдерiнiң құрамында медициналық-әлеуметтiк сараптық комиссияларды сақтап, оларды Республикалық медициналық-әлеуметтiк сараптық комиссияға бағындыратын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi ұлттық акционерлiк компания Қазақстан Республикасы Кәсiподақтары Федерациясы кеңесiмен бiрлесiп, радиациялық әсерiне душар болған еңбекшiлердi сауықтыру бағдарламасын әзiрлесiн. Ұлттық шешiмiн талап ететiн мәселелер бойынша келiсiлген ұсыныс енгiзетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз